НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Өзбекстанның Навои облысында 31 жастағы әйел өзіне қол салды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Әйел пойыз астына түскен. Ол өзімен бірге үш қызының да өмірін қимақ болды. Отбасы теміржолға жүгіріп кіріп, жүк пойызы келе жатқан кезде рельстер арасына жатқан. Қыздардың бірі дәл соңғы сәтте анасының қолынан шығып үлгерді. Өзге екі қыз да аман қалды.
"З. Джабборованың жақындарымен сөйлескен кезде күйеуімен жандалдардан соң психикасы бұзылғаны анықталды. Жолдасы "ұл тумайсың" деп айыптаған. Отбасының жағдайы орташа болған", - деп жазылған Олий Мәжіліс сенатынының хабарламасында.
Әйел алған жарақат салдарынан көз жұмды. Соңғы уақытта ұл туа алмадым деп күйзелісте жүрген.
Осы жылдың қаңтар айында аяғы ауыр болды, тағы қыз екенін біліп, аборт жасау туралы шешім қабылдаған.
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Бішкек қаласының тұрғыны Айзада Қанатбекованы буындырып өлтірген Замирбек Теңізбаев өз-өзіне қол салғанға дейін туған-туыстарына аудиохабарлама жіберген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасап.
Аудиода ер адам жылап тұрып ағасынан үйдегілердің қал-жағдайын сұрайды. Одан кейін барлық күнә үшін кешірім сұрайды.
"Ол мені сатып кетті, махаббатымызды сатып кетті. Мен сізге қанша рет айттым, қатты ғашық болып қалдым. Басқа қызға қарағым да келмеді. Осы қызға ғана үйленемін дедім. Мен қатты өзгердім. Сіз менің қандай бала болғанымды білесіз. Сол себепті, аға, менен кеткен күнәлар болса кешіріңіз", - дейді ол.
Ер адам анасына қоңырау шалған. Бірақ телефонын көтермегендіктен ағасы арқылы дыбыстық хабарлама жібереді.
"Ана, сабыр сақтаңыз, менен кеткен күнә болса, кешіріңіздер. Мен қай дүниеде болсам да, құдайдан өмірлеріңіздің ұзақ болғанын тілеймін. Апа, мен ғашық болып қалдым. Мен Айзадасыз өмір сүре алмаймын. Мен Айзаданы көп күттім, мен оны сүйдім. Басқа адаммен бастайын десем де болмады...", - деген кезде арғы жағында қыздың дауысы естіледі, "мен сағат күт дедім ғой" дейді ол.
"Бір айтты, мақұл, күттім. Екінші рет тағы күт деді, тағы алдады. Үшінші рет сенбеймін. Тағы сұрап жатыр, жалған айтады. Болды. Рақмет баршаңызға, мен сіздерді құдай алдында кешірдім. Сіздер де мені құдай алдында кешіріңіздер. Барлығыңызды жақсы көремін", - деп түйіндейді ер адам.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Криминалдық милиция қызметінің бастығы Ұлан Айтбаевтың айтуынша, Айзада Қанатбекованы алып қашқан ер адам Ресейде қарақшылық үшін сотталған. Осы елге кіруге тыйым салынған. Ал қыз ұрланған күні Айзадаға анасы да, тергеушілер де қоңырау шалған.
"5 сәуірде екеуінің телефоны біресе өшіп, біресе қосылып тұрған. Кешке қарай Айзаданың анасы қоңырау шалғанда ол телефонын көтеріп, бәрі жақсы екенін, көп ұзамай үйге баратынын айтқан. Одан кейін тергеушілер хабарласты. Ол барлық мәселені өзі шешетінін және милицияның араласқанын қаламайтынын жеткізді. Артынша екеуінің телефоны тағы өшіп қалды", - деді Айтбаев арнайы баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 5 сәуірде үш ер адам 27 жастағы қызды алып қашты. Оны көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Қызды ұрлау сәті видеоға түсіп қалды.
Екі күннен кейін далада тұрған көліктен жоғалған қыз бен 36 жастағы ер адамның денесі табылды. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, ер адам қызды буындырып өлтіріп, содан кейін өзін өлтірген. Артынан қызды алып қашуға қатысқандар да анықталды.
Бішкек қаласы ішкі істер басқармасының бастығы Бақыт Матмұсаев көз жұмған Айзада Қанатбекованың туыстарынан кешірім сұрады. Ал халық көшеге шығып, ішкі істер министрі мен басқарма бастығының отставкаға кетуін талап етті.
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Қырғызстанда бәзбіреулер алып қашқан 27 жастағы қыздың денесі табылды.
Бойжеткенді Бішкекте 5 сәуірде күндіз ұрлап кеткен. Үш ер адамның оны көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа қарай әкеткені видеоға түсіп қалған, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің "неке қию мақсатында адамды ұрлау" бабы бойынша қылмыстар мен теріс қылықтардың бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Екі күннен кейін Бішкек маңында қойшы жоғалған қыз бен 36 жастағы ер адамның денесін көліктен тапты. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, ер адам қызды буындырып өлтіріп, содан кейін өзін өлтірген. Кейіннен іске қатысы бар күдіктінің бірі ұсталды.
Бішкек қаласы ішкі істер басқармасының бастығы Бақыт Матмұсаев көз жұмған 27 жастағы Айзада Қанатбекованың туыстарынан кешірім сұрады.
"Әке ретінде, ішкі істер министрлігінің қызметкері және Қырғызстан азаматы ретінде Айзада туралы хабарды өте өкінішпен қабылдадым. Қалалық милициия атынан бойжеткеннің туыстары мен жақындарынан кешірім сұраймын. Оны қорғай алмадық. Бәрі қыз өсіріп отыр, бәрінің қарындасы мен әпкесі бар. Адам ұрлау – ауыр қылмыс", – деді ол.
Матмұсаевтың сөзінше, милиция бесінші сәуірден бастап бойжеткен мен оны ұрлап кеткендерді күндіз-түні іздеген. Ол сондай-ақ қылмыскерлердің тиісті жаза алатынына сөз берді.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Қырғызстанның ішкі істер министрі мен Матмұсаевтың отставкаға кетуін талап етті.
Оқи отырыңыз: Тоқал болудан бас тартқан: соққыға жығылған ақтөбелік бойжеткен мән-жайды айтты
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Ұзаққа созылған қыс еуропаның газ қоймаларын бос қалдырды. Газ қорының үштен бір бөлігі ғана қалды. Америкалықтар осы мүмкіндікті пайдаланып, көп көлемде сұйылтылған газ ұсынды. Алайда коронавирус дағдарысы Еуропаға мұхиттың арғы жағынан келетін қымбат газға шығындалуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ресейлік шикізатты сатып алуға тура келіп отыр, деп жазды РИА Новости.
Күзде және қыста еуропалықтар 65 миллиард текше метрден астам газ тұтынды. Бұл он жылдық максимумға тең. Бұл туралы Газпром GasInfrastructureEurope-ке сілтеме жасап хабарлады. Алдыңғы жоғары көрсеткіш 2018 жылы болған. Ол кезде ақпан-наурызда Еуропаны қалыптан тыс аяз бен қар жауып қалды.
Ауа райы биыл да тосын мінез көрсетті. Қаңтарда Газпромға аяз құрсауында қалған Еуропаға жеткізілімдерді шұғыл көбейтуіне тура келді. Компания Германияға 32,4 процентке, Францияға 77,3 процентке, Нидерландыға 21,2 процентке, Италияға 100 процентке әдеттегіден артық газ жіберді.Сонымен қатар суықтың беті қайтпаған Азияға да экспорт артты. Нәтижесінде нарықта тапшылық пайда болып, бұл споттық бағаның шарықтауына алып келді. Ол бойынша тауарлар, бағалы қағаздар немесе валюта шұғыл жеткізу шарты бойынша сатылады.
Мысалы, Азияда баға кесімі мың текше метр үшін 1 000 доллардан асқан сәт болды. Кейбір мәмілелер 1400 бағасы бойынша жасалды. Еуропада баға 300 доллар болып белгіленді. Ал "Газпромның" 2021 жылға арналған бюджетінде 170 деген баға көрсетілген.
Нәтижесінде алыс шетелге жөнелтілген ресейлік экспорт 19,5 миллиард текше метрге дейін артты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 46 процентке көп.
Ақпан айында да ауа райы қуанта қоймады. Осы айда үш күн қатарынан еуропалық қоймалар тәулігіне миллиард текше метр жіберіп отырды. 25 наурызға қарай қоймадағы газ қорының көрсеткіші 29 процентке дейін түсті. Германия мен Автрияда – 26, Нидерландыда – 23, Францияда – 17.
Алдағы қыста суықтан қорғану үшін еуропалықтарға өткен жылғыдан 57,3 процентке артық газ өндіру қажет. Бұл 2020 жылы Франция мен Нидерландыға жеткізілген экспорт көлеміне тең. Қоймаларды толтыру бойынша басталған газ өндіру науқаны 2011 жылғыдан кейінгі ең ауқымды шараға айналмақ.
Еуропа нарығындағы ресейлік шикізаттың үлесі 2020 жылы шамамен 33 процентті құрады. Бұл жөнінде "Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова мәлімдеді. Оның айтуынша, "үшінші тоқсанда-ақ экспорт көлемі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен асып түсті". Импорттаушылар алдындағы барлық міндет толық орындалды. Жыл соңына қарай келісімшарт бойынша баға еуропалық хабтардағы споттық бағадан төмен болды. Бұл да қосымша жеткізулерді орындауға ықпал етті.
Италия мен Ұлыбританияда қажетті терминал бар. Бірақ олар да құбыржол газынан бас тартуға асығар емес. Сол себепті ресейлік энергия ресурсын сатып алушылар АҚШ-тың "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы ашқан соғысын қолдамай отыр. Жалпы ресейлік жобаның қарсыластары аз емес. Олардың қатарында Чехия, Польша, Венгрия, Словакия, Румыния, Хорватия бар.
Жалпы Варшава 2022 жылға қарай Ресей газынан бас тартуға дайын екенін бұған дейін мәлімдеген болатын. Поляктар Солтүстік теңізде норвегиялық қайраңдағы Baltic Pipe құбырына үміт артып отыр.
Жалпы дағдарыстың беті әлі қайта қойған жоқ. Ал сұйылтылған табиғи газ баяғыдай құбыржол газынан қымбат болып тұр. Оның үстіне "Газпром" бәсекелестеріне қарағанда өндіріс көлемі мен тәуліктік жеткізу көлемін өте жылдам арттыра алады.
Г.В.Плеханов атындағы РЭУ доценті Александр Тимофеев "Солтүстік ағын" жобасының өзін-өзі ақтауы әлі де нақты болмағандықтан, батысеуропалық бағыт басымдықта тұр деп санайды.
"Ұзаққа созылған қыс сұранысты арттырды. Бұл күзге қарай бағаның қымбаттауына алып келеді", - дейді ол.
Ресей ЖЭК даму мәселелері жөніндегі тәуелсіз кеңесшісі VYGONConsulting пікірінше, осы жылы "Газпром" алыс шетелге жөнелтетін экспорт көлемін 210 миллиард текше метрге дейін арттыра алады. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 17 процентке, коронавирус дағдарысына дейінгі 2019 жылғыдан 5,5 процентке артық.
Осылайша бірінші тоқсанда "Газпромның" экспорты 30,7 процентке өсті.
Жалпы газ бағасы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін де қымбаттай берді. Қазір нидерландтық TTF (Title Transfer Facility Natural Gas Price Index) хабындағы спотта мың текше метр газ бағасы 252 доллар. Бұл 2018 жылдан бері ең жоғарғы көрсеткіш.
Нәтижесінде осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting. Ал бұл Ресейдің мемлекеттік бюджетіне майдай жағады.