Әлем

Гүлнара Каримованың денсаулығы туралы ақпарат жарияланды

© AFP 2024 / Amy SussmanГульнара Каримова, архивное фото
Гульнара Каримова, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2012 жылы Швейцарияның бас прокуратурасы Гүлнара Каримованың 800 миллион швейцариялық франк көлеміндегі активтерін бұғаттаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша - Sputnik. Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Гүлнара Каримованың денсаулығына қатысты тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Өзбекстанның ІІМ бас басқармасы басшысының орынбасары Умида Абдуллаева.

"Гүлнара Каримова қазіргі уақытта Зангиоттағы ерекше режимдегі колонияда жазасын өтеуде. Оның денсаулығы нашарлап кеткені туралы ақпарат жалған", - деді ол.

Абдуллаева алдағы уақытта БАҚ-қа Каримованың жағдайы туралы толық мәлімет берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Еске сала кетсек, 2012 жылы Швейцарияның бас прокуратурасы Гүлнара Каримованың 800 миллион швейцариялық франк көлеміндегі активтерін бұғаттаған болатын. Бұл қаражаттың бір бөлігі - 131 миллион доллары 2019 жылы тәркіленді.

2015 жылы тамызда Каримова салықтан жалтару және бопсалаушылық үшін сотталды. 2017 жылдың желтоқсанында 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

18 наурызда сот жаңа қылмыстық іс аясында бұл мерзімді 13 жыл 4 айға дейін ұзартты.

Жаңалықтар
0