Науқас, архивтегі сурет

Танымал әншіге ота жасалды

3328
Ресейдің халық әртісі 1 қыркүйек күні ауруханаға түскен

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің халық әртісі Александр Розенбаумға Мәскеудегі Герцен атындағы ғылыми-зерттеу онкологиялық институтында ота жасалды, деп хабарлайды "Москва" агенттігі.

БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, әншіге ісікті алып тастау бойынша ота жасалған.

Певец Александр Розенбаум, архивное фото
© Sputnik / Нина Зотина
Ресейдің халық әртісі Александр Розенбаум

Розенбаум 1 қыркүйек күні омыртқа дорсопатиясы диагнозымен ауруханаға түскен.

2018 жылдың жазында Иосиф Кобзон Розенбаумның онкологиялық клиникада ем алып жатқанын хабарлаған болатын. Алайда әртіс бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

Тағы оқыңыз: Белгілі қазақстандық әнші жол апатына түсті – фото

Александр Розенбаум — Ресейдің халық әртісі, бірқатар ән авторы. Сондай-ақ, "Не хлебом единым", "Чтобы выжить" және "Афганский излом" фильмдеріне түсті.

3328
Кілт сөздер:
Ресей, ота, әнші
Тақырып бойынша
"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді
480 күн ес-түссіз жатқан сәбиге елордада бұрын-соңды болмаған ота жасалды
Юрий Шатуновқа шұғыл ота жасалды
Қазақстандық әйел Ресейде пластикалық ота жасатқаннан кейін көз жұмды 
Науқас миына ота жасаған кезде дауыстап дұға оқыды - видео
Москва қазақша Анастасия Решетникова мен Елизавета Осипова

Видеоблог авторлары президент алғысына ие болды

43
(Жаңартылды 14:53 17.10.2020)
Қазақстан президенті жоба жетекшілеріне қазақ тілі мен мәдениетін насихаттағаны үшін ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев "Москва қазақша" видеоблогының авторлары Анастасия Решетникова мен Елизавета Осиповамен кездесті. Елші оларға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті, деп хабарлайды Sputnik  Қазақстан.

Мұндай ақпарат елшіліктің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

"Сіздер қазақ тілін жетік меңгеріп, "Москва қазақша" блогының көмегімен оның танымал болуына үлкен үлес қосып келесіздер. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтатын игі істеріңіз қолдауға ие және кеңінен танымал. Қазақ мәдениетін насихаттағандарыңыз үшін өз ризашылығымды білдіремін", – делінген алғыс хатта. 

Ал қыздардың өздері Қазақстан президентінен алғыс хат аламыз деп күтпеген.

"Жобамызды бастағанда мұндай жоғары марапат туралы ойламадық. Біз оны шын пейілмен жасаймыз. Мұндай марапатқа ие болу өте маңызды әрі бұл екіжақты қатынастарды дамыта түседі", – дейді Осипова.

Айта кетейік, Елизавета Осипова мен Анастасия Решетникова Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетін (ММЛУ) бітірген. Олар қазақ тілін шет тілі ретінде оқыған. Оқып, үйренгендерін ұмытып қалмау үшін қыздар 2018 жылдың қараша айында видеоблог жүргізуді қолға алады.

Жоба авторлары Sputnik Қазақстанға университеттегі алғашқы сабаққа дейін қазақша мүлдем білмегендерін айтқан. Сондай-ақ, өткен жылы мәскеулік бойжеткендер халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі сайтында видео түсіріп, қонақтарды Қазақстан павильонына шақырған.

Оқи отырыңыз: "Табиғи әрі дұрыс процесс" Ресей елшісі қазақ тілі туралы ойын айтты

Сонымен қатар, олар Қазақстанға келіп, Алматы мен Шымкент туралы да видео түсірген.

43
Кілт сөздер:
алғыс айту, Мәскеу, қазақ тілі
Тақырып бойынша
Астаналықтар қала тұрғынының қазақ тілі туралы сұрағына ду қол шапалақтады
"Қазақ тілі болуы тиіс" Тоқаев үштілділікке қатысты ұстанымын айтты
Қазақ тілі мұғалімі бар: Қордайда қаза болғандардың аты-жөні жарияланды
Нұр-Сұлтанда қазақ, ағылшын тілі курстары тегін оқытылады
"Қазақ тілі – қазақтың жаны" Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын ашық білдірді
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров

ЕАЭО аясындағы байланысты нығайту мәселесі сөз болды

42
(Жаңартылды 16:20 14.10.2020)
Ресейдің сыртқы істер министрі ТМД елдері арасында экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, білім беру жобалары жүзеге асырылып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ пен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер байланысты нығайтуы керек. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

Ол Sputnik радиосына берген сұқбатында Ресейдің өзара сыйластық негізінде байланыс орнатқан серіктестері бар екенін атап өтті.

"Бізде әскери-саяси саладағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бар. ТМД елдері арасында экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, білім беру жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұған қоса, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ бар екенін білесіздер. Оларды нығайту керек", - деді Сергей Лавров.

Лавров Ресей президентінің тиісті тапсырмасы үкіметте қаралып жатқанын жеткізді

"Әрине, біз бұл жобалардың тартымды, сәтті болуына мән беруіміз керек. Меніңше, Батыстың бізге берген бағасына тәуелді болмауымыз қажет", - деді ресейлік министр

42
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар ЕАЭО-дағы ең бақытты халық атанды – әлемдік рейтинг 
Лавров Ресейде оқитын қазақстандық студенттердің мәселесі бір айда шешілетінін айтты
Әлем бөлектенуден шаршады - Лавров
Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді
Лавров Путиннің мәлімдемесін оқып берді – видео
Күзгі астана

Қазақстанда 20 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 20-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09:00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде ветеринарлық, фитосанитарлық қауіпсіздік, дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарда көрсетіледі. Байланыс: 8 (7172) 75 00 10, press.kpm@mail.ru.

11.00 – Бернард Шоудың "Пигмалион" пьесасын онлайн оқу. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы оқиды (трансляция театрдың Instagram парақшасында жасалады).

12.30 - Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында диктант жазудан халықаралық акцияға арналған Спикерлер: ғарышкер Айдын Айымбетов (диктант оқитын адам), жоба үлестірушісі Лаура Ілиясова, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры Алексей Коропченко. Байланыс үшін: +7 (747) 2207401 (WhatsApp). Трансляция Sputnik Қазақстан сайты мен YouTube-каналда жасалады.

21 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Мәскеу - Ереван - Минск - Нұр-Сұлтан бейнекөпірі. Іс-шара Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық кеңістіктегі COVID-19 пандемиясының таралуына және жағымсыз салдарларын жеңуге және еңсеруге арналған үздік цифрлық шешімдерге арналған Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) цифрлық бастамалар қоры конкурсының қорытындылары аясында өтеді. Бейнекөпірдің трансляциясы Sputnik.kz сайтында және біздің Facebook парақшасында қолжетімді. Спикерге қойылатын сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекен-жайына жіберуге болады.

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  
Алматы

17.00 – "Счастливые поют" музыкалық қойылымы – қос сахна саңлағы – Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафқа арналған қойылым (Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0