Архивтегі фото

Қырғызстанда зауытты тартып алмақ болған депутат ұсталды видео

4643
(Жаңартылды 16:09 16.01.2021)
Дүйсен Төреқұлов сот органдары өкілдерімен және жеке тұлғалармен қылмыстық келісім жасады деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаты Дүйсен Төреқұлов сыбайлас жемқорлық және Ош қаласында орналасқан былғары өңдеу зауытын рейдерлік жолмен тартып алу ісі аясында ұсталды, деп хабарлады елдің ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.  

"Тергеу қылмыстық істің айыпталушыларынан Жогорку Кенеш депутаты Дүйсен Төреқұловтың сот органдары өкілдерімен және жеке тұлғалармен аталған зауытты рейдерлік жолмен тартып алуға бағытталған қылмыстық келісім жасағаны туралы бұлтартпайтын дәлел және тікелей түсініктеме алды", - делінген хабарламада.

Төреқұловқа Қырғызстан Қылмыстық кодексінің "Сыбайлас жемқорлық" бабында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған.  

Бішкектің Первомай аудандық соты оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Қырғызстан Конституциясына сәйкес, Жогорку Кенеш депутатын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін парламентарийлердің көпшілігі келісім беруі керек. 

"Кім екенімді білесің бе?": экс-депутаттың ерсі қылығы видеоға түсіп қалды 

Төреқұлов 2017 жылдың қаңтарында "Бір Бол" фракциясынан парламент депутаты болып сайланған. Бұған дейін ол кәсіпкерлікпен айналысып, кеденде және Ош әкімдігінде жұмыс істеген.   

4643
Кілт сөздер:
Қырғызстан, депутат, видео
Тақырып бойынша
Оралда катер басын шауып кеткен әйелдің туыстары депутаттың ұлын кешірді
Депутат түнгі клубта жанжал шығарып, адамдарды соққыға жықты
Оралда адам өліміне байланысты депутаттың ұлы ұсталды
Қазақстанда сотталған қырғыздың экс-депутаты бостандыққа шықты
Ауған босқындары

Тоқаев пен Путин Ауғанстандағы жағдайды талқылады

80
(Жаңартылды 16:13 15.09.2021)
Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптарды, соның ішінде COVID-19 індетімен бірлесіп күресу жайын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

"Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-шаралары өтетіндіктен ауған проблемасы жан-жақты талқыланды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптарды, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-әрекеттерді талқылады.  

Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 35 этникалық қазақ – қандасыс Ауғанстаннан тарихи отанына оралды.

Оқи отырыңыз: Ауғанстаннан 35 қандас Қазақстанға оралды 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан 25 азаматын, Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын шығарды.   

80
Мерьем Узерли

"Хюррем сұлтан" Қырғызстанда не үшін көзіне жас алды видео

122
"Сүлеймен сұлтан" телехикаясының актрисасы Мерьем Узерли алғаш рет Қырғызстанға келді  

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. "Сүлеймен сұлтан" телехикаясының жұлдызы Мерьем Узерли Қырғызстан әншісі Нұрайым Азықбаеваның өнеріне тәнті болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от meryemuzerlimeryem (@meryemuzerlimeryem)

Азықбаеваның ағылшын тіліндегі әні "Хюррем сұлтанның" көңілін босатып, көзіне жас алдырды. Видеоны актриса өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

"Құрметті Нұрайым! Сіздің күш-жігеріңіз, әнді орындау шеберлігіңіз, тамаша дауысыңыз бен әніңіз, бізге деген махаббатыңыз, біз үшін ән айтқан сәтіңіз менің көңілімді толқытып, жүрегімді елжіретіп жіберді. Мені осы сезімге бөлегеніңіз үшін мың алғыс. Сіз керемет әртіссіз", - деп жазды түрік-неміс актрисасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от meryemuzerlimeryem (@meryemuzerlimeryem)

Ол Қырғызстанға Азия халықаралық кинофестивалінің шақыруымен ұшып келді. Актриса Азияда түсірілген телехикаяларға арналған жүлде туралы айтып, оны таныстырды. Узерли Бішкекте жанкүйерлермен кездесе алмады – пандемия мен тығыз жұмыс кестесі кедергі болды. Актриса Қырғызстанға алғаш рет келгенін және бұл ел туралы көп оқығанын айтты.

Ол жергілікті салт-дәстүрмен, мәдени ерекшеліктермен танысты. Делегациямен бірге бірнеше көрікті жерді аралады, тіпті жергілікті музейді де тамашалап үлгерді.  

122
Архивтегі форто

Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген сауналардың әкімшісі ұсталды

0
(Жаңартылды 21:46 24.09.2021)
Олар облыс орталығында 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке жеккен екі сауна анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде 19 қыркүйекте басталған "Стоп-трафик" республикалық арнайы операциясы аясында полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 5 қылмысты ашты (оның екеуі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу қылмысы).

Мысалы, 21 және 23 қыркүйек күндері облыс орталығында полицейлер 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған екі саунаның әкімшілерін ұстады. Олар кінәсін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар 19 қыркүйекте жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жергілікті тұрғынның материалдық жағдайын пайдаланып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 308-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

 

0