Әлем

Ер адам пиманың кесірінен сұмдық жағдайға тап болды - фото

© Sputnik / Александр Гальперин / Медиабанкке өтуВаленки
Валенки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам 10-шы қабат биіктігінен вентиляциялық шахтаға құлаған. Құтқарушылар оны дер кезінде аман алып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан — Sputnik. Ресейдің Якутск қаласында ер адам оныншы қабаттан вентиляциялық шахтаға құлады. Құтқарушылар оны аман алып шықты.

Тұрғын көршілерінің арқасында аман қалған. Олар үйдің қабырғасынан шыққан дауысты естіп қалған, деп хабарлайды  РИА Новости.

"Үй тұрғыны бірінші қабаттағы дауысты естіп, құтқарушыларға хабарласқан. Техникалық қабатта жүргенде ер адам пимасын түсіріп алған. Оны алмақ болғанда 28 метр биіктіктен 1-қабатқа баспен құлады", - деп жазылған хабарламада. 

Тағы оқыңыз: Мәнерлеп сырғанаушы қыз екі метр биіктіктен баспен құлады - видео

Ол пиманың үстіне құлаған. Аман қалуына осы жағдай да көмек болыпты. Қазіргі уақытта зардап шеккен адам жедел жәрдем мамандарына тапсырылды.

 

Жаңалықтар
0