Әлем

Бішкекте наразылық білдірушілер төбелесті – бес адам жарақат алды

© Sputnik / Табылды КадырбековСитуация в Кыргызстане после парламентских выборов
Ситуация в Кыргызстане после парламентских выборов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бішкектің орталығында екі топқа бөлінген наразылық білдірушілер арасындағы қақтығыс кезінде бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Ұлттық госпитальге бес зардап шегуші түсті, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наразылық білдірушілер 9 қазанда Бішкектегі Ала-Тоо алаңына жиналды – қатысушылар екі топқа бөлінді. Олардың бірі Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты, екінші топ оппозиция премьер-министр қызметіне ұсынған Садыр Жапаровтың жақтастарын қолдады.

Наразылық акциясына қатысушылар арасында төбелес болды. Орталық алаңда қару дауысы естілді, тас лақтырылды.

"Ата Мекен" партиясы өкілдерінің бірі Тілек Тоқтоғазиевтің жарақат алғаны белгілі болды.

Наразылық білдірушілер не талап етті

Садыр Жапаровтың жақтастары бұған дейін Ескі алаңда жиналып, саясаткерді үкімет басшысы етіп тағайындауды талап еткен болатын.

Осы кезде Ала-Тоо алаңына Алмазбек Атамбаев пен Өмірбек Бабанов бастаған шерушілер легі келді. Олар парламенттен лайықты премьер-министрді сайлауды және билікке ұйымдасқан қылмыстық топты араластырмауды талап етті. Бұл лекке басқа митингілерге қатысушылар қосылды.

Атамбаевқа қастандық жасалды

Куәгерлер Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың көлігіне оқ атылғанын хабарлады. Осы сәт видеоға түсіп қалған. Кейінірек Атамбаев өзіне қарсы атыс қаруы қолданылғанын айтты. Бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың көлігіне де оқ атылды.

Бішкектегі төтенше жағдай: қандай тыйым күшіне енді

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ел астанасында жаппай тәртіпсіздік болуы мүмкін деген қауіппен төтенше жағдай режимін енгізді.

Жарлық 9 қазанда Бішкек уақыты бойынша сағат 20:00-де күшіне енді.

"Төтенше жағдай жаппай тәртіпсіздіктің зорлық-зомбылық және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне байланысты енгізіледі", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай режимі шамамен екі аптаға, 21 қазан сағат 08:00-ге дейін созылады.

Қырғызстан президенті ішкі істер министрінің орынбасары Алмаз Оразалиевті ел астанасының коменданты етіп тағайындады. Сонымен қатар Жээнбеков Бішкекке әскер кіргізіп, блок бекеттер қоюды бұйырды.

Жаңалықтар
0