Әлем

Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты жігіті атанды

© Photo : dimashnews.comДимаш Кудайберген
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Жазылу
Әнші бұған дейін де түрлі награда иеленді. Ең маңыздылары арасында - Қытайдың Top Chinese Music Awards премиясында "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясы

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан — Sputnik. Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген King Choice онлайн дауыс беру рейтингісінде бірінші орынға ие болды. THE 100 MOST ATTRACTIVE ASIAN CELEBS 2021 байқауы өткен болатын.

9,3 миллион дауыспен қазақстандық Азиядағы ең сымбатты жігіт атанды, деп жазады King Choice сайты.

Бұған дейін Jas Otan жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын бастаған болатын. Дауыс бері 30 қыркүйекте аяқталды.

Екінші орында оңтүстіккореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin). Ол 8 миллионнан астам дауыс жинады.

Үшінші орында Чха Ын У (Cha Eunwoo) — оңтүстіккореялық әнші, актер және модель. Astro тобының мүшесі. Оған 1,9 миллион рет дауыс берген.

Айта кетері, Димаш түрлі наградаға ие. Ең маңыздылары арасында - Қытайдың Top Chinese Music Awards премиясында "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясы, MTV Global Chinese Music Awards-та "Жылдың үздік шетелдік шығармашылық тұлғасы" номинациясы,  Қытай мен Қазақстан "Достық елшісі" наградасы.

Жаңалықтар
0