Әлем

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы атысты толық тоқтату туралы келісімге келді

© Sputnik / Эмиль СадыровЛейлекский район Баткенской обласи Кыргызстана
Лейлекский район Баткенской обласи Кыргызстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2021
Жазылу
Тараптар атысты толық тоқтату және шекарадан әскерді әкету туралы уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр — Sputnik. Сенбі Қырғызстан мен Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік комитеттері басшыларының келіссөздері өтті. Екі жақтың да мүддесі ескерілген хаттама қабылданды.

Қырғызстан өкілі Камчыбек Ташиев пен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Саймумин Ятимов журналистерге келіссөздер нәтижесі туралы айтты.

Ташиевтің хабарлауынша, екі жақты хаттама төрт пункттен тұрады, құжатта Қырғызстанның да, Тәжікстанның да мүддесі ескерілген.

Ол екі ел атысты толық тоқтату және шекарадағы әскерді қайтару туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

"Бүгіннен бастап құрметті көршілеріміздің және біздің күш салуымыздың арқасында елдерімізде, әсіресе шекарадағы аудандарда тыныштық пен бейбітшілік орнайды", - деді қырғыз тарапының өкілі.

Саймумин Ятимовтің пікірінше, келіссөздер нәтижелі болды. Оның айтуынша, қақтығыс қайталанбауы керек, өйткені шекаралас аудандарда бұрыннан тату-тәтті өмір сүрген халық тұрады.

"Қырғыз-тәжік жерінде бейбітшілік орнату бойынша келісімге келдік. Көп ұзамай барлық мәселені шешеміз деген сенімдемін және түсіністік пен бейбіт өмірге қол жеткіземіз деген үміттемін", - деді ол.

Сондай-ақ Тәжікстан мен Қырғызстан қақтығыс аймағында бірлескен патруль құру туралы уағдаласты. Бұдан бөлек тараптар Лейлек ауданындағы ауылдарда жағдайды тұрақтандыру және шекарадағы елді мекендерде қоғамдық тәртіп орнату туралы әңгіме қозғаған.

Бұған дейін екі елдің президенттері Эмомали Рахмон мен Садыр Жапаров бірінші мамырда телефон арқылы сөйлескені хабарланды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та екеуімен телефонмен сөйлесіп, қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге шақырды.

Жаңалықтар
0