Портфель, архивтегі фото

Қазақстандық бизнесмен Қырғызстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

2425
(Жаңартылды 08:03 04.05.2021)
"Қазақстан алюминийі" АҚ-ның экс-президенті Алмаз Ибрагимов өз отанында президенттің кеңесшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров қазақстандық кәсіпкер, 72 жастағы Алмаз Ибрагимовты өзінің кеңесшісі етіп тағайындады, деп хабарлады Қырғыз Республикасы президентінің сайты.

Қазақстандық олигарх Қырғызстанның Ыстықкөл облысында туған. "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның басшысы болғанға дейін ол Қырғызстандағы "Первое мая" колхозында бас инженер болып жұмыс істеді.

Алмаз Ибрагимов
© Photo : Фото с сайта маслихата Павлодарской области
Алмаз Ибрагимов

Павлодар алюминий зауытының президенті (1994 жылдан - вице-президент, 2001 жылдан 2015 жылға дейін - президент) және "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ басшысы (2004 жылдан 2015 жылға дейін) болды.

Павлодар облысында Мәшһүр-Жүсіп Көпеев атындағы мешіт, Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Православие соборы, Еврей синагогасы, Исабек Ишан хазрет кесенесі секілді діни нысандардың құрылысына үлес қосқан.

"Құрмет" орденімен, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.  

2425
Қыз, архивтегі сурет

Қырғызстанда тағы бір қызды ұрлап кетті видео

3755
Жәбірленушінің сіңлісі милицияға арызданды, айтуынша, апасын белгісіз біреулер көлікке күштеп отырғызып, алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Бішкек түбіндегі Лебединовка ауылында жас жігіттер қызды ұрлап кетті. Милиция күдіктінің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Оқиға шамамен 23.00-де болды. Қызды ұрлау сәті видеоға түсіп қалған.

Түнгі екіде милицияға 20 жастағы бойжеткен арызданып, апасын белгісіз біреулер Toyota Estima маркалы көлікке күштеп отырғызып, алып кеткенін айтты.

Шу облысы Ішкі істер бас басқармасының мәліметінше, сотқа дейінгі өндіріс басталды, күдіктінің кім екені анықталды. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері ер адамның тұратын жеріне аттанған.

Sputnik Қырғызстан тілшілері ұрланған қыздың туыстарымен байланысқа шықты. Олардың айтуынша, қыз әлі табылмаған, бірақ "күйеу бала" жақтан елшілер келіпті.

"Әзірге оның қайда екенін білмейміз. Алайда жігіттің туысқандары келіп, қызымыз алып қашудан кейін тұрмысқа шығуға келіскенін айтты. Қыздың ата-анасы қарсы, балаларымен сөйлесуге мүмкіндік беруді өтініп отыр", - деді туыстары.

Милиция оқиғаға қатысты толық ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

Айта кетсек, Қырғызстанда қызды үйлену мақсатында ұрлау қылмыс болып саналады.

Тағы оқыңыз: Қырғызстанда бойжеткен өлімінен кейін халық митингке шықты

Еске салсақ, осы жылдың 5 сәуірінде Бішкекте үш ер адам 27 жастағы Айзада Қанатбекованы көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа қарай алып кетті. Кейіннен қала сыртында қойшы жоғалған қыз бен 36 жастағы ер адамның денесін көліктен тапты.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, ер адам қызды буындырып өлтіріп, содан кейін өзін өлтірген.

3755
Кілт сөздер:
видео, қыз алып қашу, кісі ұрлау, Қырғызстан
Тақырып бойынша
"Буындырып, тепті": Алматылық қызды ұрлап әкетіп, жезөкшелікке мәжбүрлеген
Қойшы тауып алған: бір топ еркек алып қашқан бойжеткен өлі табылды - видео
Теміржол, архивтегі фото

Өзбекстаннан Қазақстанға келе жатқан пойыздың машинистері ұсталды

2516
(Жаңартылды 11:28 05.05.2021)
Жүк пойызының екі машинисі электровоздағы құпия орынға қолма-қол ақша жасырды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Қазақстанға құны 1 миллион доллардан асатын шетел валютасын заңсыз шығармақ болған елдің үш азаматын ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз орталығы.

Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, "Өзбекстан темір жолы" АҚ-ға қарасты жүк пойызының Қазақстанға бет алған екі машинисі көрші елге 971 000 доллар, 47 700 еуро және 3,4 миллион Ресей рублін заңсыз әкетпек болған кезде ұсталды. Ақшаны өздері жүргізіп келе жатқан электровоздағы құпия орынға жасырған.

Тергеуге дейінгі тексеру барысында ақшаны машинистерге Ташкент облысы Зеңгі ата ауданының тұрғыны беріп жібергені анықталды. Ол да жедел іс-шаралар барысында ұсталды.

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Республиканың қылмыстық кодексіне сәйкес, қолма-қол валюта контрабандасы үшін сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.  

2516
Батут

Орал саябағында тағы төтенше жағдай: батутта ойнап жүрген балалар өлім аузынан қалды

0
Бұл бір аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні орталық бақта орналасқан аттракционнан ақау шығып, сегіз бала жарақаттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Оралда саябақта балалар ойнап жүрген кезде, кенеттен батуттың желі шыға бастаған. Оқиға болған кезде аттракционда 20-дан астам бала болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Оқиға 9 мамыр күні сағат 18.00 шамасында қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған. Саябақта орнатылған батут балалар ішінде болған сәтте аяқ астынан желі шыға бастайды. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеороликпен бөлісті. 

"Батут кішкентай емес, биік және көлемді. Оның ішінде түрлі жастағы 20-ға жуық бала болды. Ата-аналар балаларды құтқару үшін бірден аттракционға жүгірді. Кішкентай балалар қорқып, жылап жатты. Кіре берістегі қыз жай ғана бұл оның батуты екенін айтты, тіпті кешірім де сұрамады. Электр қуатының өшірілгенін жеткізді", - дейді Самал есімді қала тұрғыны.

Оның айтуынша, балалар ауыр жарақат алған жоқ, бірақ қатты қорқып қалған.

"Аттракционның иесі ақшаны қайтарғысы да келмеді, кейіннен қайтарып берді. Әңгіме ақшада емес, оқиғада ғой. Егер балалардың бірі ауыр жарақат алса немесе Құдай сақтасын, қайтыс болып кетсе ше? Сонда нағыз қаза болар еді. Бұл аттракциондар неге тексерілмейді? Қосалқы генераторлар неге жоқ? Саябаққа батут неге қояды? Бұл демалыс орны емес пе, аттракционнан аяқ алып жүре алмайсыз. Балаға қауіпті екенін қалай түсіндіруге болады? Жақында ғана аттракционға байланысты оқиға болған еді", - дейді әйел.

Оқи отырыңыз: Оралда ата-аналар әткеншекке мінген балаларын күтіп тұрғанда күтпеген оқиға болды

Бұл арада қалалық мәдениет және демалыс саябағының директоры Жасұлан Сәкенов болған жайттан хабарсыз екенін, бірақ тексеріс жүргізілетінін айтты.

"Кеше демалыс болды, мен кешке дейін жұмыста болдым, бірақ маған бұл жағдай туралы айтылмады. Электр қуаты кеше шынымен сөніп қалды, соған байланысты орын алған оқиға шығар. Бүгін біз қызметтік тексеріс жүргіземіз", - деп атап өтті Жасұлан Сәкенов.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ешкім медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында төтенше жағдай болды. "Калейдоскоп" каруселі кенеттен тоқтап, креслода отырған балалар бір-біріне соқтығысты. Сегіз бала жарақаттанды.

0
Кілт сөздер:
Орал, саябақ, батут
Тақырып бойынша
Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео
Жантүршігерлік видео: Қостанайда батут ұшып кетті
Қарағандыдағы трагедия: батуттың иесі ұсталды
Семейде әткеншек құлап, бес бала зардап шекті