Әлем

Мәскеу мэрі жұмысына метромен барды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМәскеу мэрі Сергей Собянин метрода
Мәскеу мэрі Сергей Собянин метрода - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сергей Собянин Мәскеу метросында интернет қалай істейтінін тексерді

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин жұмысына метромен барып, қоғамдық көлік ішінде тегін интернетке қосылып көрді.

Смартфонына қарап бір шетте тұрған қала басшысын жолаушылардың бірі суретке түсіріп алған.

Сергей Собянин де бұл суретті Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

Ал желі қолданушылары жоғары лауазымды шенеуніктің қауырт мезгілде қоғамдық көлікке отырғанына таңғалысты.

Жаңалықтар
0