Үйлену тойы

Әйелін тексергісі келген ер адам күтпеген жағдайға тап болды видео

7630
(Жаңартылды 12:38 16.02.2021)
Осыдан бес жыл бұрын YouTube-те қырғызстандықтар түсірген видео жарияланды. Видеоны 37 миллион адам көрген

Ролик сюжеті бойынша жігіт өзінің әйелін тексеру үшін хат жазады. Хатта "мен кеттім, сенімен бірге бола алмаймын, ажырасамыз" деп жазған. Ал өзі кереуеттің астына тығылып, әйелінің не істейтінін көреді.

Хатты тапқан келіншек оған бірден жауап жазып, телефонмен біреуге қоңырау шалады.

"Сәлем, жаным! Ол кетіп қалыпты... Оған не үшін тұрмысқа шыққанымды өзім де түсінбеймін. Бәрі артта қалды. Қазір сен барсың. Біраздан соң жаныңа барып қаламын", - деп айтып, шығып кетеді.

Ашуланған жігіт хатты жыртпақ болған кезде "сенің аяқтарың көрініп тұр. Мен дүкенге нанға кеттім", -деп жазылғанын көреді.

Бес жылда бұл видеоны 37 миллион рет тамашалады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

7630
Кілт сөздер:
Қырғызстан, видео, ер адам, әйел
Тақырып бойынша
Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео  
Әйеліне келген SMS-ті көріп қойған ақтөбелік сот алдынан бір-ақ шықты
Сүйіктісін қызғанған ақтаулық жантүршігерлік қылмысқа барды
Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне пышақ салды
Қайрат Нұртастың әйеліне бәсекелес пайда болды
Зорлық-зомбылық

27 жастағы ер адам әйелін не үшін өлтіргені белгілі болды

7729
(Жаңартылды 17:13 25.02.2021)
Дәрігерлер оның бас сүйек-ми жарақатын алғанын анықтады. Денесі көгеріп, қан кеткен. Ер адам тоғыз жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. Өзбекстанның Әндіжан қаласында 27 жастағы ер адам сотталды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, ол 21 жастағы әйелінің жұмыстан кеш келгеніне ызаланған.

Әйелі кешкі тамақ әзірлеп жатқан кезде күйеуі үйіне кіріп, ашуға ерік берген. Үйде басқа ешкім болмады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Ер адам сөзбен шектелмей, күш қолдана бастаған. Әйел есінен танып қалып, ауруханаға барар жолда көз жұмды. 

Дәрігерлер оның бас сүйек-ми жарақатын алғанын анықтады. Денесі көгеріп, қан кеткен. Өткір жүрек және тыныс алу жетіспеушілігі болды.

Ер адам тоғыз жылға сотталды.

7729
Кілт сөздер:
ер адам, әйел, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Әйелін тексергісі келген ер адам күтпеген жағдайға тап болды – видео
Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне пышақ салды
Оралда әйел күйеуін пышақтап өлтірді
Он бір күйеуін жерлеген әйелдің қылмысы әшкере болды
Француз әйелін зорлап, үш полицейді өлтіріп, өзін-өзі атып тастады
Көжиекте тұрған отбасы

Өзбекстанда еңбек демалысының жаңа түрі енгізілді

836
Қосымша демалыс жұмыс берушінің келісімімен және ұжымдық шарттарға сәйкес жыл сайынғы кезекті еңбек демалысы кезінде беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жаңа жарлығына сәйкес, Өзбекстан тұрғындары кем дегенде бес күнге созылатын демалыстың жаңа түріне ала алады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

"Отбасылық саяхат кезінде еңбек демалысында жүрген адам ата-анасы мен туысы, егде жастағы жақындары немесе тәлімгерлермен бірге бола алады", – делінген құжатта.

Ол жұмыс берушінің келісімімен және ұжымдық шарттарға сәйкес жыл сайынғы негізгі демалыс арқылы беріледі.

Айта кетейік, Өзбекстанның еңбек кодексіне сәйкес, әр қызметкер, оның ішінде толық емес жұмыс істейтіндер де жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып, демалу және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру үшін жыл сайынғы еңбек демалысын алуға құқылы.

Оқи отырыңыз: Көлгіновтің әкім қызметіндегі бірінші демалысы қалай өтті

Ал еңбек демалысын жұмысқа орналасқаннан кейін алты айдан соң беріледі. Жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы кемінде он бес жұмыс күнін құрауы керек.

836
Кілт сөздер:
демалыс, еңбек
Тақырып бойынша
"Адам дертке шалдығады": психолог жұмыстағы күйзелістің несімен қауіпті екенін айтты
Бес күндікке кімдер көшеді – мұғалімдер үшін жұмыс күнінің режимі әзірленді
Оқушылардың демалысы: баламен бірге отырғаны үшін ақы төлене ме?
Тура бір ай: төтенше жағдай қазақстандықтардың өмірін қалай өзгертті
Мемлекеттік аппаратты қысқарту: кімді жұмыстан шығаруға болмайды

Ресейлік жаңа суасты қайықтары қашан дайын болады

0
"Ладалар" – ең заманауи және келешегі зор ресейлік бейатомдық субмариналар. Шап-шағын көлеміне қарамастан, олар көп функционалдығымен ерекшеленеді

2022 жылы  677 "Лада" жобасының алғашқы сериялық дизель-электрлік суасты қайықтары флотқа тапсырылады. Оны әзірлеуге 20 жыл қажет болды. Бұл субмарина дәлдігі жоғары қаруды тасымалдай алады, ал оның бадарын анықтау өте қиын, деп жазады РИА Новости.

"Кронштадт" және "Великие Луки" сүңгуір қайықтарын 2021 жылы теңізшілерге тапсыру жоспарланған болатын. Бірақ, "Адмиралтейские верфи" кеме жасаушы кәсіпорнының бас директоры Александр Бузаковтың айтуынша, контрагенттермен туындаған проблемаларға байланысты мерзім уақыты өзгерді.

Қыркүйекте Біріккен кеме жасаушы корпорацияның басшысы Алексей Рахманов жабдық жеткізушілердің бірі кестеден ауытқуына байланысты екі сериялық кемені құрастыру біршама кешігетінін хабарлады.

Жоба о бастан мерзімнен кешігуерге тап болуда. Жұмыстар сонау 1990-шы жылдары бастаалған болатын. Сол кезде алғашқы бас кеме "Санкт-Петербург" құрастыру басталды. Ол 2004 жылы суға түсіріліп, әскери-теңіз флотына 2006 жылы жөнелтілуі тиіс еді. Алайда, сүңгуір қайық Солтүстік флотқа тәжірибелік пайдалануға 2010 жылы тапсырылды.

Ескірген 877 "Палтус" жобасының орнын "Ладалармен" алмастырмақшы болған. Жаңа сүңгуір қайықтардың көлемі шағын болғандықтан, оның  гидролокаторлардың  көзіне түсу дәрежесі де төмен. Сонымен қатар, ресейлік кеме жасау үшін стандарттан тыс бір корпусты сызба да акустикалық жасырындықты күшейтеді. Оның үстіне, "Ладалар" келешекте ауаға тәуелсіз (анаэробтық) күштік қондырғымен жабдықталатын ресейлік алғашқы суасты қайықтары болмақ.

Көптеген жаңа конструктивтік шешімдерді субмарина құрылысында қолдану салдарынан мерзімдердің үнемі ауыстырылуы да әбден мүмкін. Мәселен, бас кемені сынау кезінде гидроакустикалық кешенге қатысты күрделі мәселелер анықталды. Ал электр қозғалтқышының жеткіліксіз қуаты су астында қажетті жылдамдықты дамытуға мүмкіндік бермеді.

Бірақ, бәрібір Әскери-теңіз флоты дизель-электрлік суасты қайықтарын асыға күтті. Сондықтан, Тынық мұхиты флоты үшін "Ладалардың" орнына уақыт сынағынан өткен және жақсы игерілген 636 "Варавянка" суасты қайықтары жеткізілді.

Мамандардың пікірінше, "Ладалар" – ең заманауи және келешегі зор ресейлік бейатомдық субмариналар. Шап-шағын көлеміне қарамастан, олар көп функционалдығымен ерекшеленеді. Бұл сүңгуір қайықтар су астындағы және үсітндегі кемелеріне қарсы тұруға, жағалаудағы нысандарға соққы жасауға, миналы қоршаулар салуға, жағалауларды десант әскерлерінен қорғауға, бөлімшелер немесе арнайы жүктерді тасымалдауға қабілетті.

Жоғары автоматизациясы мен шу деңгейінің төмендігі, мобильділігі мен маневрлігі оларды диверсиялық және барлау операцияларында сәтті пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл субмариналар қуатты гидроакустикалық кешенмен және тұмсық бөлігі мен бүйір жақтарында орналасқан үш бірдей сезімтал антенналармен жабдықталған. Су сыйымдылығы шамамен 1,8 мың тонна болатын суасты қайығының жылдамдығы 20 торапқа жетеді. Тереңдігі 350 метрге дейін. Оның экипаж саны небәрі 30 адам.

Қару жайын келер болсақ, стандартты жабдықтаудағы "Ладалар" бортында калибрі 533 миллиметр 18 торпеда мен шамамен 20 мина болады. Торпедалық аппараттар сағатына 300 километрді еңсере алатын "Шквал" кемеге қарсы зымыран торпедаларымен ату үшін де бейімделген. Әрине, "Ладалар" да көптеген ресейлік заманауи кемелер секілді "Калибр" қанатты зымырандармен жабдықталған.

Алғашқы сериялық екі субмарина ауаға тәуелсіз энергетикалық қондырғы орнатылмайды. Бузаковтың айтуынша, Ресейде әлі мұндай аппарат жоқ. Ал қалған кемелер бұл жабдықпен қамтылатын болады.

"Лада" алдыңғы жобаларға негізделген суасты қайықтарының жаңа тобы бола алады, - деп түсіндірді РИА Новости порталына Жалпыресейлік флотты қолдау қозғалысының төрағасы, бірінші рангтегі капитан Михаил Ненашев. – Соңғы 15-20 жылдың ішінде "Ладаны" құрастырудың арқасында 150-ге жуық тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар игерілді. Бұл бір үлкен суасты зертханасы іспеттес".

Сарапшы атап өткендей, алдыңғы жобалармен салыстырғанда "Лада" бортында біршама көбірек торпеедалар орналастыруға болады. Ол ерекше тактикалық-техникалық сипаттамаларының арқасында барлық тактикалық және стратегиялық бағыттағы мәселелерді шеше алады. Сонымен қатар, оның конструкциясы зымыран кешендерін орналастыруға мүмкіндік береді.

"Бұл дизель-электрлік суасты қайықтарының шуы теңіз дыбысындай болады. Ал жаңа гидроакустика басқа кемелерге қарағанда әлдеқайда үлкен аумақты тыңдай алады, - деді Ненашев. – Бұл аса маңызды. Себебі, "Ладалар" Арктикаға жөнелтіледі. Оның үстіне, шағын көлемінің арқасында оларды үлкен және кіші тереңдіктерде қолдануға мүмкіндік бар".

Ресейлік дизель-электрлік суасты қайықтары бұрыннанақ ең үздік техниканың бірі саналады. 636.3 жобасының алты дизель-электрлік суасты қайықтары Қара теңіз флотында қызмет етсе, тағы алты субмарина алдағы жылдары Тынық мұхиты флотына жөнелтіледі. НАТО бұл субмариналарды дыбысының төмендігі мен жасырыну деңгейінің жоғарылығы үшін "қара ойық" деп атады.

Ал "Ладалар" оларға қарағанда әлдеқайда "мылқау". Бас кеме "Санкт-Петербургты" қолдану жасырыну деңгейі бойынша 677-ші жоба алдыңғы барлық дизельді суасты қайықтарынан асып түсетінін көрсетті.

0