Сооронбай Жээнбеков

Қырғызстандағы дүрбелең: президент Жээнбековтің қайда екені белгілі болды

4893
(Жаңартылды 10:52 06.10.2020)
Кеше Ала-Тоо алаңында оппозицияның наразылық акциясы өтті. Парламент сайлауының алдын ала қорытындысымен келіспейтіндер жиналды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкектен кеткен жоқ. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Толғанай Стамалиева мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан. 

Бұған дейін мемлекет басшысының астанадан кетіп қалғаны туралы хабар тараған болатын. Бірақ оның баспасөз хатшысы ол ақпаратты жоққа шығарды. 

"Қазіргі кезде ол Бішкекте", - деді Стамалиева. 

Оның айтуынша, ел президенті парламент сайлауының қорытындысын жоюға дайын. Осыған байланысты орталық сайлау комиссиясына тиісті тапсырма берді. 

"Президент парламент сайлауынан кейін елді бейбіт әрі құқықтық арнаға түсіруге бар күш-жігерін салып жатыр. Мемлекет басшысы қазіргі жағдайды ескере отырып, орталық сайлау комиссиясына тәртіп бұзушылықтарға қатысты барлық материалды зерделеп шығуға кеңес беріп отыр. Парламент сайлауының қорытындысын жоюға дейінгі шаралар қолға алынады", - деп атап көрсетті Стамалиева.

Айта кетейік, кеше Ала-Тоо алаңында оппозицияның наразылық акциясы өтті. Парламент сайлауының алдын ала қорытындысымен келіспейтіндер жиналды. Олар "Ақ үйге" кірмек болғанда, халық пен милиция арасында қақтығыс басталды. Митингіге шыққандар түнде президент аппараты мен "Жогорку Кенеш" парламенті отыратын "Ақ үйге" басып алды. 

Артынан наразылыққа шыққандардың бір бөлігі Алмазбек Атамбаевты босату үшін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне аттанды. Оны босатып, Ала-Тоо алаңына жеткізді. Митингке шыққандар бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковты да босатты. 

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков әкімшілігі ол түнгі 02.00-ге дейін "Ақ үйде" болып, митингіге шыққандармен келіссөз жүргізгенін мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Қырғызстандықтар "Ақ үйді" басып алып, Атамбаевты босатты - видео

4893
Кілт сөздер:
Сооронбай Жээнбеков, президент, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Атамбаевтың әйелінің интернетте тараған суреті желіде қызу талқыға түсті
Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы нашарлап кетті
Атамбаев ұлының аса қатыгездікпен соққыға жығылғаны рас па – министрлік жауабы
Екі күндік операция: Атамбаев қалай ұсталды?
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев ауруханаға түсті
Садыр Жапаров

Қырғызстан премьері президент міндетін атқаратын болды

100
Премьер-министр қызметіне кіріскен Садыр Жапаров парламент спикері президент міндетін атқарудан бас тартқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан — Sputnik. Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев президент міндетін атқарудан бас тартты, деп мәлімдеді Ескі алаңда митингіге шыққандармен кездескен премьер-министр Садыр Жапаров.

"Президент өкілеттілігі маған тапсырылды", - деді үкімет басшысы. 

Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті болған Сооронбай Жээнбеков бүгін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

Президент отставкаға кеткенде Қырғызстан президенті міндетін Жогорку Кенеш спикері атқаратынын жазған болатынбыз.

100
Тақырып бойынша
Сандарды "сөйлеткен" Құралай Бақытқызы Қырғызстандағы тұрақсыздықтың себебін болжады
Тоқаев пен Путин Қырғызстандағы оқиға жөнінде сөйлесті
БҰҰ Бас хатшысы Қырғызстандағы жағдайға түсініктеме берді
Ақорда Қырғызстандағы оқиға туралы бірлескен мәлімдемені жариялады
Қырғызстандағы дүрбелең басталған бір аптада қандай оқиғалар болды?
Қырғызстан туы

Жээнбеков отставкаға кетеді: Қырғызстан президенті міндетін кім атқарады

63
(Жаңартылды 16:43 15.10.2020)
Бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін мәлімдеді. Елдің басты заңы бойынша президент өкілеттігі тоқтаған күннен бастап үш ай ішінде сайлау өтеді

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін жариялады. Жаңа мемлекет басшысы сайланғанша Конституция бойынша оның қызметін Жогорку Кенештің төрағасы атқарады, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

"Президент өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа президент сайланғанға дейін оның өкілетін Жогорку Кенеш төрағасы атқарады", - делінген Қырғызстанның Конституциясында.

Бұл қызметті кеңес төрағасы атқара алмайтын жағдайда президент өкілеттігі премьер-министр немесе министрлер кабинеті басшысының міндетін атқарушы орындайды.

Сондай-ақ, елдің басты заңы бойынша президент өкілеттігі тоқтаған күннен бастап үш ай ішінде сайлау өтеді.

Осы орайда президент өкілетін атқаратын адам Жогорку Кенеште мерзімінен бұрын сайлау уақытын бекітуге, үкіметті отставкаға жіберуге, мемлекет басшысы лауазымына кандидат болуға құқығы жоқ.

Спикер Жогорку Кенеша Канат Исаев
Sputnik
Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Қанат Исаев

Айта кетейік, 15 қазанда Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ал Қанат Исаев бірнеше күн бұрын Жогорку Кенештің спикері лауазымына сайланған болатын.

Жээнбековтің отставкаға кетуі үшін митингіге шыққандар парламенттің таратылуын да талап етіп отыр.

63
Кілт сөздер:
отставка, президент, Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Сандарды "сөйлеткен" Құралай Бақытқызы Қырғызстандағы тұрақсыздықтың себебін болжады
Ақорда Қырғызстандағы оқиға туралы бірлескен мәлімдемені жариялады
Тоқаев пен Путин Қырғызстандағы оқиға жөнінде сөйлесті
Қырғызстан президенті отставкаға кететінін мәлімдеді
Қырғызстанда арнайы қызметтер жаңа басшыға бағынбай, ғимараттан шығарып жіберді
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

0
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

0