Қырғызстан туы

Жээнбеков отставкаға кетеді: Қырғызстан президенті міндетін кім атқарады

63
(Жаңартылды 16:43 15.10.2020)
Бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін мәлімдеді. Елдің басты заңы бойынша президент өкілеттігі тоқтаған күннен бастап үш ай ішінде сайлау өтеді

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін жариялады. Жаңа мемлекет басшысы сайланғанша Конституция бойынша оның қызметін Жогорку Кенештің төрағасы атқарады, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

"Президент өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа президент сайланғанға дейін оның өкілетін Жогорку Кенеш төрағасы атқарады", - делінген Қырғызстанның Конституциясында.

Бұл қызметті кеңес төрағасы атқара алмайтын жағдайда президент өкілеттігі премьер-министр немесе министрлер кабинеті басшысының міндетін атқарушы орындайды.

Сондай-ақ, елдің басты заңы бойынша президент өкілеттігі тоқтаған күннен бастап үш ай ішінде сайлау өтеді.

Осы орайда президент өкілетін атқаратын адам Жогорку Кенеште мерзімінен бұрын сайлау уақытын бекітуге, үкіметті отставкаға жіберуге, мемлекет басшысы лауазымына кандидат болуға құқығы жоқ.

Спикер Жогорку Кенеша Канат Исаев
Sputnik
Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Қанат Исаев

Айта кетейік, 15 қазанда Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ал Қанат Исаев бірнеше күн бұрын Жогорку Кенештің спикері лауазымына сайланған болатын.

Жээнбековтің отставкаға кетуі үшін митингіге шыққандар парламенттің таратылуын да талап етіп отыр.

63
Кілт сөздер:
отставка, президент, Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Сандарды "сөйлеткен" Құралай Бақытқызы Қырғызстандағы тұрақсыздықтың себебін болжады
Ақорда Қырғызстандағы оқиға туралы бірлескен мәлімдемені жариялады
Тоқаев пен Путин Қырғызстандағы оқиға жөнінде сөйлесті
Қырғызстан президенті отставкаға кететінін мәлімдеді
Қырғызстанда арнайы қызметтер жаңа басшыға бағынбай, ғимараттан шығарып жіберді
Садыр Жапаров

Қырғызстан премьері президент міндетін атқаратын болды

100
Премьер-министр қызметіне кіріскен Садыр Жапаров парламент спикері президент міндетін атқарудан бас тартқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан — Sputnik. Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев президент міндетін атқарудан бас тартты, деп мәлімдеді Ескі алаңда митингіге шыққандармен кездескен премьер-министр Садыр Жапаров.

"Президент өкілеттілігі маған тапсырылды", - деді үкімет басшысы. 

Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті болған Сооронбай Жээнбеков бүгін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

Президент отставкаға кеткенде Қырғызстан президенті міндетін Жогорку Кенеш спикері атқаратынын жазған болатынбыз.

100
Тақырып бойынша
Сандарды "сөйлеткен" Құралай Бақытқызы Қырғызстандағы тұрақсыздықтың себебін болжады
Тоқаев пен Путин Қырғызстандағы оқиға жөнінде сөйлесті
БҰҰ Бас хатшысы Қырғызстандағы жағдайға түсініктеме берді
Ақорда Қырғызстандағы оқиға туралы бірлескен мәлімдемені жариялады
Қырғызстандағы дүрбелең басталған бір аптада қандай оқиғалар болды?
ЕАЭО елдерінің тулары

ЕАЭО елдері мен Қытай "Үлкен Еуразия" идеясын жүзеге асыра алады - Лавров

42
Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қытай "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасы арқылы еуразиялық интеграция жобаларын үйлесімді түрде жүзеге асыруда, деп есептейді Ресейдің сыртқы істер министрі

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері Қытаймен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруда, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

"Қытай экономикалық күш жинады және оған Батыс енгізген ережелер бойынша қол жеткізді, ол сол арқылы өзінің табиғи мүдделерін жүзеге асырып келеді. Ал біз ҚХР ұсынған мүмкіндіктерді Орталық Азия мен басқа да посткеңестік елдердің, соның ішінде Ресейдің мүдделерімен үйлестіруге тырысамыз", - деді Лавров Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Ол ЕАЭО елдерінің Қытаймен екі келісімшартқа қол қойғанын атап өтті.

"Олар еуразиялық интеграцияны Қытайдың "Бір белдеу - бір жол" жобаларымен және одан да үлкен ауқымда, яғни Владимир Путиннің философиясы бойынша, орасан еуразиялық континент аясында үлкен еуразиялық кеңістікті қалыптастыруды үйлестіруге бағытталған", - деді Лавров.

42
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

0
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

0