Қазы, архивтегі фото

Тойда 120 адам жылқы етінен уланды

3344
Алдын ала мәлімет бойынша қонақтар мерекеге орай асылған жылқы етінен уланып қалған  

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Той қонақтары жылқы етінен жаппай уланып қалды.

Оқиға Қырғызстанда Созақ ауданының Бек-Абад ауылында 10 қазанда болған.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, ауруханаға 124 адам түскен. Жалал-Абад ауданаралық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және жұқпалы аурулардың алдын алу орталығының басшысы Рома Ураимовтың айтуынша, ауылда сүндет той өткізу үшін жылқы сойылған.

Жергілікті тұрғындар келесі күні дәрігерлерге қарала бастапты. Ураимов науқастардың арасында туыстары тойдан үйге әкелген жылқы етін жегендер де бар екенін атап өтті. 16 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары үйде ем қабылдап жатыр. 

"Қазір науқастардың барлығы бақылауда. Ауруханаға жатқызылғандардың арасында төрт жасөспірім бар. Эпидемиологиялық тексеріс жүргізілуде", - деді орталық басшысы.

Жалал-Абад облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі тойды 57 жастағы ер адам өткізгенін хабарлады. Ол 9 қазанда жылқы сойған, ал 10 күні мереке өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

3344
Кілт сөздер:
сүндет той, ет
Димаш Кудайберген

Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты жігіті атанды

1974
Әнші бұған дейін де түрлі награда иеленді. Ең маңыздылары арасында - Қытайдың Top Chinese Music Awards премиясында "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясы

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан — Sputnik. Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген King Choice онлайн дауыс беру рейтингісінде бірінші орынға ие болды. THE 100 MOST ATTRACTIVE ASIAN CELEBS 2021 байқауы өткен болатын.

9,3 миллион дауыспен қазақстандық Азиядағы ең сымбатты жігіт атанды, деп жазады King Choice сайты.

Бұған дейін Jas Otan жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын бастаған болатын. Дауыс бері 30 қыркүйекте аяқталды.

Екінші орында оңтүстіккореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin). Ол 8 миллионнан астам дауыс жинады.

Үшінші орында Чха Ын У (Cha Eunwoo) — оңтүстіккореялық әнші, актер және модель. Astro тобының мүшесі. Оған 1,9 миллион рет дауыс берген.

Айта кетері, Димаш түрлі наградаға ие. Ең маңыздылары арасында - Қытайдың Top Chinese Music Awards премиясында "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясы, MTV Global Chinese Music Awards-та "Жылдың үздік шетелдік шығармашылық тұлғасы" номинациясы,  Қытай мен Қазақстан "Достық елшісі" наградасы.

1974
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген, жігіт
Тақырып бойынша
Димаш Рухия Байдүкенова орындауындағы әнді ерекше толғаныспен тыңдады – видео
"Кел, күнім сол": Димаш Құдайбергеннің әрекеті жұртты тамсандырды - видео
Димаш Құдайберген Қытайға оралғанын мәлімдеді
Димаш Сочиде тыңдармандар жүрегін тағы бір жаңа әнмен жаулады - видео
Димаш Ave Marіа-ны өзгеше шырқады – видео
Ауған босқындары

Тоқаев пен Путин Ауғанстандағы жағдайды талқылады

87
(Жаңартылды 16:13 15.09.2021)
Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптарды, соның ішінде COVID-19 індетімен бірлесіп күресу жайын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

"Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-шаралары өтетіндіктен ауған проблемасы жан-жақты талқыланды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптарды, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-әрекеттерді талқылады.  

Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 35 этникалық қазақ – қандасыс Ауғанстаннан тарихи отанына оралды.

Оқи отырыңыз: Ауғанстаннан 35 қандас Қазақстанға оралды 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан 25 азаматын, Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын шығарды.   

87

Әлемдегі ең ұзын әйелдер 10 таңғажайып фото

0
(Жаңартылды 18:18 20.10.2021)
  •  Эрика Эрвин
Аяқ-қолы да жіптіктей бойшаңдарға әркез қызыға қарайтындар көп. Бойы ұзын қыз-келіншек көпшілік ортада өзіне көз тартып, елдің сүйсінуіне себеп болатыны сөзсіз

Бірақ мұндай сұлулықтың кері тұсы да бар. Яғни, шамадан тыс ұзын бой қолайсыздық тудыратын сәттер де болады. 

Мына супермодельдер, актрисалар, спортшылар – екінің біріне бұйырмаған ұзын бой иелері. Біздің суреттердегі қыз-келіншектің көбі бой көрсеткіші бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Олардың қатарында түркиялық Румейса Гельги, бразилиялық Элисани-да-Крус Сильва мен супермодель Эрика Эрвин бар.

Талайды таңғалдыратын ұзын бойлы арулар туралы толығырақ суреттер топтамасынан көре аласыз.

Оқи отырыңыз: 

 

 

0
  • © REUTERS / Cagla Gurdogan

    Румейса Гельги ең ұзын әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы 215,16 сантиметр. Бұл аномалия Уивер синдромынан туындаған. Ол арнайы құралдың көмегімен ғана қозғалады. Қазір Румейса 24 жаста. Ол Түркияда, Карабюк провинциясында тұрады. Суретте: Румейса Гельги анасы Сафие Гелгимен бірге өз үйінің алдында тұр, 2021 жылдың 14 қазаны.

  •  Эрика Эрвин
    © AP Photo / Tonya Wise

    Модель, актриса және тележүргізуші Эрика Эрвин. Ол әлемдегі ең ұзын супермодель. Эрика да Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы - 203 сантиметр.

  • Бразилиядағы ең ұзын бойдың иесі Элисани-да-Крус Сильва. Оның бойы - 203 сантиметр. Сильваның өзінен бір жарым метрге аласа сүйген жігіті бар. Махаббат бойға да қарамайтынына көз жетті. Ғашықтардың ерекше суреті бүкіл әлемге тарап кетті.

  • © AFP 2021 / LARRY BUSACCA

    Америкалық актриса Линдсей Хейворд ұзын бойымен (2,03 метр) ғана емес, физикалық күшімен де белгілі. Ол реслингпен айналысады және қажет болса ересек ер адамды лақтырып жібере алады.

  • © Sputnik / Evgeny Biyatov

    Ресейлік баскетболшы Мария Степанованың бойы 2,03 метрді құрайды.

  • © AP Photo / PHIL MEYERS

    Сэнди Аллен - әйгілі америкалық цирк және кино актрисасы. 2009 жылы қайтыс болғанға дейін ол әлемдегі ең ұзын әйел болып саналды. Оның бойының ұзындығы 2,32 метр болды.

  • © Sputnik / Роман Кручинин

    Ресейдің танымал волейболшысы Екатерина Гамова. 11 жасында оның бойы 172 сантиметр болды, қазір - 2,02 метр.

  • © AFP 2021

    Азиядағы ең ұзын әйел - Қытай тұрғыны Яо Дефэн. Оның бойы – 2,3 метр. Бұл суретте Яо Дефэн бойының өсуін тоқтату бойынша ем қабылдаған Гуанчжоу қаласындағы Санджиу госпиталінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғыс білдіріп тұр. Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы 2012 жылы 40 жасында дүниеден өтті.

  • © AFP 2021 / Ethan Miller / Getty Images

    Америкалық баскетболшы Бритни Грайнердің бойы 2,06 метр.

  • © Sputnik / Ramil Sitdikov

    Ресейлік баскетболшы Екатерина Лисина өзінің бойымен (2,1 метр) ғана емес, сонымен қатар ұзын аяқтарымен (1,32 метр) бүкіл әлемге танымал. Ол осының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Кілт сөздер:
фото, әйелдер