Әлем

Қазақ қызы Ресейдегі сұлулық байқауында бірінші орынды жеңіп алды

© Photo : Рixabay/jbundgaaҚыз тәжді киіп көріп жатыр, иллюстративті фото
Қыз тәжді киіп көріп жатыр, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанна Есенжолова смс-дауыс беру нәтижесінде "2018 жылдың миссисі" номинациясы бойынша тәж киді

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Қазақ қызы ресейлік Miss Fashion Russia сұлулық байқауында үздікдіктердің бірі болды. Жанна Есенжолова Гран-при иегері атанбағанымен, "2018 жылдың миссисі" номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

 Сұлулық байқауына қатысушылар сахна төріне алдыңғы қатарлы Мәскеу дизайнерлері тіккен бес түрлі киіммен – комбинезон, ішік, коктейль көйлектер киіп шықты.

Қазылар алқасын ресейлік шоу-бизнес жұлдызы Сергей Зверев басқарды. Есенжоловаға тәжді сықақшы, әстрада әртісі Александр Песков кигізді.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге қарағанда Жанна Есенжолова Тверь қаласында туып-өскен, қазіргі уақытта Ресейде тұрады және екі баланы тәрбиелеп отыр. Қыз әлемге жиі саяхаттайды, кейде Алматыдағы туыстарына келеді.

 Бұған дейін "Мәскеу аруы" байқауының финалына шыққан 15 жастағы қазақ қызы Дина Қожасаева жайлы жазған болатын.


Жаңалықтар
0