Гүл мен шырақ, архивтегі сурет

Белгілі актриса 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды

4915
Аты аңызға айналған Зинаида Славина келесі жылы сәуір айында 80 жасқа толар еді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек — Sputnik. РКФСР халық әртісі Зинаида Славина 80 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы "Таганка актерлерінің достастығы" баспасөз қызметі хабарлайды.

Зинаида Славина 1940 жылы 6 сәуірде Петергофта дүниеге келді. Ол Щукин атындағы театр училищесін бітірген. Ширек ғасырдай Таганка театрының бетке ұстар  актрисасы болды. Осы театр сахнасына алғаш рет Юрий Любимовтың  "Добрый человек из Сезуана" спектакліндегі рөлімен шыққан еді.

Ал 1964 жылы Владимир Высоцкиймен бірге шыққаны халықтың мәңгі жадында қалды. 1993 жылы Славина Николай Губенко жетекшілік еткен "Таганка актерлерінің достастығы" қайта құрылған театрының құрамына өтті. Ол 1600-ден астам спектакльде рөл сомдаған.

Тағы оқыңыз: Ресейдің халық әртісі қайтыс болды

1965 жылы Зинаида Славина киноға түсе бастады, алғашқы фильмі – "Дорога к морю" картинасы. Сондай-ақ ол "Високосный год", "Салют, Мария!", "Семеные обстоятельства", "Новоселье" фильмдеріндегі рөлімен көпшілікке танымал.

1986 жылы актрисаға РКФСР-ның халық әртісі құрметті атағы берілді.

4915
Кілт сөздер:
халық әртісі
Мәскеудегі АҚШ елшілігі

Ресей елшілігі АҚШ-та алты азаматының айыпталуына қатысты түсініктеме берді

21
Вашингтондағы Ресей елшілігі АҚШ-тың бүкіл әлемдегі хакерлік және тұрақсыздандыру әрекеттеріне қатысы бар деg Ресей азаматтарына таққан айыптарын жоққа шығарады

Бұған дейін АҚШ-тың әділет министрлігі мен федералды тергеу бюросы басқа елдердің инфрақұрылымына шабуыл жасау мақсатында хакерлік шабуылдарға және зиянды бағдарламалардың таралуына қатысы бар деg бес ресейлікті айыптағаны белгілі. Атап айтқанда, оларға 2017 жылы NotPetya вирусының таралғаны үшін айып тағылуда, деп мәлімдеді дипломатиялық миссияның өкілі РИА Новости агенттігіне.

АҚШ-тың болжамынша, бұл адамдар бас барлау басқармасының қызметкерлері және олар Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға кибершабуылдарды ұйымдастырған. Өз кезегінде Ұлыбритания да Ресей барлау қызметі Токидағы Олимпиада ойындарын кейінге қалдырғанға дейін ұйымдастырушыларға кибершабуыл жасауды жоспарлағанын мәлімдеді.

"Мұндай жаңалықтардың шындыққа жанаспайтындығы және америкалық қоғамда көңіл-күйді қоздыруға, тыңшылардың ізіне түсуге бағытталғандығы анық. Мұның бәрі бірнеше жылдан бері Вашингтонның саяси өмірінің айрықша сипатына айналып келеді. АҚШ билігі бір кездердегі прагматикалық Ресей-АҚШ қарым-қатынасын бұзып, өз тұрғындарына Ресейге және онымен байланысты барлық дүниеге қатысты теріс түсінікті жасанды түрде таңып отыр", - деп түсіндірді бұл туралы елшілік өкілі.

Агенттікке сұқбат беруші Ресейдің бүкіл әлемді "тұрақсыздандыратын операцияларға" қатысуға деген ниетінің жоқтығын және болмағанын атап өтті.

"Бұл біздің сыртқы саясатымызға, ұлттық мүдделерімізге, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қалай құрылатындығы жөніндегі таным-түсінігімізге сәйкес келмейді. Ресей басқа елдердің егемендігін құрметтейді және олардың ішкі ісіне араласпайды", - деп толықтырды ол сөзін. 

АҚШ пен Ұлыбританияның ресейлік хакерлерді түрлі шабуылдар, оның ішінде Токио Олимпиадасының ұйымдастырушыларына қатысты әрекетке айыптауы негізсіз екенін және оның ішкі аудиторияға бағытталғанын мәлімдеді.

21
Москва қазақша Анастасия Решетникова мен Елизавета Осипова

Видеоблог авторлары президент алғысына ие болды

45
(Жаңартылды 14:53 17.10.2020)
Қазақстан президенті жоба жетекшілеріне қазақ тілі мен мәдениетін насихаттағаны үшін ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев "Москва қазақша" видеоблогының авторлары Анастасия Решетникова мен Елизавета Осиповамен кездесті. Елші оларға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті, деп хабарлайды Sputnik  Қазақстан.

Мұндай ақпарат елшіліктің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

"Сіздер қазақ тілін жетік меңгеріп, "Москва қазақша" блогының көмегімен оның танымал болуына үлкен үлес қосып келесіздер. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтатын игі істеріңіз қолдауға ие және кеңінен танымал. Қазақ мәдениетін насихаттағандарыңыз үшін өз ризашылығымды білдіремін", – делінген алғыс хатта. 

Ал қыздардың өздері Қазақстан президентінен алғыс хат аламыз деп күтпеген.

"Жобамызды бастағанда мұндай жоғары марапат туралы ойламадық. Біз оны шын пейілмен жасаймыз. Мұндай марапатқа ие болу өте маңызды әрі бұл екіжақты қатынастарды дамыта түседі", – дейді Осипова.

Айта кетейік, Елизавета Осипова мен Анастасия Решетникова Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетін (ММЛУ) бітірген. Олар қазақ тілін шет тілі ретінде оқыған. Оқып, үйренгендерін ұмытып қалмау үшін қыздар 2018 жылдың қараша айында видеоблог жүргізуді қолға алады.

Жоба авторлары Sputnik Қазақстанға университеттегі алғашқы сабаққа дейін қазақша мүлдем білмегендерін айтқан. Сондай-ақ, өткен жылы мәскеулік бойжеткендер халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі сайтында видео түсіріп, қонақтарды Қазақстан павильонына шақырған.

Оқи отырыңыз: "Табиғи әрі дұрыс процесс" Ресей елшісі қазақ тілі туралы ойын айтты

Сонымен қатар, олар Қазақстанға келіп, Алматы мен Шымкент туралы да видео түсірген.

45
Кілт сөздер:
алғыс айту, Мәскеу, қазақ тілі
Тақырып бойынша
Астаналықтар қала тұрғынының қазақ тілі туралы сұрағына ду қол шапалақтады
"Қазақ тілі болуы тиіс" Тоқаев үштілділікке қатысты ұстанымын айтты
Қазақ тілі мұғалімі бар: Қордайда қаза болғандардың аты-жөні жарияланды
Нұр-Сұлтанда қазақ, ағылшын тілі курстары тегін оқытылады
"Қазақ тілі – қазақтың жаны" Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын ашық білдірді
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады