Дмитрий Медведев

Медведев Түрікменстан президентінен алған сыйлығын көрсетті видео

1195
Видеода төрт айлық Айк күшігі Дмитрий Медведевтің "Горки-9"-дағы ресми резиденциясында жүр

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев өзіне Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов сыйлаған алабайды көрсетті.

Айк Ресейдің үкімет басшысының резиденциясында жүр. Ол резиденцияның кабинеттерін емін-еркін аралап, иесін көргенде қуанады.

Түрікменстан басшысы Медведевке алабайды мамыр айында сыйлаған болатын.

Түрікмен алабайы – ортаазиялық овчарканың түрі. Ең көне тұқымның бірі саналады. Түрікменстанда мемлекеттік деңгейде қорғауға арналған.

2017 жылы Бердімұхамедов Ресей президенті Владимир Путинге де алабай күшігін сыйға тартқан болатын.

Дмитрий Медведев жексенбі күні Түрікменстандағы тұңғыш Каспий экономикалық форумына барды. Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин де кездесуге қатысты.

Бұл - БАҚ- ТА Бердімұхамедов қайтыс болды деген сыбыс тарағаннан кейін Түрікменстан президентінің көпшілік алдына алғаш рет шығуы.

1195
Кілт сөздер:
алабай, видео, президент, Түрікменстан, Дмитрий Медведев
Тақырып бойынша
Бердімұхамедовтің "өлімі": саясаттанушы кешірім сұрады
Медведев Атамбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Асқар Мамин ЕАЭО-дағы әріптестерімен киіз үйде бас қосты – фотодерек
Оқушылар өз қалтаcынан президенттің кітаптарын сатып алуға міндеттелді
Тоқал алуға бола ма? Түрікменстан президенті заңға қол қойды
Бала, архивтегі сурет

Зейнеткер терезеден құлаған баланы қағып алды видео

687
(Жаңартылды 08:12 28.07.2021)
Үй шаруасын істеп жүрген әке-шешесі бүлдіршіннің терезеден қалай құлағанын байқамай қалған екен

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ресейдің Новокузнецк қаласында зейнеткер терезеден құлап кеткен баланы қағып алды. Осы оқиға бейнебақылау камерасына жазылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Кемеров облыстық ішкі істер басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, бір жарым жасар бүлдіршінді құтқарған әйел баланы ата-анасына беріп, кетіп қалған.

Оқиға орнына барған инспекторлар жағдайдың мән-жайын анықтады. Баланың әке-шешесі үй шаруасын істеп жүріп, бүлдіршіннің терезеге қалай шығып кеткенін байқамай қалған. Даладан біреудің айқайлаған даусын естіді. Терезеден қараса, егде жастағы әйел кішкентай баланы қолында ұстап тұр.

Дәрігерлер бүлдіршіннің денесінде болар-болмас жарақат іздері бар екенін айтып отыр. Ал полицейлер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы зейнеткерді іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары құтқарушыны тапты.

64 жастағы Светлана Санарова ол күні дүкеннен келе жатқан. Ал терезеден тұрған баланы көрген бойда пакеттерін тастап, көпқабатты үйге қарай жүгірді. Қолын созып, екінші қабаттан құлаған баланы қағып алды.

Ішкі істер министрлігінің Новокузнецк қалалық басқармасы және қоғамдық кеңес мүшелері батыр зейнеткермен кездесіп, алғыс айтуды жоспарлап отыр.

687
Тақырып бойынша
Қарағандыда қолына баласын алған әйел терезеден секірмек болды – видео
Туысының үйіне терезеден кірген әйел тоңазытқыштан баланың денесін тауып алған
Отағасы ұйықтап жатқан: Терезеден қарап отырған әйел қызынан көз жазып қалды
Жасөспірім кішкентай қарындасын терезеден лақтырып жіберді
Көкшетауда бір жасар сәби терезеден құлап кетті
қызметекер шприцке вакцина толтыруда

AstraZeneca мен "Спутник Лайт" вакциналары бірлескен сынақтан өткізіледі

43
Гамалея орталығы, AstraZeneca, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "Р-Фарм" компаниясы 2020 жылдың 21 желтоқсанында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде - Sputnik. Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы AstraZeneca және "Спутник Лайт" вакциналарына бірлескен зерттеу жүргізуді мақұлдады, деп жазды РИА Новости.

"COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының алдын алуға арналған "гетерологиялық прайм-буст" әдісі бойынша енгізілетін AZD1222 және rAd26-S препараттары комбинациясының қауіпсіздігі мен иммуногенділігін анықтауға арналған І/ІІ кезеңдерінің зерттеуі", - деп жазылған клиникалық зерттеулер жүргізуге арналған рұқсат тізімінде.

Сынаққа 150 адам қатысады. Зерттеу 2022 жылдың 2 наурызында аяқталады деп күтілуде.

Гамалея орталығы, AstraZeneca, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "Р-Фарм" компаниясы 2020 жылдың 21 желтоқсанында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды. Ол құжатта "Спутник V" вакцинасы компоненттерінің бірі мен AstraZeneca компаниясы Оксфорд университетімен бірлесіп әзірлеген AZD1222 вакцинасы компоненттерінің бірін біріктіріп қолдану үшін клиникалық зерттеулер жүргізу аясында ынтымақтастық орнату қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Екпенің әсерін коронавирус симптомынан қалай ажыратуға болады

 

43
Кілт сөздер:
Ресей, вакцина
Тақырып бойынша
Вакцина салдырған студенттерге сыйлық беретін университет көбейді
"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 
1 қыркүйекке дейін балаларды вакцина салдыруға міндеттей ме?
Жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға бола ма – видео
тауарлы поезд

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

0
Агроэкспресс пойыздар кешікпей, жылдам жүруі керек. Бұл тез бұзылатын өнімдерді жеткізу үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстан мен Ресей агроөнімдерді тасымалдауға арналған "жасыл дәліз" құру жайын талқылап жатыр.

"Ресей – Өзбекстан" агрологистикалық дәлізі үшжақты болуы керек. Себебі тауарлардың жүк ағыны Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр", - деді "Ресей экспорт орталығы" АҚ бас директоры Вероника Никишина.

Ол бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлады министрлік.

"Пойыздар кешігусіз, жылдам жүруі үшін бақылаушы органдардың жұмысын үйлестіру керек болады. Себебі бұл жылдам бұзылатын тауарларды жеткізу үшін аса маңызды. Осылайша біз үш елдің бизнесіне бәсекелестік артықшылық ұсынып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта аламыз", – деді Вероника Никишина.

Өз кезегінде қазақстандық вице-министр екі ел де оңтүстіктен тауар жеткізуді толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

"Бізге осы жұмысты үйлестіріп, біріздендіру керек. Оның ішінде Ресейден Ауғанстанға дейінгі дәліз бойынша тиімді транзиттік тарифтер қалыптастыру мәселесі де бар", - деді Қайрат Төребаев.

Тараптар Орталық Азия – Қазақстан – Ресей тауарлар ағыны мен Еуразиялық тауар өткізуші жүйе қалыптастырудағы екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сонымен қатар "Қорғас" және "Орталық Азия" сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық шекара маңындағы орталықтар базасында өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. Оның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия мен Қытай сынды үшінші елдің нарығына бірлесіп дайындалған өнімді шығару мәселесі де бар.

Осы аталған мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру және тәжірибе алмасу мақсатында тараптар жақын уақытта "Qaztrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен "Ресей экспорт орталығы" АҚ арасында әріптестік туралы келісім жасау жөніндегі мәмілеге келді.

Бұл кездесу вице-министр Қайрат Төребаевтың "Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021" ХІІ Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына қатысуы аясында өті. Саммит шеңберінде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы мен Қазақстан-Ресей бизнес-форумы да өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Лавров Ресей – Еуроодақ саммитін өткізуге не кедергі екенін айтты

0
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Досаев Тоқаевқа экономика өсімін 3,9% деңгейде жақсарту туралы айтты
Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды
Мерзімі өтіп кеткен қандай азық-түлік өнімдерін жеуге болады