Автокөлікті эвакуациялау, архивтегі фото

Ресей жолдарда шетелдіктерге бақылауды күшейтеді

96
(Жаңартылды 10:53 09.11.2019)
Ресейден шығу кезінде жүргізушінің заң бұзғаны анықталса, оның көлігі тәркіленіп, доңғалақтары құлыпталып, арнайы тұраққа қойылады

МӘСКЕУ, 9 қараша – Sputnik. Ресей үкіметі жол қозғалысы ережесін елемейтін шетелдік жүргізушілерді жазалауға қатысты жағдайды түбегейлі өзгерту шараларын қарастырып жатыр.

Ресейде жол қозғалысы ережесін бұзған шетелдіктер үшін жазаны сөзсіз қолдану жүйесі дайындалуда.

"Коммерсантъ" газетінің мәліметінше, Ресейден шығатын кезде көліктердің айыппұлы бар-жоғы тексеріле бастауы мүмкін, ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарада мемлекеттік нөмірлерді тіркейтін камералар орнатылады.

Қазіргі уақытта Мәскеуде шетелдік жүргізушілерге салынған айыппұлдардың тек 1% жазылады. Жағдайды түзету шаралары енгізілген "Жол картасы" дайындалды, қазір Ресей үкіметінің қарауында жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жол жүру ережесіне өзгеріс енгізіледі 

РФ ішкі істер министрлігі "жол картасының" жобасында көлік министрлігі, қаржы министрлігі, Федералды кеден қызметі, Мәскеу үкіметі және басқа да салалық ведомстволардың ұсыныстары ескерілген.

2020 жылдың 1 ақпанына қарай ЕАЭО елдерімен шекара маңындағы өткізу пункттері Ресей Федерациясына кіретін автомобильдердің нөмірін тіркейтін камералармен жабдықталады, деп жазды Коммерсантъ. Бұл мәліметтер Федералды кеден қызметінің ақпараттық жүйесіне, ол жерден Жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттік инспекциясына жіберіледі.

Сонымен қатар, Ресейден шыққан кезде барлық шетелдік көліктердің төленбеген айыппұлын тексеру ұсынылып отыр. Егер заң бұзушылық анықталса, көлік шекарада ұсталып, арнайы тұраққа жеткізіліп, доңғалақтарына блокиратор қойылады.

Құжатқа премьер-министрдің орынбасары Максим Акимов қол қоюы керек. Вице-премьердің өкілі Sputnik-ке "жол картасының" жобасы Ресей үкіметінің аппаратында екенін, қазір ол "зерттеліп, талданып жатқанын" растады.

Келесі жылдың 1 ақпанына қарай экономикалық даму министрлігі, ішкі істер министрлігі және көлік министрлігі ЕАЭО-ға мүше елдермен уақытша әкелінген көлік құралдары туралы мәліметтермен алмасу туралы келісімге келуі тиіс.

Мәскеудің Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы Sputnik-ке өздерінің ұсынысы бойынша "жол картасына" жол ережесін бұзудың тағы бір түрі қосылғанын хабарлады – шетелдіктер ақылы қалалық тұрақтарға қаржы төлемейтін көрінеді. Бұл шетелдік нөмір таққан көлік құралдарының жүргізушілері арасында жиі кездесетін заң бұзушылықтардың бірі, деп атап өтті ведомство.

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ішкі істер министрліктері арасында жүргізушілер туралы мәліметтермен алмасу мәселелерін пысықтау ұсынылды. Қазіргі уақытта астанадағы шетелдік жүргізушілерге салынған айыппұлдардың тек 1% -і ғана жазылады. Біз бұған жол бермеу керек деп санаймыз", - дейді Мәскеу үкіметінің Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы.

Орталық мамандары сонымен қатар Мәскеуде жыл басынан бері шетелдік нөмір таққан 2 078 автомобиль ұсталып, мамандандырылған тұрақтарға жіберілгенін атап өтті. Жүргізушілер апатты жағдай туғызып, көлік қозғалысын қиындата отырып, көліктерін тыйым салынған жерлерге қалдырып кеткен.

Бұқаралық ақпарат құралдары Мәскеу билігіне сілтеме жасай отырып, Ресей Федерациясының астанасында Армения, Молдова, Украина және Беларустан келген көліктердің жүргізушілері жол ережесін ең көп бұзатынын хабарлады.

Шетелдік нөмір таққан автокөлік жүргізушілері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлемейтініне қатысты жағдай жазда Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеңесінің отырысында талқыланды. Оның қорытындысы бойынша Ресей президенті Владимир Путин 2020 жылдың 1 ақпанына дейін "шетелдік азаматтар мен шетелдік тасымалдаушыларға жазаның қолданылмай қалмауын қамтамасыз ету шараларын қабылдауды" тапсырды.

96
Тақырып бойынша
Қазақстанда көлік техникалық байқаудан жаңаша өткізіледі: не өзгереді
"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді
Ақтауда қымбат көлік мінген жігіттердің бейбастығы видеоға түсіп қалды
ЕАЭО-да интернет-сауда ережесі ортақ болуы мүмкін 
Терезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет

Балтасы бар: Ресейде ер адам алты баланы кепілге алды

188
Полицияға ер адамның әйелі хабар берген, қаскөйдің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Санкт-Петербург түбіндегі Колпино қаласында балтамен қаруланған ер адам алты баланы кепілге алды.

"Колпинодағы пәтерде ер адам алты баланы кепілге алды", - деді РИА Новости-ге куәгер.

Оның айтуынша, қаскөй мас және балтамен қаруланған. Төтенше жағдай орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Сондай-ақ, бірқатар БАҚ-тың ақпаратынша, ер адам балаларды өлтіремін деп қорқытқан. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны және қандай талап қойып отырғаны әзірге белгісіз.

Полицияға ер адамның әйелі қоңырау шалып, көмек сұраған. Ол балалары жылап жатқан пәтерге кіре алмағанын айтты.

188
Кілт сөздер:
балалар, ер адам, балта, Ресей
Ресей ТЖМ ұшағы гуманитарлық көмек жеткізді

Ресейде "Гуманитарлық карта" жобасы таныстырылды

16
Ресейде елдің пандемия кезінде басқа мемлекеттерге қандай көмек көрсеткені туралы ақпарат беретін портал таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Ресейдің гуманитарлық көмегі және халықаралық дамуға көмектесетін жобалар туралы деректерді жинаған алғашқы онлайн платформа – "Гуманитарлық карта" порталын таныстырды.

Ресейдің гуманитарлық көмегі туралы толық ақпаратты russianassistance.ru сайтынан алуға болады.

"Ресейдің жаһандық гуманитарлық саясатқа салған қаржысы қайырымдылық емес. Бұл инвестиция, ол Ресейдің пайдасына жұмыс істейді, ресейлік компаниялар шетелде жақсы қызмет атқарды, шекаралар қауіпсіз болды", - деді Евгений Примаков таныстырылым кезінде.   

Картада көрсетілгендер – ресейлік еріктілер көмектесіп үлгерген елдер. Елдердің кез келгенін таңдай отырып, оған 2020 жылдың басынан бері қанша көмек көрсетілгенін көре аласыз.

Россотрудничество басшысы бұл идеяны сыртқы және ішкі аудитория үшін пайдалы деп санайды, олар өздері қызығушылық тудыратын салалар бойынша жан-жақты ақпаратқа қол жеткізеді.

Оқи отырыңыз: Атырауға гуманитарлық көмек келді 

"Гуманитарлық картаның" негізін қалаушылардың бірі Михаил Петросянның айтуынша, жоба 2020 жылдың сәуірінде пайда болып, "сараптау-гуманитарлық стартап" деп аталған.

Петросян атап өткендей, жоба авторлары бұл жұмыс қалай үйлестірілетіні туралы ақпаратты жинап, талдаудан бастаған.

Сайттың ағылшынша нұсқасы да қолжетімді.

Қазақстанға көмек

Осы жылдың ақпан айында – Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталғанға дейін Роспотребнадзор Қазақстанға, сондай-ақ Беларуське, Армения мен Өзбекстанға коронавирустың жаңа түрін анықтайтын тест жіберді. Зертханалық диагностикалық құралдар "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығында жасалды.

Сәуір айында Ресей Қазақстанға коронавирустың зертханалық диагностикасын жасауға арналған 40 тест жинағын, сондай-ақ зерттеу жүргізуге арналған 100 жиынтықты берді.   

16
коронавирусқа қарсы вакцина

G20 саммитінде ескерусіз қалған мәселелер

0
G20 виртуалды саммиті қатысушылардың күш салуына қарамастан, жаһанданудың өлгенін, постковидті әлемде жеке-даралылық орын алғанын көрсетті

Мұнда мәселе шартты "америкалық бірполярлы әлемге" қарсы сөз байласуда немесе ХХ ғасырдың екінші жартысының үлгісі бойынша "блоктық қарсы тұруды" қайта тірілтуде емес. Деглобализация және көпполярлылық – бұл вашингтондық немесе брюссельдік "басшылардың" не ойлайтынына қарамастан орын алған ақиқат, деп жазады РИА Новости.

Мәселелерді талқылауға арналған бірыңғай саяси тілдің жоқтығы секілді бірыңғай әлемдік саяси күн тәртібінің жоқтығы проблема болып отыр. Оның үстіне, әлемдік қауымдастық үлгі алатындай "геосаяси камертон" да жоқ. 

Коронавирус пандемиясынан бастап экономикалық дағдарысқа жалғасатын ортақ проблемалар бар болғанымен, олардың ортақ шешімі принципті түрде жоқ. Себебі, жаһандық деңгейде мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттестік нөлге дейін төмендеді. Яғни, нақты бір елдің қандай да бір табысы бәсекелестердің жеңіліс табуы секілді бағаланады. Геосаяси бәсекелестердің қайсыбірі кез-келген имидждік, саяи немесе экономикалық жеңісті өз қоржынына салмауы үшін ортақ мүдделерді құрбан етуге дайын.

Бұл сөзге айқын мысалдар келтіруге болады. "Жиырмалықтың" саммитінде ҚХР елдер арасындағы жүріс-тұрыс пен келім-кетімді қайта ашатын қандай да бір цифрлық механизм құруды ұсынды. Бұл әлемдік экономикаға, халықаралық саудаға және туризмді қалпына келтіруге үлкен қолдау болар еді. Қытай тестілердің нәтижелеріне негізделетін "Денсаулық QR-кодын" өзара мойындаудың халықаралық механизмін құруды ұсынды.

"Оған мейлінше көп ел қосылады деп үміттенемін", - деді Си Цзиньпин.

Әділін айту керек, қандай да бір турист, дипломат немесе бизнесменнің дені сау және түрлі шекаралық шектеулерге қарамастан мемлекеттердің аумағына кіре алуын қамтамасыз ететін халықаралық және жаппай мойындалған "цифрлық растауды" құру өте жақсы идея. Бұл шара дәл қазір аса қажет болып тұрғанымен, оны жаһандық деңгейде жүзеге асыру мүмкіндігі жоқтың қасы. Бұған дәл осы ұсынысты Си төрағаның ұсынуы да өз ықпалын тигізеді. Себебі, батыс көшбасшыларының имидждік көзқарасы бойынша қытайлық ақпараттық технологиялардың жоғары дамуын паш ететін ресми Бейжің ұсынысына келісуге болмайды. Бұл – принцип.

Келесі мысал кедей елдер үшін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның қолжетімсіздігі турасында болмақ. Бұлай болған жағдайда ол елдер "коронавирустың ошағына" айналуы ықтимал. Владимир Путин өз сөзінде вакциналауға жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігін баса айтты: "Ресей осы саммиттің тиімді және қауіпсіз вакциналарды барлығы үшін қолжетімді етуге бағытталған шешімдер жобасын қолдайды. Біздің ел, әрине, мұқтаж мемлекеттерге біздің ғалымдар әзірлеген вакцинаны ұсынуға дайын. Бұл әлемде бірінші болып тіркелген және адамның аденовирустық векторлары платформасындағы " Спутник V" вакцинасы, новосібірлік ғылыми орталықтың "ЭпиВакКорона" вакцинасы да дайын. Қазір ресейлік үшінші вакцина әзірленіп жатыр.

Пандемияның ауқымы бізді барлық қолда бар ресурстарды пайдалануға міндеттейді. Біздің ортақ мақсатымыз – вакциналық препараттар портфелін құрып, бүкіл ғаламшар тұрғындарын сенімді қорғаныспен қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз, құрметті әріптестер, барлығымызға жеткілікті жұмыс бар және бәсекелестік болғанымен, біз ең алдымен гуманитарлық ойларды басшылыққа алып, осыны алдыңғы қатарға қоюға тиіспіз".

Декларациялық деңгейде барлығы дұрыс болғанымен, "Жиырмалық" әлдеқайда қолжетімді және тиімді вакциналарды қолдану арқылы кедей мемлекеттердің халқын вакциналауды ортақ қаржыландыру қорын құруға келісім бермейді. Себебі, бұл америкалық және еуропалық препаратқа қарағанда арзан ресейлік "Sputnik V" вакцинасын қолдануды білдіреді.

Владимир Путин бәсекелестікті бір шетке ысырып қойып, гуманизм көзқарасымен адамгершілік танытуға шақырды. Бірақ, оның бұл үндеуіне құлақ асатындар кемде-кем. Оның үстіне, батыстық БАҚ ресейлік және қытайлық вакциналарды қаралау бағытындағы ақпараттық-насихаттау жұмыстарын бәсеңдете қойған жоқ.

G20 саммитінде субстанциялық диалог орнатылмаған мәселелер тақырыбын ұзақ жаза беруге болады. Оның қатарында ДСҰ реформасы, дамушы елдердің валюталық қарыздары, протекционизмге бағытталған жаһандық тренд те бар. Батыс көшбасшылары нақты позицияны ұстанатын секілді: біз көп сөйлейміз, біз ешкімді тыңдамаймыз және барлығы біздің айтқанымызды бұлжытпай орындап, шешімдерімізбен келісуі керек. Ел президенті ауысқаннан кейін де Вашингтонның бұл позициясы өзгере қоюы екіталай.

G20 саммитіндегі субстанциялықтың жоқтығы әлем "геосаяси блоктар" бәсекелестігі мен "америкалық әлемді" қалпына келтіруге қарай дамып келе жатпағанын айқын көрсетті. Олардың бағыты мүлде бөлек. Әлем елдері тек екіжатқы келіссөздер жұргізу арқылы ғана күрделі мәселелердің де шешімі табуға болатынын түсініп, осы бағытты бетке алды.

0