Әлем

"Маған десең, өле қал". Дәрігер науқастың картасын еденге лақтырды – видео

© Public DomainДәрігер, архивтегі фото
Дәрігер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің Краснодар өлкесінде науқасқа дөрекелік көрсеткен дәрігер жұмыстан қуылды

АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Север ауданының орталық ауруханасында науқас алдын ала жазылмағандықтан, дәрігер оған инсулин жазып беруден бас тартқан. Бұл туралы РИА Новостиге аудан басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Марина Наумейко хабарлады.

Науқас дәрігермен арадағы әңгімені смартфон камерасына жазып алған. Ол басқа қалада болғандықтан, ертерек келе алмағанын, ал қазір инсулині таусылғанын және күте алмайтынын түсіндіруге тырысады.

"Өте нашар. Уақытында келу керек", — деп долданған дәрігер амбулаторлық картаны еденге лақтырып жібереді де: "Маған десең, өле қал, жазып бермеймін" дейді.

Аурухана басшылығы түсіндіргендей,оқиға 7 қарашада болған, ал келесі күні дәрігер қызметінен босатылған. Емдеу мекемесінің әкімшілігі науқастан кешірім сұрап, қажетті дәрі-дәрімекті алып берген. 

"Сау аяғын кесіп тастаған". Зейнеткер дәрігерлердің қателегінен мүгедек болып қалды


Жаңалықтар
0