Жылап отырған қыз

Қыз еңіреп жылады алып қашу кезіндегі видео жұрттың ашуына тиді

5574
Қырғызстанда түсірілген видео желі қолданушыларының ызасына тиді. Полиция тексеріс жүріп жатқанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қырғызстандықтар әлеуметтік желіде алып қашу кезінде түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр. Телеграм каналында жарияланған видеода қызды күштеп тұрмысқа беріп жатқаны жазылған.

Талас облысы ішкі істер басқармасында тексеріс аяқталғанға дейін нақты шешім қабылдауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Кадрлар адам толы бөлмеде түсірілген. Музыка ойнап тұр. Жиналғандардың бәрі күліп, мәз-мейрам. Тек бір қыз ғана еңіреп жылап отыр. Әйелдер оны жібермей, жан-жақтан ұстап алған. Видеоның Таласта түсірілгені жазылған.

Тағы оқыңыз: Қалыңдығын алып қашпақ болған жігіт ел алдында ұятқа қалды - видео

Талас облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі милиция видеоны тексеріп жатқанын айтты.

"Бұл факті бойынша тексеріс жүріп жатыр. Таласта болса, шу шығатын еді. Бірақ, әрине, әлі нақты еш нәрсе айта алмаймыз",  - деді баспасөз қызметінде.

5574
Кілт сөздер:
видео, қыз алып қашу, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Алып қашып, зорлады: шымкенттік 19 жастағы бойжеткен "күйеу жігіт" туралы айтып берді
Танымайтын адамға күйеуге шығудан бас тартқан қызды бір топ адам аяусыз ұрды
Көкшетауда қыздарды алып қашып, секс-құлдыққа салған екі адам сотталды
Жамбыл облысынан қыз алып қашқан түркістандық төрт жігіт сотталып кетті
Қызылордада қыз алып қашқан жігіттер сотталды
Таразы, архивтегі сурет

134 кг болған: жас жігіт 60 келі артық салмақтан арылды видео

789
Бір жыл бұрын бұл жігіттің салмағы 134 келі болған. Алайда ол бар болғаны бір жыл ішінде алпыс келіге арықтады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қырғызстандық Орозбек Мейманбек уулуның салмағы бір жыл бұрын 134 келі болған. Ол өзі артық салмақтан арылып, өзгелерге үлгі болып жүр.

Жігіт жас кезінде арық болған, алайда 5-сыныпта салмақ қоса бастады. 16 жасында 93 келі, бірер жылдан соң салмағы 134 келіге жетті, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Орозбектің айтуынша, артық салмақ салдарынан тыныс алу қиындаған. Қозғалып, дұрыс ұйықтаудың өзі арманға айналған. Сол кезде жігіт спортзалға барамын деп шешті. 

"Бәрі дұрыс тамақтанбау салдарынан туындады деп ойлаймын. Мен фастфудты көп жедім... Бастапқыда жаттығу қиын болды, сүйектерім ауырды. Кейін дәрумендер іше бастадым. Алғашқы айда 13 келіге арықтадым, бірден өзіме деген сенім пайда болды", - дейді Орозбек.

Жігітке пауэрлифтингтен Қырғызстанның абсолютті чемпионы - кәсіби бапкер, бодибилдингтен Азия чемпионы Келдибек Атайбек уулу көмектесіп жүр.

Чемпион жаттықтырған адамдар ішінде арықтау көрсеткіші бойынша Орозбек рекорд орнатты. Жаттықтырушының айтуынша, жігіт өзі ғана артық салмақтан арылып қана қоймай, өзгелерге үлгі болып жүр.

"Мен арықтаған кезде анам қатты қуанды. Туыстарым мен достарым өте таңғалды. Жастардың көп уақыты телефон мен компьютерге кетеді. Күніне бір сағатты жаттығуға арнасаңыз тиімділігі мен пайдасы көп болады", -  деді Орозбек.

Енді ол тағы біршама арықтап, әскерге бармақ. Бұдан соң Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің академиясына оқуға түсуді жоспарлап отыр.

789
Кілт сөздер:
жас жігіт, видео, артық салмақ
Тақырып бойынша
"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді
"Өзімді басқаша сезінемін": жігіт 3 жылда адам танымастай өзгеріп кетті - фото
Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты
Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты
110 келіге арықтады: белгілі дәрігер салмақтан арылудың бірегей тәсілі туралы айтты
Қырғызстандағы сайлау, архивтегі фото

Қырғызстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

370
(Жаңартылды 14:03 24.10.2020)
Елдің орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарында өткізу туралы шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Біз кеше президент әкімшілігінің басшылығымен конституциялық заңның талаптары жайлы сөйлестік, оған сәйкес бұл сайлау ОСК және басқа да органдардың қандай да бір шешімінсіз-ақ тағайындалған болып саналады. Конституцияда солай жазылған. Біз тек күнді белгіледік", - деді ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекова.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанның экс-премьеріне іздеу жарияланды

Айта кетейік, осы күні Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауын өткізу жоспарланып отыр.

370
Кілт сөздер:
Қырғызстан, президент сайлауы
Тақырып бойынша
Қырғызстан азаматтары Қазақстанға заңсыз өтпек болды
Тоқаев: Жээнбеков – Қырғызстанның легитимді президенті
Отбасымен қамауға алынды: Қырғызстанның экс-президентіне қатысты ақпарат тарады
Қырғызстан премьері президент міндетін атқаратын болды
Қазақстан сыртқы істер министрі Қырғызстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Установка музыкальных шумовых полос на трассе Нур-Султан - Щучинск

Қазақстанда "әуендететін" жол салынды

0
(Жаңартылды 22:04 28.10.2020)
Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру мен шаршау салдарынан болатын жол апатын азайтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. "Нұр-Сұлтан – Щучинск" автомобиль жолында музыкалық шу жолақтары орнатылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.

Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған.

"Жобаны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді", - делінген хабарламада.

"Әуендететін" жолдар жүргізушілерге төтенше қауіпті учаскелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағымен сағатына 90 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді.

Эксперименттің нәтижесі бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ алдағы жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.

Оқи отырыңыз: "Нұр-Сұлтан – Щучинск" ақылы жол уческесінде көпір қирағалы тұр – видео 

Айта кетейік, шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу салдарынан болатын жол апатын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің сергіп алуына көмектеседі.

0
Кілт сөздер:
жол, музыка
Тақырып бойынша
Мамин Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты тапсырма берді
Алматыны қай жолдар арқылы айналып өтуге болады - карта әзірленді
Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео
Шымкент – Жібек жолы трассасы ақылы болады