Әлем

Гүл сатып алуға келген жігіттің күтпеген әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуРозы
Розы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүкендегілер ер адамды ұстай алмаған. Өйткені такси күтіп тұрған. Сатушылар көліктің мемлекеттік нөмірін көріп үлгермеді

АЛМАТЫ, 16 желтоқсан – Sputnik. Бішкекте жас жігіт дүкенде гүл шоғын алып, қашып кетті. Бұл жайлы гүл дүкенінің иесі хабарлады.

Ер адамның гүлді алып кеткен видеосы дүкен ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Медициналық бетперде таққан ер адам флориспен сөйлесіп болған соң үстел үстіндегі үлкен қызыл раушан гүл букетін алған. Сол жерде тұрған келушілерді итеріп, гүлді алып қашып кетті, деп жазады Sputnik Қырғызстан

Дүкендегілер ер адамды ұстай алмаған. Өйткені такси күтіп тұрған. Ал сатушылар көліктің мемлекеттік нөмірін көріп үлгермеді.

"Жігіт әдептілікті сақтап, ақшаны әкеліп береді деп үміттендік. Жұмыс күні аяқталғанша төлем жасайды деп күттік. Қазір бір ай өтті. Видеоны жариялап, ер адамға бір мүмкіндік бергіміз келді. Гүл күтуші болған оқиғадан кейін шошып қалды", - деді дүкен иесі Азамат Аматов.

Дүкен өкілдері жас жігітке соңғы рет ескерту жасап отырғанын жеткізді.

"Егер сіз үш күн ішінде келмесеңіз және букет құнын төлемесеңіз, біз құқыққорғау органдарына жүгінеміз. Батыл болып, бір букет гүл үшін өміріңізді қор қылмаңыз. Сіз келіп, кешірім сұрасаңыз, түсінуге тырысамыз", - деді салон иесі.

Бішкек полициясы бұл оқиғаға қатысты әрекет жасаған жоқ.

Жаңалықтар
0