Әйелдер

"Әйелдің бәрі - жезөкше": қыз-келіншектерді аяусыз өлтірген атышулы қанішерге үкім шықты

5522
Ер адам Ресей, Украина және Өзбекстанда жантүршігерлік қылмыс жасаған

АЛМАТЫ, 7 сәуір - Sputnik. Мәскеу қалалық сотында "ақ қолғапты маньяк" деген атпен танымал 46 жастағы Өзбекстан азаматы Бақтияр Матякубовқа үкім шықты. Ресейде, Украинада, Өзбекстанда қыз-келіншектерді өлтірген ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп жазады "Комсомольская правда".

Матякубовқа Мәскеуде және Мәскеу маңында бес әйелді аяусыз өлтірді деген айып тағылған. Бұдан бөлек, ол Украина мен Өзбекстанда да сонша әйелдің жанын алған екен. Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындады. Ол бұл қылмысқа әйел атаулыны жек көргендіктен, оның бәрін жезөкше деп санағандықтан барғанын айтты.

Матякубов бала кезінен қолына ақ қолғап киюді әдетке айналдырыпты: құрбандарын ақ қолғап киіп өлтірген ол көп ұзамай "ақ қолғапты маньяк" деген лақап атқа ие болады. Мәскеу қалалық соты оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тура осындай үкімді бұдан бұрын Украина соты да шығарған еді. Енді ол туған жері – Өзбекстанға депортацияланбақ.

Тергеу кезінде Матякубовтың інісі ағасының ашуланшақ екенін, үнемі пышақ ұстап жүретінін, одан отбасы мүшелерінің өзі де қорқатынын айтқан. Маньяктың құрбаны болған он шақты әйелдің тең жартысы - мәскеуліктер. Қылмыскер оларды төрт айдың ішінде өлтірген.

"Бұған дейін де әйел зорлап, кісі тонағаны үшін Өзбекстанда түрмеге отырып шығыпты. Түрмеде отырғанында әйелі басқа біреумен көңіл қосқан екен. Түзету мекемесіндегі жағдайы мәз болмады. Осының бәрі Матякубовтың ақыл-есіне әсер етіп, психикасын бұзған", - делінген тергеу қорытындысында.

Өзбекстанда түрмеден босап шыққан соң сотталушы Санкт-Петербургке кетіп қалады. Мұнда бір қызбен танысып, көңіл жарастырған, алайда көп ұзамай қызы тастап кетіпті. Ашуға булыққан Матякубов Мәскеуге қарай тартады. Жолда көлігіне бір әйел отырып, оны жеңіл жүрісті деп санаған қылмыскер жолаушыны пышақтап, шұңқырға лақтырған. Осылайша бұрынғы сүйіктісінен ала алмаған өшін басқа әйелден алыпты. Құрбанның денесі жарты жылдан соң бір-ақ табылады.

Ең соңғы қылмысын Мәскеудегі жыныстық қатынасқа қажетті заттар сататын дүкенде жасаған. Туған күнінде Матякубовқа ақша қажет болады. Арам ойын іске асырғысы келген ол сатушыдан неге мұндай жерде жұмыс істейтінін сұрайды. Әйел шатағың болмасын деп жауап қайырған. Сол кезде ол сатушыға тап беріп, 15 рет пышақ салады. Жантүршігерлік қылмыс жасаған соң, дүкеннен ақша және бірқатар тауарды тонап кетеді. Бірақ бақылау камерсына түсіп қалғандықтан, екі күннен кейін Киевте ұсталған.

5522
Кілт сөздер:
үкім, қылмыс
Көлік, жол

Көлік дәмхана ішіне кіріп кетті оқиғаның видеосы тарады

677
Көлік жүргізушісі жол қиылысында рөлге ие бола алмай, дәмхана есігіне соғылды.  Дәл осы сәтте жаяу жүргіншілер жолдан өтпек болған

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында көлік дәмхананың шыны есігін бұзып, ішіне кіріп кетті.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Видеоны LIFE SHOT Telegram-каналы жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, жағдай Петроград ауданының Большая Монетная көшесінде болған. Көлік жүргізушісі жол қиылысында рөлге ие бола алмай, дәмхана есігіне соғылды. Дәл осы сәтте жаяу жүргіншілер жолдан өтті. 

Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

677
Тақырып бойынша
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Нұр-Сұлтан автобусындағы жанжал: жүргізуші жұмыстан шеттетілді
Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео
Алматыда BMW бетон қабырғаға соғылды – көліктің сау-тамтығы қалмаған
Алматы орталығында жүргізуші танысына оқ атты
Борис Грачевский

"Ералашты" экранға шығарған Борис Грачевский өмірден озды

29
(Жаңартылды 08:26 15.01.2021)
Грачевскийдің досы оның коронавирус індетімен күрескенін хабарлады. "Ералаштың" көркемдік жетекшісі 71 жаста еді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. "Ералаш" балалар бағдарламасының көркемдік жетекшісі Борис Грачевский 71 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ақын Симон Осиашвили досы Борис Грачевскийдің COVID-19 індетіне шалдыққанын хабарлады.  

Бұған дейін Грачевский коронавирус диагнозымен Мәскеудегі №52 қалалық ауруханаға жатқызылған, оның жағдайы ауыр деп бағаланды. Кейінірек денсаулық жағдайы жақсарды. Бейсенбі күні оның досы, актер Владимир Долинский Грачевский дәрі-дәрмекпен ұйықтап жатқанын, оның жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Белгілі музыкант Еркебұлан Мүсіреп өмірден озды

Борис Грачевский 1949 жылы 18 наурызда дүниеге келген. Кинорежиссер, сценарист, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері. "Крыша", "Между нот, или Тантрическая симфония" фильмдерінің режиссері ретінде танымал.

 Грачевский коронавирус инфекциян жұқтырғаны 2020 жылдың желтоқсан айының соңында белгілі болды, 7 қаңтардан бастап жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. Ол бұрын тері қатерлі ісігіне шалдыққан.  

29
Тақырып бойынша
Қазақстандық футбол клубының директоры қайтыс болды
Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды
Жақсылық Үшкемпіров дүниеден озды
Назарбаев Джигарханянның отбасына көңіл айтты
Газ құбыры

"Солтүстік ағын - 2" жобасы құрылысының кестесі нақтыланды

0
"Солтүстік ағын – 2" жобасына қатысқан даниялық Ramboll компаниясы Вашингтонның санкцияларынан сескенді, деп хабарлады БАҚ. Расында да, 1 қаңтардан бастап Америка құрама штаттары жобамен байланыстыларға қарсы шараларды күшейтті

Еуропада шиеленіс артып жатыр: немістер санкциялардан қорғайтын қор дайындап жатса, ағылшындар америкалықтардан үлгі алып жатыр, ал шведтер "газ соғысы" басталады деп секемденіп отыр. Газ құбырының тағдыры не болмақ?

"Солтүстік ағын -2" құбырының шетелдегі құрлықтағы бөлігінің құрылысы сәтті аяқталды. Қазір Германия суларында құбырлар төселуде. Одан кейін Даниядағы суларда салынады. Жоба аяқталуға бет бұрды. 1 қаңтардан бастап қорғаныс бюджеті туралы жаңа заң күшіне енді. Ол құжатта Ресейдің газ құбырына қарсы қосымша санкциялар қарастырылған.

Негізінен, мұнда мәселе тестілеу, инспекция немесе сертификаттау қызметтерін ұсынатын ұйымдарға қатысты болып отыр. Норвегиялық DNV GL компаниясы қазірдің өзінде газ құбырын тексеру бойынша барлық әрекеттерді тоқтататынын және оны сертификаттай алмайтынын мәлімдеді.

АҚШ Сенатындағы республикашылардың көшбасшысы Митч Макконнелл бұған дейін қорғаныс бюджеті туралы заң мемлекет қауіпсіздігінде және "Қытай мен Ресей сияқты қарсылас державалардың жолын кесуде" шешуші мәнге ие екенін мәлімдеді. Бұл құжат АҚШ-тың "теңіздегі, құрлықтағы, әуедегі, киберкеңістіктегі және ғарыштағы басымдылығын" бекітеді. 

"Газпром" енді шамамен 150 километр құбыр салуы керек (120 – Данияда және 30-дан астам Германияда). Газ құбыры 94%-ке дайын. 

11 қаңтарда Германияның аймақтық суларындағы жұмыс бір жылдық үзілістен кейін қайта жанданды. 15 қаңтардан бастап Дания жағалауында құбыр тқсеу басталады. 

"Фортуна" құбыр төсейтін кемеге "Мурман" және Ресейдің теңіздегі құтқару қызметінің "Балтийский исследователь" кемелері және тағы басқа қамсыздандыру кемелері көмектеседі. Теңізде құбыр төселетін аймақтың екі жағынан ені 200 метр уақытша шектеу орны құрылады. 

"Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова теңіздегі учаскенің құрылысын аяқтау көпи жағдайға, соның ішінде, ауа райына байланысты болатынын мәлімдеді. 

Ал АҚШ СА-2 құрылысына қол ұшын беріп жатқан компанияларды қорытып-үркітуін тоқтатар емес. 

"Біз тәуекелдер жайлы хабардар етіп, кеш болмай тұрғанда серіктестіктен бас тартуға шақырып отырмыз", - деді Мемлекеттік департаменттегілер. Reuters агенттігінің ақапараты бойынша, алдағы күндері Ақ үй "тиімсіз компаниялар" тізімін жариялайды. 

Ресей СІМ "газпромның" шет елдердегі серіктестеріне АҚШ қанша қысым көрсетсе де, бұл жоба сәтті аяқталатынына Ресей еш күмән келтірмейтінін айтты. Германия "Солтүстік ағын -2" жобасын экономикалық жоба ретінде қарастыруды жалғастыруда және АҚШ-тың экстерриториялық санкцияларына қарсы. Германия парламенті " MV климатын және қоршаған ортасын қорғау" атты экологиялық қор құру туралы шешім қабылдады. 

Бұл қор америкалық санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік береді. Мекеме жоба аясындағы қажетті жабдықтарды сатып алуға құқылы және ол ең алдымен газ құбырын экология үшін маңызды деп шешім шығарады. Санкциялар қупі төнген компаниялар осы кәсіпорын ұсынатын экономикалық құралдар арқылы ресейлік тараппен өзара әрекеттесе алады. 

Айта кету керек, немістер санкциялардан қорғанып үлгеретіні жөнінде сарапшылар екіұдай пікір білдіруде. Себебі, бір жағынан, қор Вашингтонның барлық күш салуын жоққа шығаруға жеткілікті инвестициялар мен құзыретке ие болды. Ал, екінші жағынан бұл қорды құру идеясы "жасыл экономиканы" жақтаушылардың наразылығын тудырды. Соондықтан, СА-2 жақтаушылары қоршаған орта үшін қауіпті жобаны "жасыл" деп жіктеуге қарсылық білдіргендермен келісімге келуі керек. 

Өнеркәсіптік сарапшы Леонид Хазанов қалай болғанда да Германия Вашингтонның жетегінде кетпейді. 

"Әрине, қор санкцияларға ұшырайды, бірақ олардың әсері болмайды. Оның мердігерлеріне қарсы олар жаңа заң жобасын дайындап, оны Конгресс арқылы қабылдауы және президенттің қол қоюын күтуі керек болады. Бұл процесс алты айға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт ішінде "Солтүстік ағын – 2" жобасының құрылысы аяқталып үлгереді", - деп санайды сарапшы. 

Британдық парламентші консерватор Дэниел Кочинскидің айтуынша, британдықтар Еуроодаққа мүше болмағандықтан, "америкалық достарының ізінен еріп, "Солтүстік ағын – 2" жобасына тартылған барлық компанияларға қарсы санкциялар енгізу керек". 

Ал, Швециядағылар Джо Байденнің президент болуы газ құбыры үшін елге жақын маңда "газ соғысының" басталуына ықпал етеді ме деп қорқуда. Жергілікті басылым, америкалық демократтың Дональд Трампқа қарағанда әлдеқайда қатал екенін атап көрсетті.

0