Эрмитаждың бірінші Сібір филиалы келушілерге есігін айқара ашты

Омбыдағы Эрмитаж филиалының орталығына қазақ суретшілерінің туындылары қойылды

78
Таңертеңнен бастап "Эрмитаж-Сібір" орталығындағы бақылаушылар Омбы тұрғындары мен қала қонақтарын күлімсіреп қарсы алды

OMБЫ, 8 қараша – Sputnik. Эрмитаждың бірінші Сібір филиалы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин кеткеннен кейін келушілерге есігін айқара ашты.

"Эрмитаж-Сібір" Музейная көшесінде орналасқан. Үш қабатты ғимаратта үш көрме бар: суретші Геймран Баймұхановтың таңдаулы туындылары, Омбы суретшілерінің жұмыстары және Таяу Шығыстың қару-жарақ дәстүрлері.

Зима в Щучинске. Г.Баймуханов
© Sputnik / Айгюзель Кадир
Щучедегі қыс. Г.Баймұханов

Музейде таңертең аудиогид немесе қарапайым гид болған жоқ. Эрмитаждың Омбыдағы күндеріне арналған арнайы бағдарлама бар болып шықты.

Посетители рассматривают экспонаты в омском Эрмитаже
© Sputnik / Айгюзель Кадир
"Омбы Эрмитажында" келушілер жәдігерлерді көріп жатыр

Президенттерге шығыс қару-жарақтарының композициясы туралы Мемлекеттік Эрмитаждың директоры Михаил Пиотровский айтып берді. Ол Үндістаннан, Кавказдан, Орта Азиядан әкелінген қылыштарды көрсетті.

Эрмитаж-Сибирь
© Sputnik / Айгюзель Кадир
Эрмитаж-Сібір

"Керемет көрме. Мен немеремді демалыс кезінде осында әкелуді ұйғардым. Өткен ғасырдағы көптеген жәдігер қойылыпты, бала қару-жарақты көрді. Жағымды әсер қалдырды, билеттің бағасы арзан, зейнеткерлер мен балаларға жеңілдік бар. Омбы тұрғындары үшін бұл өте жақсы сыйлық", - деді немересі Платонмен бірге келген Олег Липкан.

Олег Липкан с внуком Платоном
© Sputnik / Айгюзель Кадир
Олег Липкан немересі Платонмен

Қала тұрғындары орталықтың ашылуын бес жыл күтті, дейді мұғалім Ольга Кавелина. Ол ұлы Александр екеуі мұражайдан үлкен әсер алды.

"Ғажайып экспозиция, шығыс қару-жарағы керемет, ежелгі дәуірден 19-ғасырға дейінгі қару-жарақ іріктеліп алынған. Тарихшы ретінде қатты қызығушылық таныттым", - деп жауап берді Александр Кавелин.

  • Жайлау. А.Шәкенов
    Жайлау. А.Шәкенов
    © Sputnik / Айгюзель Кадир
  • Қазақстан картинасы
    Қазақстан картинасы
    © Sputnik / Айгюзель Кадир
1 / 2
© Sputnik / Айгюзель Кадир
Жайлау. А.Шәкенов

Омбы суретшілерінің залында Фельдманның "Қазақстан" картинасы, сондай-ақ Қазақстан суретшілер академиясының академигі Амангелді Шәкеновтің "Жайлау" туындысы лайықты орын алған.  

78
Тақырып бойынша
Екінші дүниежүзілік соғыс қалай басталды - Нұр-Сұлтанда көрме өтеді
Галереядан шамамен 8 млн теңгенің картинасы ұрланды
Ресейдің қаласында Қазақстанның павильоны ашылады – видео
Сауда саласындағы ірі шара: Нұр-Сұлтанда министрлер конференциясы өтеді
Нұр-Сұлтанда Екінші дүниежүзілік соғыс туралы көрме ашылды
Владимир Путин

Пандемия, экономика, Қарабақтағы жағдай: Путин "Валдай" клубының отырысында не айтты

27
Владимир Путин "Валдай" пікірталас клубы отырысына қатысып, бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі.  Отырыстың биылғы тақырыбы - "Пандемиядан алған сабақ және жаңа күн тәртібі: жаһандық дағдарысты әлемдік мүмкіндікке қалай айналдыруға болады?"

Владимир Путиннің маңызды мәселелер бойынша айтқан сөздерін РИА Новости хабарлайды. 

Пандемия туралы

Путин COVID-19 пандемиясы туралы айта келе, коронавирустың әлі де жойылмағанын және әлем өмірдің барлық саласында "тектоникалық ауысулардың" табалдырығында тұрғанын атап өтті.

"Коронавирус эпидемиясы әлеуметтік, іскерлік және халықаралық өмірді, тіпті әр адамның күнделікті өмір сүру салтын түбегейлі өзгертті", – деді ол.

Путин Ресей азаматтарының, әсіресе дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің бір-біріне, көмектесуге дайын екенін мақтан тұтатынын баса айтты.

"Пандемия адам өмірінің өте нәзік екенін еске түсірді. Технологиялық жағынан дамыған ХХІ ғасырда тіпті ең дамыған деген елдердің өзінде адамның бір қарағанда қауіпті әрі қорқынышты болып көрінбейтін инфекцияның алдында осыншалықты қорғансыз әрі дәрменсіз болып отырғанын елестетудің өзі қиын", – деді президент.

Владимир Путин халықаралық қауымдастық коронавируспен күресте қолдан келгеннің барлығын жасамағанын, бұл ретте кейбір мүмкіндіктерді жіберіп алғанын мәлімдеді. 

Мемлекеттердің тәуелсіздігі туралы

Президент мемлекеттік құрылым туралы айта келе, біреуді, оның жүріп өткен жолын сол күйі көшіріп алуға тырысу дұрыс емес екенін атап өтті.

"Біз демократияның осындай сырттан келген үлгілерінің қалай жұмыс істейтінін көріп отырмыз. Ол – ішкі мазмұнынан айырылған сыртқы қабық қана", – деді Путин.

Оның пікірінше, саяси жүйенің қалай аталғаны маңызды емес, себебі әр елдің өзінің саяси мәдениеті, дәстүрлері, өзінің даму көзқарасы әртүрлі болады.

"Осы жерде мынадай сауал туындайды: күшті мемлекет дегеніміз не? Оның күші неде? Әрине, ол мемлекеттің құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында тұруы емес, жеке бастаманы ығыстырып шығаруда немесе азаматтық белсенділікке нұқсан келтіруде емес, тіпті қарулы күш пен қорғаныстың әлеуетінде де емес. Дегенмен, сіз бұлардың барлығының географиялық тұрғыдан, геосаяси мәселелердің тұтас жиынтығы тұрғысынан Ресей үшін қаншалықты маңызды екенін түсінетін шығарсыз. Алайда мен мемлекеттің күші ең әуелі азаматтардың оған деген сенімінде екенін айтқым келеді. Мемлекеттің күші міне, осында", – деді Владимир Путин.

Әлемдегі рөлдердің өзгеруі туралы

"Қытай өзінің экономикалық салмағы мен саяси ықпалы тұрғысынан алып державаның позициясына қарай белсенді түрде жылжи бастады. Германия да осы бағытта жүріп келеді", – деді Путин өз сөзінде.

Сонымен қатар ол Ұлыбритания мен Францияның әлемдік істердегі рөлі айтарлықтай өзгергенін, Бразилия мен Оңтүстік Африка сияқты державалар күшейе түскенін жеткізді.

Президент коронавирус пандемиясы жағдайында елдерді мемлекетаралық қатынастарда шыншыл болуға және қос стандартқа негізделген саясаттан бас тартуға шақырды.

"Коронавирус инфекциясынан зардап шеккен және әлі де зардап шегіп отырған көптеген ел сырттан келетін көмекке мұқтаж емес, олар гуманитарлық саладағы шектеулерді, дәрі-дәрмектермен, несиелік ресурстармен, құрал-жабдықтармен және технологиялармен алмасу саласындағы шектеулердің алынып тасталуына мұқтаж. Алайда ешқандай шектеулер жойылған жоқ. Оны қандай да бір негізге сүйене отырып түсіндіргісі келді, бірақ олардың гуманитарлық салаға ешқандай қатысы жоқ. Бірақ соған қарамастан, барлығы гуманизм туралы айтады", – деді РФ президенті.

Қаруды бақылау туралы

Путин қару-жарақты бақылау туралы айта келе, бұл саладағы шектеулерсіз әлемнің болашағы жоқ екенін атап өтті. Ол Вашингтонның мұндай келісімдерден кезең-кезеңмен шыға бастағанын еске салды.

Президент Мәскеу Қытайдың СНВ шартына қосылуына қарсы емес екенін, бірақ Вашингтон Бейжіңмен диалогты өзі жүргізу қажеттігін, яғни мұны Ресейге аудармау керектігін атап өтті.

Путин сондай-ақ барлық ядролық державаны осы келісімге қосылуға шақырды.

Қарабақтағы жағдай туралы

Талқылау барысында қатысушылар Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуы мәселесіне тоқталды. Президент қақтығыстың шиеленісуі салдарынан екі жақтан екі мыңнан астам адам қаза болғанын, тиісінше, құрбан болғандардың жалпы саны бес мыңға жақындағанын баса айтты.

Ол Ресей ұзақ жылдар бойы жағдайды тұрақтандыру үшін осы дағдарысты реттеудің түрлі нұсқасын ұсынғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл жұмыстардың барлығы позицияларды жақындастыруға бағытталған.

"Енді сәл шыдасақ, тиісті шешім табылатындай болып көрініп еді. Өкінішке қарай, олай болмады. Қазір қақтығыс шиеленістің ең нашар нұсқасы бойынша жүріп жатыр", - деді Путин.

Ол сондай-ақ, Ресей үшін Армения да, Әзербайжан да Мәскеу толыққанды қарым-қатынас орнатқысы келетін тең құқылы серіктестер екенін атап өтті.

Ол тараптардың Таулы Қарабақ бойынша ымыраға келулерін қалайтынын атап өтті. Путиннің айтуынша, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен күніне бірнеше рет телефон арқылы сөйлеседі.

Навальныйға қатысты жағдай туралы

Алексей Навальныйға қатысты жағдай туралы пікірталасқа қатысушылардың бірінің сауалына жауап бере келе, Путин Ресей бұл оқиға бойынша тергеу жүргізуге дайын екенін жеткізді. Ол үшін оның уланғанын растайтын құжат қажет екені, алайда мұндай ақпарат берілмегенін атап өтті.

"Оның үстіне, мен еуропалық лидерлердің бірімен болған әңгімеде біздің мамандарымыз Германияға француз, неміс, швед мамандарымен бірге барып, сол жерде бірге жұмыс істеп, кейбір материалдарды алуы қажет деген ұсыныс жасадым.  Егер шынымен қылмыстық оқиға болса, бұл материалдар қылмыстық іс қозғауға, тергеу жүргізуге негіз болар еді", – деді ол. 

Путин сонымен қатар, Навальныйдың қанынан "Новичоктың" ізі табылғаны туралы хабарламаларға күмәнмен қарайтынын жеткізді.

"Олар "Новичоктың" іздерін таптық деді. Содан кейін кенеттен: бұл "Новичок" емес, басқа нәрсе, деді. Сонымен, бұл  "Новичок" пе, әлде "Новичок" емес пе? Демек, қазір әу баста айтылған дүниелерге қатысты күмән туып отыр", - деп толықтырды сөзін президент.

"Ресейдің құлдырауын" қалайтындар туралы

Путин Ресейдің әлсірегенін қалап отырған кейбір елдерге қатысты түсініктеме берді.

"Әлемде, басқа елдерде болып жатқан оқиғаларға қарап және мемлекетімізді нығайта отырып, мен әлі де болса, Ресейдің біртіндеп әлсірегенін қалап отырғандарға айтарым: бұл жағдайда бізді бір нәрсе: "сіздердің жерлеу рәсімдеріңізде қалай суық тигізіп алмауға болады" деге мәселе ғана мазалайтынын айтқым келеді", – деді ол.

Президент сондай-ақ, Ресей өзінің интеллектуалдық, аумақтық, экономикалық және әскери әлеуетін тиісті деңгейде бағалайтынын атап өтті.

27
Мәскеудегі АҚШ елшілігі

Ресей елшілігі АҚШ-та алты азаматының айыпталуына қатысты түсініктеме берді

42
(Жаңартылды 09:33 21.10.2020)
Вашингтондағы Ресей елшілігі АҚШ-тың бүкіл әлемдегі хакерлік және тұрақсыздандыру әрекеттеріне қатысы бар деп Ресей азаматтарына таққан айыптарын жоққа шығарады

Бұған дейін АҚШ-тың әділет министрлігі мен федералды тергеу бюросы басқа елдердің инфрақұрылымына шабуыл жасау мақсатында хакерлік шабуылдарға және зиянды бағдарламалардың таралуына қатысы бар деп бес ресейлікті айыптағаны белгілі. Атап айтқанда, оларға 2017 жылы NotPetya вирусының таралғаны үшін айып тағылуда, деп мәлімдеді дипломатиялық миссияның өкілі РИА Новости агенттігіне.

АҚШ-тың болжамынша, бұл адамдар бас барлау басқармасының қызметкерлері және олар Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға кибершабуылдарды ұйымдастырған. Өз кезегінде Ұлыбритания да Ресей барлау қызметі Токидағы Олимпиада ойындарын кейінге қалдырғанға дейін ұйымдастырушыларға кибершабуыл жасауды жоспарлағанын мәлімдеді.

"Мұндай жаңалықтардың шындыққа жанаспайтындығы және америкалық қоғамда көңіл-күйді қоздыруға, тыңшылардың ізіне түсуге бағытталғандығы анық. Мұның бәрі бірнеше жылдан бері Вашингтонның саяси өмірінің айрықша сипатына айналып келеді. АҚШ билігі бір кездердегі прагматикалық Ресей-АҚШ қарым-қатынасын бұзып, өз тұрғындарына Ресейге және онымен байланысты барлық дүниеге қатысты теріс түсінікті жасанды түрде таңып отыр", - деп түсіндірді бұл туралы елшілік өкілі.

Агенттікке сұқбат беруші Ресейдің бүкіл әлемді "тұрақсыздандыратын операцияларға" қатысуға деген ниетінің жоқтығын және болмағанын атап өтті.

"Бұл біздің сыртқы саясатымызға, ұлттық мүдделерімізге, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қалай құрылатындығы жөніндегі таным-түсінігімізге сәйкес келмейді. Ресей басқа елдердің егемендігін құрметтейді және олардың ішкі ісіне араласпайды", - деп толықтырды ол сөзін. 

АҚШ пен Ұлыбританияның ресейлік хакерлерді түрлі шабуылдар, оның ішінде Токио Олимпиадасының ұйымдастырушыларына қатысты әрекетке айыптауы негізсіз екенін және оның ішкі аудиторияға бағытталғанын мәлімдеді.

42
Зертхана қызметкері

Қазақстанның екі облысында коронавирус жұқтырған адам анықталмады

2
(Жаңартылды 10:04 24.10.2020)
23 қазанда Ақтөбе және Қызылорда облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған бірде-бір адам анықталмады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанда тағы 164 адам коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 22,
  • Алматы қаласы – 20,
  • Шымкент қаласы – 2,
  • Ақмола облысы – 10,
  • Алматы облысы – 10,
  • Атырау облысы – 8,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 25,
  • Жамбыл облысы – 2,
  • Батыс Қазақстан облысы – 10,
  • Қарағанды облысы – 16,
  • Қостанай облысы – 7,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 16,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 10,
  • Түркістан облысы – 5.

Пандемия басталғаннан бері жалпы 110 250 адам ауырды. 105 566 науқас жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Әлем алдағы бірнеше айда пандемияның өте қиын кезеңін бастан өткереді – ДДҰ 

  

2
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды
Атырауда "СК-Фармация" қоймасында дәрі-дәрмек қоры жоқ болып шықты
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды
Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма – вирусолог жауап берді