Қыз бен жігіт, архивтегі сурет

Қыз қыр соңынан қалмай қырындаған жігіттің сазайын берді күлкілі видео

8407
Желіде жарияланған бейнежазба желі қолданушыларының қызу талқысына түсті

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Санкт-Петербург қаласында жүргізуші қыздың өзіне қырындаған жігітті капотына жатқызып алып, кетіп бара жатқан сәті видеоға түсіп қалды.

Оқиға куәгерлері жариялаған бейнежазба желідегі жұрттың қызу талқысына түскен.

Күлкілі жағдай 2 шілде күні таңертең болыпты. "Комсомольская правда" басылымы жазғандай, қыз жігітті капотына жатқызып алып, "Звездная" метро станциясынан Орджоникидзе көшесіне дейін апарған. Кадрларда Chevrolet Cruze рөлінде қара шашты қыз отыр, ал жасыл жейде киген ер адам капотқа жармасып, үстінде жатыр.

Жүргізуші қыздың айтуынша, жігіт қырындап маза бермеген соң, осылай сазайын тартқызғысы келіпті.

Тағы оқыңыз: Келіншегін тексермек болған жігіттің видеосын 33 млн адам көрді

"Өлтірейін деген ойым жоқ еді, - дейді ол. – Көлікті ақырын айдадым".

Бір жарым шақырымдай жүріп өткен ару автобус аялдамасына тоқтайды. Жігіт түсе салысымен жүргізуші есігіне жақындап еді, қыз оған пысқырып та қарамай кетіп қалды.

8407
Кілт сөздер:
видео, жігіт, қыз
 Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің ғимараты

Қазақстанның Мәскеудегі консулдық бөлімі жұмыс тәртібін өзгертті

29
(Жаңартылды 12:59 29.10.2020)
Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің консулдық бөлімі республикасы азаматтарының жедел және шұғыл сипаттағы өтініштерін қабылдауды жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Мәскеуде орналасқан Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі келушілерді қабылдауды тоқтатады.     

"2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Мәскеудегі елшілігінің консулдық бөлімі төтенше және шұғыл жағдайға қатысты Қазақстан азаматтарының өтініштерінен басқа барлық консулдық және мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатады", - делінген елшіліктің хабарламасында.

Мұндай шара COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу қаупінінің артуына және келушілер денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданды.

Оқи отырыңыз: Депутаттар вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды талап етті 

Шұғыл мәселелер бойынша 8-925-897-71-14 "қауырт желі" телефонына қоңырау шалуға болады.

Басқа сұрақтарды Consularkz_bot телеграм ботына немесе consul.moscow@mfa.kz поштасына жолдау керек.

29
Кілт сөздер:
Мәскеу, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстандық ғалым С дәрумені негізінде ракқа қарсы дәрі ойлап тапты
Анықтама қажет: Қазақстанда жиналысқа қатысатындар үшін жаңа ереже күшіне енді
Семейде зертхананың әрбір екінші COVID анализі қате болып шықты
Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды
Спутник V вакцинасы

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды

1122
"Спутник V" вакцинасын әзірлеген мамандар індетке шалдыққан науқастарға нақты не егілгенін тексермек

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. "Спутник V" вакцинасының сынағына қатысқан бірнеше еріктіде COVID-19-ға тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Сынақты жүргізіп жатқан Гамалея орталығы науқастарға нақты не егілгенін анықтайды – нағыз вакцина ма, жоқ әлде плацебо ма (емдік қасиеті жоқ зат – Sputnik).

"Статистика бойынша оң нәтиже көрсеткен ПТР-тестер мен қандай да бір аурулар бар, бірақ оларға плацебо салынуы мүмкін. Алдын ала қорытындыны қарашаның ортасында ғана шығара аламыз", - деді Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург РИА Новости-ге.

Ол зерттеуге қатысып жатқан еріктілердің жартысы вакцинаның алғашқы компонентін алғанын нақтылады. Тоғыз мыңға жуығы вакцинаны екінші рет салдырды.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі тамызда әлемде алғаш болып коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді. Екпе "Спутник V" деп аталады. Вакцина екі компоненттен тұрады.

Тағы оқыңыз: Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды

Екпенің клиникалық сынағы Мәскеуде 7 қыркүйекте басталды, ал 9 қыркүйекте алғашқы қатысушыларға егілді. Зерттеуге барлығы 40 мың ерікті қатысады. Олардың 10 мыңына плацебо егіледі – бұл вакцинаның тиімділігін тексеру үшін қажет.

Сондай-ақ, Ресей вирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" атты екінші вакцина шығарды. Оның тіркеуден кейінгі сынағы жуырда басталады. Сынаққа 40 мың ерікті, соның ішінде 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдар қатысады, деп мәлімдеді ведомстводан.

1122
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Kazpatent коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге қатысты ақпарат таратты
Ресейде коронавирусқа қарсы екінші вакцина өндіріле бастады
Қар, архивтегі сурет

Қазақстанда 1 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

15
(Жаңартылды 14:55 31.10.2020)
Sputnik Қазақстан 1 -14 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

1 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 - "Астана Операда" "l`esprit du vents" камералық музыка кеші.  Дамиля Махпірова, Әсет Нелдібаев, Гүлжанат Жанатаева өнер көрсетеді (Қонаев көшесі, 1).

Алматы

11.00 – "Алмакон" халықаралық комикстер фестивалі. Бәрібаев көшесі, 36. Байланыс телефоны: +7 (771) 462-85-52).

2 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің "Ауылым – алтын бесігім" онлайн-концерті (@astana_philharmonic Instagram парақшасында).

4 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Абай әлемі" топтамасынан концерт: "Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...". Концерттік бағдарламада Б.Ерзакович, М.Сағатов, Б.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Қ.Шілдебаев және басқа композиторлардың өңдеуіндегі Абай әндері шырқалады. "Астана Операда" алғаш рет Абайдың өлеңдеріне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың вокалдық циклы орындалады (Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Наедине с Пушкиным" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

12.00 – Эрнст Гофманның ертегісі бойынша "Щелкунчик" балеті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.30 – "Желтораңғы туралы аңыз" балетінің премьерасы. Театр сахнасында адамдар әлемі мен табиғаттың текетіресі туралы балет қойылады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

15
Кілт сөздер:
қараша, Қазақстан