Илья Пьянзин, архив сурет

Путинге қастандық әзірлеген қазақстандық мерзімінен бұрын босатылмайды

313
(Жаңартылды 17:05 16.11.2018)
Қазақстан азаматы Илья Пьянзин 2012 жылы пәтерде қолдан жасалған бомбаны жарып жібергеннен соң ұсталған еді

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путинге қастандық әзірлегені үшін сотталған қазақстандық Илья Пьянзин мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмайтын болды.

Самара облысы Волга аудандық сотының шешімі туралы өңірдің түзету мекемелерінде заңды қадағалау бойынша прокурор Сергей Маркеловқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

Сот отырысында прокуратура Сергей Пьянзиннің бірнеше мәрте жазасын өтеу тәртібін бұзғанын алға тартып, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуына қарсылық білдірді.

"Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ, Пьянзин оған он күн ішінде шағым түсіруге құқығы бар", — деді Маркелов.

Қазақстандық 2013 жылы он жылға сотталған болатын. Пьянзин үш адамнан тұратын экстремистік топтың мүшесі болған – олардың екеуі Шешенстан Республикасының тумалары Адам Осмаев пен Руслан Мадаев. Олардың қылмыстық әрекеті 2012 жылы Одессадағы пәтерде қолдан жасалған бомба кездейсоқ жарылып кеткен соң тоқтатылды. Сол кезде Мадаев қаза тапты, ал Осмаев қашып кетіп, кейінірек ұсталды, бірақ адам құқығы бойынша Еуропалық сотқа арыз берген, Ресейге әлі қайтарылған жоқ.

2013 жылы қыркүйек айында Пьянзин бұзақылық, мемлекеттік қайраткерге қастандық әзірлеу және қару мен оқ-дәрінің заңсыз айналымы үшін сотталды.

313
Кілт сөздер:
Ресей, Владимир Путин, бостандыққа шығу, қастандық, сот шешімі
Тақырып бойынша
Венесуэла президентіне қастандық жасалған сәт видеоға түсіп қалды
Архивтегі фото

Найзағай соққан ұшақта түсірілген қорқынышты видео жарияланды

2165
Екатеринбург – Сочи бағытындағы ұшақ Краснодар әуежайына аман-есен қонды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Ресейде Екатеринбургтен Сочиге ұшып шыққан ұшаққа найзағай түсті, борт Краснодарға аман-есен қонды, ал жолаушылар курортқа автобуспен жетті, деп хабарлады РИА Новости.

Әлеуметтік желіде салонда түсірілген видео жарияланды, одан ұшақтың шайқалып жатқанын көруге болады.

"25 қыркүйекте сағат 11:11-де Краснодар әуежайына Екатеринбург – Сочи бағытындағы ұшақ қонды. Себеп – Сочи аймағындағы ауа райының қолайсыздығы (найзағай). Жолаушылар автобустармен Сочиге жөнелтілді", - делінген "Аэродинамика" Кубань әуежайларының операторы таратқан хабарламада.

Қазір ұшақ әуежайда тұр, оны әуе компаниясының техникалық қызметтері тексеріп жатыр.

Сол күні, 25 қыркүйекте Сочиде ауа райына қатысты шұғыл ескерту жарияланған.  

2165
Аурухана, палата, науқас

Танымал әртіс ауруханаға түсіп қалды

8417
Дәрігерлер 62 жастағы тележұлдыздың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Белгілі ресейлік әртіс және тележүргізуші Лариса Гузеева жексенбі күні ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Комсомольская правда" басылымы.

Әртіс Коммунаркадағы №40 Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Басылым дереккөзінің ақпаратынша, Гузеева COVID-19-ға қарсы тест тапсырған, алайда анализ теріс нәтиже көрсетті.

Қазір тележүргізуші палатада жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда. Басылымның мәліметінше, ол қатты күйзеліске ұшыраған, дәрігерлер оған тыныштандыратын дәрі берді. Танымал жұлдыздың ауруханаға қандай диагнозбен түскені әзірге белгісіз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Larisa Guzeeva (@_larisa_guzeeva_)

Жексенбі таңертең Гузеева Instagram-ға Қырымда түскен суретін жариялаған еді. Әртіс өз фанаттарына жергілікті клиникалардың бірінде косметикалық процедуралар қалай өтетінін көрсетті.

Оқи отырыңыз: 

8417
Кілт сөздер:
әртіс, аурухана
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

0
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

0