Көлік дөңгелегі

"Мақтаншақ": әйелі мен келініне қымбат сыйлық тарту еткен әртіс сынға ұшырады

18148
Әртіс келініне Малибу-2, ал әйеліне - BMW X7 көлігін сыйлаған. Видео әлеуметтік желіде тарап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар - Sputnik. Өзбекстандық әнші Рашид Холиков отбасына сыйлық сыйлаймын деп жұрттың ашуына тиді. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Әртіс ата атанғанына риза болып, отбасына осындай сыйлық жасаған екен. Алайда әнші бірден сынға ұшырады.

Өзбекстандықтар оны "мақтаншақ" деп атады. Ал енді бірі салықшылар әртістің табысын тексеруі тиіс дегенді айтты.

Тағы оқыңыз: Айнұр Тұрсынбаеваның аста-төк тойы: гауһар тасты әшекейден бастап көлікке дейін - видео

Еске салсақ, өзбекстандық жұлдыздар жеке өмірін көрсете бермейді. Қарапайым халық олардың қалай өмір сүретінін білмейді.

18148
Кілт сөздер:
көлік, келін, сыйлық, әйел, әртіс
Тақырып бойынша
"Ренжитін аталар пайда болды": қазақ халқы туған күнді неге тойламаған?
Әйеліне сыйлық жасаған ер адамның өмірі әп-сәтте өзгеріп шыға келді
Назарбаевқа - қылыш, Қарақатқа - әшекей: танымал зергер бұйымдарының құны туралы айтты
Танымал әртіс даяшы қыздарға 20 мың доллар шайпұл қалдырып кетті
Алматыда әйелін соққыға жыққан әртіс қамауға алынды
Архивтегі фото

Қырғызстанда зауытты тартып алмақ болған депутат ұсталды видео

4002
(Жаңартылды 16:09 16.01.2021)
Дүйсен Төреқұлов сот органдары өкілдерімен және жеке тұлғалармен қылмыстық келісім жасады деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаты Дүйсен Төреқұлов сыбайлас жемқорлық және Ош қаласында орналасқан былғары өңдеу зауытын рейдерлік жолмен тартып алу ісі аясында ұсталды, деп хабарлады елдің ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.  

"Тергеу қылмыстық істің айыпталушыларынан Жогорку Кенеш депутаты Дүйсен Төреқұловтың сот органдары өкілдерімен және жеке тұлғалармен аталған зауытты рейдерлік жолмен тартып алуға бағытталған қылмыстық келісім жасағаны туралы бұлтартпайтын дәлел және тікелей түсініктеме алды", - делінген хабарламада.

Төреқұловқа Қырғызстан Қылмыстық кодексінің "Сыбайлас жемқорлық" бабында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған.  

Бішкектің Первомай аудандық соты оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Қырғызстан Конституциясына сәйкес, Жогорку Кенеш депутатын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін парламентарийлердің көпшілігі келісім беруі керек. 

"Кім екенімді білесің бе?": экс-депутаттың ерсі қылығы видеоға түсіп қалды 

Төреқұлов 2017 жылдың қаңтарында "Бір Бол" фракциясынан парламент депутаты болып сайланған. Бұған дейін ол кәсіпкерлікпен айналысып, кеденде және Ош әкімдігінде жұмыс істеген.   

4002
Кілт сөздер:
видео, депутат, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Оралда катер басын шауып кеткен әйелдің туыстары депутаттың ұлын кешірді
Депутат түнгі клубта жанжал шығарып, адамдарды соққыға жықты
Оралда адам өліміне байланысты депутаттың ұлы ұсталды
Қазақстанда сотталған қырғыздың экс-депутаты бостандыққа шықты
Индонезиядағы жер сілкінісі

Индонезияда жер сілкінісі болып, дәрігерлер мен науқастар үйінді астында қалды

53
Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалды 

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет жер асты дүмпуі болып, салдарынан жеті адам көз жұмды.

Землетрясение в Индонезии
© REUTERS / BASARNAS SULBAR
Индонезияда жер сілкінісі болды

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Индонезияда 5,7 және 6,2 магнитудалы екі жойқын жер сілкінісі болды. Бұған дейін 3 адам қаза тауып, 24 адам жараланғаны туралы ақпарат таратылған болатын.

Землетрясение в Индонезии
© REUTERS / BASARNAS SULBAR
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар

Индонезияның метеорология және геофизика агенттігі жер сілкіністерінен кейін елде кемінде 26 афтершок, яғни кейінгі дүмпу болғанын мәлімдеді. Агенттік тағы бір қуатты жер сілкінісі болса, оның салдарынан цунами таралу қаупі бар екенін айтты.

Землетрясение в Индонезии
© REUTERS / ANTARA FOTO
Қиранды астында қалған көлік

Сондай-ақ, жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.

53
Кілт сөздер:
жер сілкінісі, Индонезия
Тақырып бойынша
Калифорнияда 20 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болды – қорқынышты видео
Грекиядағы жер сілкінісі: жарты жылға төтенше жағдай жарияланды
Қырғызстанда 3,5 балдық жер сілкінісі болды
Түркиядағы жер сілкінісі: үйінді астында 33 сағат жатқан ер адам тірі қалды
Түркиядағы жер сілкінісі: апат орнынан түсірілген жантүршігерлік суреттер
Архивтегі фото

Павлодар облысы әкімдігінде қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді

0
Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.

"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.

Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды. 

Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді 

Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.

0