Әлем

Қағаз ақшаға сіңбірінген футболшы қатаң сынға алынды

Жазылу
Ресейдің спорт министрі жартылай қорғаушы Станислав Манаевтың мәдениеті төмен деп санайды

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Ресей спорт министрлігі бес мыңдық купюраға сіңбірген "Тосно" клубының футболшысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Р-Спорт.

"Әлбетте, бұл ролик спортшы мәдениетінің төмен екенін білдіреді. Менің білуімше, кешірім сұрап, мұның бәрі қалжың екенін айтқан. Бұл оған сабақ болар деп ойлаймын. Бұл оқиғаның әлем чемпионатына да, Ресейдің бұл мейрамға дайындығына да қатысы жоқ", — деп пікір білдірді РФ спорт министрі Павел Колобков.

 

 

Желіде жартылай қорғаушы Станислав Манаевтың қағаз ақшаға сіңбірген сәті түсірілген видео тарап кеткен.

 "Ресей-2018" ұйымдастыру комитетінің бас директоры Алексей Сорокин Манаевтың бұл әрекеті Ресей құрамасы ойыншысының келбетіне еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0