Әлем

Жас отбасы 6 миллион теңге ақша салынған пакетті байқаусызда қоқысқа тастаған

© Sputnik / Тимур БатыршинМусоросортировочный завод
Мусоросортировочный завод - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерлі-зайыпты ақша салынған пакетті 12 тонна қоқыстың ішінен іздеген

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Түмен қаласында жас отбасы алты миллион теңгедей (1 миллион рубль) ақша салынған пакетті байқаусызда қоқысқа тастаған.

Ерлі-зайыпты пәтер сатқан, ал оның ақшасын кәдімгі пакетке салып қойған екен, деп жазады life.ru.

Ұлттық ұлан сарбаздары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
5 млн теңгесін жоғалтып алған кәсіпкерге ақшасын қайтарып берді
"Бізге жас отбасы келді. Олар анасын өздеріне көшіріп алып, ал оның пәтерін сатқан. Ал ақшаны пакетке салып, үйде тастап кетеді", - деді баспасөз мәслихатында жергілікті қоқыс сұрыптау зауытының цех бастығы Виктор Загидулин.

Бір миллион рубль салынған пакетті үйде қалған жігіттің анасы лақтырып жіберген. Ол үй жинап жүріп, қоқыс салынған пакетпен шатастырып алып, контейнерге апарып тастайды. Ерлі-зайыпты 12 тонна қоқыстың ішінен ақыры пакетті тауып алған.

Жаңалықтар
0