Әлем

Президенттің сынынан кейін облыс әкімі контейнерде тұруға шешім қабылдады  

© Photo : CC0 / Felix WolfДверь
Дверь  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Өзбекстанда Наманган облысының әкімі тұрғындармен кездесіп, күтпеген жерден "Бунёдкор" махалласына көшіп келетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Наманган облысына барып, халықтың тұрмыс жағдайымен танысты.

Республика басшысы "Бунёдкор" махалласын аралап, жергілікті тұрғындардың шағымын тыңдады.

Олар ауыз судың, газдың жоқтығын, жолдардың нашар екенін айтып, басқа да проблемаларды тізіп шықты.

Осыдан кейін Мирзиёев махалла басшылығының жұмысын сынға алып, төраға мен оның кеңесшісіне, сондай-ақ Наманган әкіміне және қала прокурорына шүйлікті.

Жергілікті билік қорытынды шығарды, деп жазды Sputnik Өзбекстан.

Наманган облысының әкімі Шавкатжон Әбдіразақов махалланың тұрғындарымен кездесіп, күтпеген жерден "Бунёдкорға" көшіп келетінін мәлімдеді.  

"Күн сайын осындамын, енді сіздермен көрші боламын. Менің үйім махалла комитетіне қарама-қарсы орналасады. Бүгін мұнда контейнер орнатылып, оған "Облыс әкімінің үйі" деп жазылады", - деді Әбдіразақов тұрғындарға.

Ол қолға алынған басқа да шараларды атап өтті: мысалы, махаллада электр желісі мен су құбырын тарту, сондай-ақ ауданды жалпы абаттандыру жұмыстары жоспарланған.

Сондай-ақ, махалла комитетінің ғимаратын жөндеу жоспарда бар.

Жергілікті тұрғындар шағымданған қоқыс полигонына ерекше назар аударылды: ол жабылады. Оның орнына билік 3 гектар аумақта "шағын өндірістік аймақ" құрады.  

Кәсіпорын бар жерде жұмыс бар. Жалпы саны 12 мың адам тұратын махалладағы мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.  

Жаңалықтар
0