Әлем

Қойшы тауып алған: бір топ еркек алып қашқан бойжеткен өлі табылды - видео

CC0 / / Бойжеткен сұлбасы, иллюстративті фото
Бойжеткен сұлбасы, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жазылу
Бішкек қаласы ішкі істер басқармасының бастығы көз жұмған бойжеткеннің туыстарынан кешірім сұрады

АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Қырғызстанда бәзбіреулер алып қашқан 27 жастағы қыздың денесі табылды.

Бойжеткенді Бішкекте 5 сәуірде күндіз ұрлап кеткен. Үш ер адамның оны көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа қарай әкеткені видеоға түсіп қалған, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің "неке қию мақсатында адамды ұрлау" бабы бойынша қылмыстар мен теріс қылықтардың бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Екі күннен кейін Бішкек маңында қойшы жоғалған қыз бен 36 жастағы ер адамның денесін көліктен тапты. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, ер адам қызды буындырып өлтіріп, содан кейін өзін өлтірген. Кейіннен іске қатысы бар күдіктінің бірі ұсталды.

Бішкек қаласы ішкі істер басқармасының бастығы Бақыт Матмұсаев көз жұмған 27 жастағы Айзада Қанатбекованың туыстарынан кешірім сұрады.

"Әке ретінде, ішкі істер министрлігінің қызметкері және Қырғызстан азаматы ретінде Айзада туралы хабарды өте өкінішпен қабылдадым. Қалалық милициия атынан бойжеткеннің туыстары мен жақындарынан кешірім сұраймын. Оны қорғай алмадық. Бәрі қыз өсіріп отыр, бәрінің қарындасы мен әпкесі бар. Адам ұрлау – ауыр қылмыс", – деді ол.

Матмұсаевтың сөзінше, милиция бесінші сәуірден бастап бойжеткен мен оны ұрлап кеткендерді күндіз-түні іздеген. Ол сондай-ақ қылмыскерлердің тиісті жаза алатынына сөз берді.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Қырғызстанның ішкі істер министрі мен Матмұсаевтың отставкаға кетуін талап етті.

Оқи отырыңыз: Тоқал болудан бас тартқан: соққыға жығылған ақтөбелік бойжеткен мән-жайды айтты

Жаңалықтар
0