Ауруханае

Ресейде автобус көпірден құлады: қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

335
(Жаңартылды 15:09 01.12.2019)
Оқиға орнына екі тікұшақ пен криминалист тергеушілер жіберілді, жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Забайкальеде автобус көпірден құлап, он бес адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости өңірдің  шұғыл қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты жексенбі күні "Могойтуй – Сретинск – Олочи" автожолының 60 шақырымында болды. Автобустың ішінде 43 жолаушы отырған.

Басылымның ақпаратынша, автобустың алдыңғы доңғалағы жарылып, көлік Куенга өзеніне құлаған.

Қазір зардап шеккендер саны 18 адамға жетті, олардың алтауы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына екі тікұшақ пен криминалист тергеушілер жіберілді.

Тағы оқыңыз: Шымкент маңындағы жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео жарияланды

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

335
Қазан мектебіндегі атыс

Қазан мектебіндегі атыс: күдікті туралы тың дерек шықты

3747
Мектепке шабуыл жасаған жас жігіт сабақтан қала бергені үшін сәуір айында колледжде шығарылған

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазан қаласында мектепке шабуыл жасаған күдікті Ильназ Галявиевті осы жылдың сәуірінде колледжден шығарып жіберген, деп хабарлайды "Mash" Telegram-каналы.

"ТИСБИ" колледжінің студенттері оны сабырлы, дау-жанжалдан алыс жүретін адам ретінде сипаттады.

"Оқудан шығарылғаннан кейін екі күннен соң, 28 сәуірде Ильназ қаруға лицензия алған. Ал бүгін төрт жыл бұрын өзі бітірген мектебіне шабуыл жасады",- деп жазды "Mash" Telegram-каналы.

Сондай-ақ, күдіктінің көшеде мылтықпен келе жатқаны түсірілген видео пайда болды. Жігіт жолшыбай кездескен адамға қарумен қол бұлғаған.

Қазан мектебіндегі трагедия

Сейсенбі күні белгісіз біреу №175 мектепте атыс шығарды. Татарстан басшысы Минниханов атыс кезінде бір мұғалім мен жеті бала көз жұмғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, жиырма адам жараланған.

Тағы оқыңыз: Он бір адам көз жұмды – Қазанда мектептің ішінде түсірілген видео тарады

БАҚ мәліметінше, оқ жаудырғандардың бірі – осы мектептің түлегі. Шабуылға дейін колледжде IT-мамандық бойынша оқыған.

3747
Кілт сөздер:
атыс, Ресей, мектеп
Тақырып бойынша
Қазандағы трагедия – оқиға орнынан трансляция
Қазан қаласындағы гимназияда белгісіз біреулер оқ жаудырған: 9 адам көз жұмды - видео
Елбасы Владимир Путинге көңіл айтты
Қазанда мектепте атыс шығарған екінші күдіктінің көзі жойылды

Қазанда мектепте атыс шығарған екінші күдіктінің көзі жойылды

1767
Татарстан басшысы Минниханов Қазанда мектептегі атыстан бір мұғалім мен жеті бала көз жұмғанын мәлімдеді. Сондай-ақ жиырма адам жараланған

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазанда арнайы операция кезінде балаларға оқ жаудырған екінші күдіктінің көзі жойылды. Біріншісі оған дейін ұсталған болатын, деп хабарлайды РИА Новости.

Түрлі деректерге сүйенсек, қаза болғандар саны 8-ден 11 адамға дейін барады. Татарстан президенті Рустам Минниханов сегіз адамның, ал Қазан қаласының әкімшілігі 11 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Миннихановтың ақпаратынша, атыс кезінде мұғалім және жеті бала ажал құшты. Мэрияның дерегіне сүйенсек, барлығы он бір адам, соның ішінде екі оқушы үшінші қабаттан секіріп, көз жұмған.

"360" телеарнасының дереккөзі шабуыл сабақ кезінде басталғанын айтты. Балалар сигнал алған бойда жерге жатқан. Бірақ мектепте мылтық даусы естіліп тұрды. Оқушылар мен мұғалімдерді эвакуациялауға құтқарушылар мен ОМОН көмектесті.  

Телеарнаның мәліметінше, қаза болғандар арасында бастауыш сынып мұғалімі бар. Расталмаған ақпаратқа сүйенсек, оқытушыны балалардың көзінше өлтірген.

БАҚ оқ жаудырғандардың бірі осы мектептің түлегі екенін хабарлады. Шабуылға дейін колледжде IT-мамандыққа оқыған. Оның әкесі ұлының ешқандай дінді ұстанбайтынын және арам пиғылы болмағанын айтты.

Татарстан президенті Рустам Минниханов атыс ұйымдастырғандардың бірі 19 жаста екенін мәлімдеді. Оның атына мылтық тіркелген.

Сондай-ақ 41 жастағы ер адам ұсталды. Оған күдіктілерге жәрдемдесті деген айып тағылып отыр.

1767
Кілт сөздер:
оқушылар, мектеп, Ресей
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

368
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

368
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы