қыз, архив

Тоғызыншы сынып оқушысы 50 жастағы адамға тұрмысқа шықпау үшін өзіне қол салды

5977
Оқушы қыз езидтер отбасынан, бұл халықтың дәстүрі бойынша қыздар 16 жастан тұрмысқа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Екатеринбург қаласындағы мектептердің бірінің 16 жастағы оқушысы өз-өзіне қол жұмсады.

Оқушы қыздың ата-анасы оны 50 жастағы Омбы қаласының тұрғынына тұрмысқа бермек болады. Бұл шешімге қарсы болған қыз өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды ресейлік sib.fm порталы.

Свердлов облысының тергеу органдары "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Көз жұмған оқушы езидтер отбасынан, бұл халықтың дәстүрі бойынша қыздар 16 жасында тұрмысқа шығады. Қыздың ата-анасы бір-екі күн бұрын Омбы қаласына барып, 50 жастағы күйеу жігітпен сөйлесіп қайтқан.

Тағы оқыңыз: 77 жастағы белгілі тележүргізуші тұрмысқа шыққалы жатыр

БАҚ-тың хабарлауынша, бойжеткен тоғызыншы сыныпқа дейін жақсы оқыған, бірақ тұрмысқа шығатын болғандықтан оқуын тастауға тура келіпті.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл ақпаратты тексеріп, мән-жайды анықтап жатыр.

5977
Кілт сөздер:
оқушы
Тақырып бойынша
Қостанайда екі оқушы қыз 50 жастағы әйелді өлтірді
Оқушы қыз емтиханға кірер кезде шешінуге мәжбүр болды
Астанада көлік астына түскен оқушы қыз әкесінің көз алдында ажал құшты
Оқушы қыз өзін зорлаған азғыннан жүкті болып қалды
Оқушы қыз мектепке қару әкеліп, сыныптастарына оқ жаудырды
Қарағандылық оқушы қыз елге белгілі ақынды намысыма тиді деп айыптады
Российские многофункциональные истребители пятого поколения Су-57 на воздушном параде Победы в Москве

Су-57 және С-70: жаңа ресейлік қару-жарақтың ерекшелігі неде?

24
Бесінші буынға жататын ұшақ әуеде, жерде және суда кез келген нысанды жоя алады. Форсажды қоспай-ақ, жоғары жылдамдықпен ұшады

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Осы айда Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің қатарына Су-57 жойғыш ұшағы қосылады. Бұл – бесінші буынға жататын техниканың алғашқы нұсқасы.  

Бірінші сериямен 76 ұшақ шығарылады. Оның қанатына С-70 "Охотник" пилотсыз ұшу аппараты орнатылған. Ол жасанды интеллектке негізделген. Қазіргі кезде аппарат арнайы полигонда жоғарыдан нысананы анықтау және оны зымыранмен жою сияқты сынақтардан өтіп жатыр.

Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі жыл соңына дейін әуе-ғарыш күштеріне алғашқы Су-57 сериялық жойғыштың тапсырылатынын хабарлаған. Бүгінде ұшақ толығымен дайын деуге болады. Алдағы уақытта жылына 15 ұшақ шығарылады. Осылайша, барлық 76 машина жеті жылдың ішінде авиациялық полктерге тапсырылмақшы.

Алдымен бірінші кезеңдегі қозғалтқышлар салынса, 2025 жылдан бастап ұшақтар екінші кезеңнің қозғалтқыштарымен шығарылады. Дегенмен, қазірдің өзінде Су-57 әлемдегі ең озық әрі қуатты жойғыштардың бірі болып саналады. 

Бесінші буынға жататын ресейлік ұшақ әуеде, жерде және суда кез келген нысанды жоя алады. Форсажды қоспай-ақ, жоғары жылдамдықпен ұшады. Маневр жасау қабілеті де жоғары. Ал борттағы электроника тиімділігін арттырып, әскери басымдығын күшейтіп отыр.

Military Watch Magazine мәліметіне сәйкес, Су-57 ұшағының бортында әмбебап қару-жарақтар бар. Олар – өте сезімтал радарлар, 400 шақырымға ұшатын гипердыбыстық зымырандар, жаудың зымыран шабуылынан қорғайтын лазерлік жүйе және тағы басқа озық технологиялар. Ал пилотсыз ұшу аппараттарымен бірге Су-57  жауынгерлік басқару орталығына айналады.  

Су жаңа жойғыш ұшағы Сириядағы ресейлік әскерилердің құрамында тексерістен өтті. Жасанды интеллект жауынгерлік басқару жүйесіне интеграцияланған. Бұл әскери салада үлкен жетістік болып саналады. Соның арқасында Су-57 мақсат-міндеттердің 90 процентін автоматты режимде орындай алады. Тіпті, алдын ала енгізілген бағдарлама бойынша толығымен автоматты түрде жүргізуге болады. Ұшқыш жарақат алған жағдайда немесе қаза тапса, басқару жүйесі өздігімен нысаналарды көздеп, соққы жасайды. Одан кейін автоматты режимде ұшақты адаммен бірге базаға қайтарады.

Ұшақтың корпусында антенналық тор үлгісінде радарлар орнатылған. Соның арқасында айналадағы жағдайды кеңінен бақылап отыруға мүмкіндік бар. Ал бүйірдегі радиолокациялық жүйелер нысаны іздеу қабілетін арттырып, жаудың радарына көрінбеуге жағдай жасайды. Сол кезде Су-57 ұшағында және пилотсыз аппаратта зымырандарды бағыттау тиімділігі төмендемейді. "Ұшақ-компьютерге" арнайы аэродром керек емес. Оған даладағы кез келген жерде қызмет көрсетуге болады.        

Су-57 серияға шықпай жатып, шетелден тапсырыс көп түсті. Ресейлік жойғыш ұшақтың алғашқы сатып алушысы Алжир болады. Осы мемлекет 14 машинаға тапсырыс берген. Келісімшарттың жалпы құны – $2 миллиард. Тапсырысты орындау мерзімі – бес жыл.

Ал 2 желтоқсан күні Ашулук полигонында соққы жасайтын С-70 "Аңшы" атты пилотсыз ұшу аппараты зымыранмен шабуыл жасау жағдайында сынақтан өтті. Оны Су-57 жойғыш ұшағынан басқару жүйелері де тексерілді. "Аңшы" әлем бойынша алғашқы жойғыш әрі зымыранды қағып алатын пилотсыз аппарат болмақшы. Әзірше, оған әуедегі жағдай мен нысанаға қатысты барлық ақпарат жерден немесе жойқыш ұшақтан түседі. Болашақта автономды режимде қолдануға мүмкіндік болады. Бұдан бөлек, "Аңшы" 5 000 шақырым шалай жерге алты тоннаға дейін зымырандар мен бомбаларды тасымалдай алады.  

Пилотсыз аппараттың ұзындығы – 19 метр. Қанаттарының құлашы – 14 метр. Ал әуеге көтерілу салмағы 20 тоннаға дейін барады. Ол сағатына 1000 шақырыммен ұша алады. Сынақ шаралары жалғасуда.

24
Компьютер

Ресей СІМ Латвияда Sputnik және Baltnews тілшілерінің ұсталуын сынға алды

15
(Жаңартылды 17:31 04.12.2020)
Бұған дейін БАҚ қызметкерлеріне Латвия қылмыстық заңының 84-бабы бойынша айып тағылғаны хабарланған болатын  

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Латвия билігінің Baltnews және Sputnik Латвия порталдарының орыс тілді журналистеріне қатысты әрекеттерін сынға алды. Екі басылымда тінту жұмыстары жүрген.

Бұған дейін аталған БАҚ қызметкерлеріне Латвия қылмыстық заңының 84-бабы ("еуропалық одақтың санкциялар режимін бұзу") бойынша айып тағылғаны хабарланды. Жауап алғаннан кейін олар ешқайда кетпеу туралы қолхат берді. Оларға ақшалай айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

"3 желтоқсанда Ригадағы Sputnik бюросының қызметкерлері мен орыс тілді журналистерге қатысты Латвия мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басқыншылық әрекеттерін демократиялық қоғамның негізі – БАҚ бостандығы мен пікір білдіруге қарсылық деп бағалаймыз. Айта кетейік, журналистерге қатысты ұстау, жауап алу және тінту жүргізіліп, қылмыстық айып тағылып отыр", - делінген СІМ ақпаратыда.

Ведомствоның хабарлауынша, Sputnik Латвия ұжымына қатысты ЕО санкциялар режимін бұзған деген айыптаулардың негізі жоқ.

"Бұл шектеулер жеке сипатқа ие," Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке ғана қатысты және медиа холдингпен серіктестердің барлығына қатысы жоқ", - деп атап өтті министрлік.

СІМ мәліметі бойынша, "сол уақытта Baltnews ақпарат агенттігінің орыс тілді журналистері және Латвияның бірқатар қоғам қайраткеріне қысым жасалды".

"Мұның барлығы ресейліктерді жақтырмаудан туындайтын жазалаушы акция болып саналады. Мәселе ЕҚЫҰ СІМК алаңында көтеріледі", - делінген хабарламада.

Ведомствода ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі жаңа өкілі болып жатқан жағдайды назардан тыс қалдырмайтынына және Латвияға бұқаралық ақпарат құралдарына "мұндай шабуылдардың жол берілмейтіндігін", сондай-ақ "сөз бостандығын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау қажет екенін" көрсететініне үміт білдірді.

"Біз ЕО тарапынан тиісті шара қолданылатынына сенеміз", - деп қорытындылады Ресейдің сыртқы істер министрлігі.

"Россия сегодня" ХАА және RT бас редакторы Маргарита Симонян Telegram каналында Ресей Baltnews және Sputnik Латвия қызметкерлерін қылмыстық қудалауға қатысты жауап беретініне үміт білдірді.

Өткен жылы осыған ұқсас жағдай Эстонияда болды. Елдің полиция және шекара қызметі департаменті басшылығы Sputnik Эстония қызметкерлері бас ұйыммен еңбек қатынасын тоқтатпаса, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалатынын айтып қорқытты.

Бұл әрекетін полиция Еуропалық Одақтың 2014 жылдың 17 наурыздағы бірқатар жеке және заңды тұлғаға қарсы санкциясымен түсіндірді. Алайда ЕО шектеулері Sputnik кіретін "Россия сегодня" ХАА-ға емес, агенттіктің бас директоры Дмитрий Киселевке қарсы бағытталған.

ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Десир бұған дейін  Таллиннің Еуропалық Одақтың жеке санкцияларын Sputnik Эстония ұжымына салуға деген ұмтылысы бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі саласында проблема туғызатынын айтты.

15
 Қазақстан мен Ресейдің тулары

Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына Тоқаев пен Путин қатысады

0
Қазақстан-Ресей форумын осы жылдың жылдың қараша айында өткізу жоспарланған болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Кейінге қалдырылған Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы өтеді, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин қатысатын жиын кейінге шегерілді 

Жұма күні Мәскеуде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесті. 

"Кездесу аясында 2021 жылы Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелері де талқыланды", - делінген хабарламада. 

Форум 2021 жылдың қараша айында өтуі керек болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Көкшетаудағы өңіраралық ынтымақтастық форумы

Қазақстан мен Ресейдің ХVII өңіраралық ынтымақтастық форумына экология және "жасыл" өсу тақырыбы арқау болады.

Алғашқы өңіраралық форум 2003 жылы Омбыда өтті, оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысты. Содан бері Қазақстан мен Ресей басшыларының шекаралас облыстардың бірінде кездесуі дәстүрге айналды. Алайда бұл жолы форум Ресей Федерациясымен шектеспейтін облыста ұйымдастырылып отыр.   

0
Тақырып бойынша
Тоқаев пен Путин Көкшетауда кездеседі
Путин Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – видео
Путин мен Тоқаев Омбыда форум өткізіп, сыйлық алмасты – видео
Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады