Димаш Құдайбергена

Омбыда сәбилерге Димаш есімі жиі қойыла бастады

436
(Жаңартылды 10:14 30.01.2020)
Ресейдің Омбы қаласында сәбилерге Димаш есімі жиі қойыла бастады. Мамандар есім қазақстандық әншінің құрметіне таңдалды деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар — Sputnik. Омбы билігі 2019 жылы қалада сәбилерге қандай есімдер жиі қойылғанын айтты. Қала тұрғындары жиі таңдаған есімдер арасында Димаш та бар.

Баспасөз мәслихатында Омбыдағы бала туу көрсеткіші мен ең жиі қойылатын есімдер туралы айтылды, деп хабарлайды "СуперОмск" порталы.

"Омбы қаласының тұрғындары 2019 жылы балаларын негізінен Артем (523 бала), Софья (540 қыз) деп атады. Ең жиі қойылған ұл бала есімдерінің қатарына Александр, Максим, Михаил, Роман енді. Ал қыздарға Анна, Дарья, Мария, Полина деген ат жиі қойылған", -деді облыстың мемлекеттік-құқықтық басқарманың қызметкері Наталья Биляченко.

Тағы оқыңыз: "Солай болып қалды": Димаштың жұмыртқа сатып тұрғаны жайлы видео тарады

Сондай-ақ, мамандар тұрғындар таңдаған ерекше есімдер туралы да айтты.

"Қос есімдер ішінде Патрик-Павел, Аарон-Николай, Абдул-Карим, Дыль-Мухаммед, Мухаммад-Али, Сиена-Виктория, Мария-Елена, Биби-Омина, Тея-Полина, Елизавета-Аделина, Сафия-Хелин, Еркежан-Кульпаш және Ева-Мария бар. Қыздар мен ұлдарды шетелдік есімдермен де атаған: Сұлтан, Алмаз, Рафаэль, Мишель, Марсель, Леон, Ванесса, Мадлен, Димаш", - деді ол.

 

 

436
Кілт сөздер:
әдемі есімдер, есімдер, Димаш Құдайберген, сәби, Омбы
Тақырып бойынша
Димаш Тоқаев пен Назарбаевтың алдында ән шырқады – видео  
Бұл кімге керек? - Димаш пен Крутойдың қызы туралы сыбыс тағы тарады
"Не деген бас мынау?!" Димаштың сәби кезіндегі суреті жұрттың жүрегін елжіретті
Димаш виртуалды әншімен ән айтып, жұртты таңғалдырды - видео
Димаш Құдайбергеннің Игорь Крутоймен жұмысын тоқтатқаны рас па?
 Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің ғимараты

Қазақстанның Мәскеудегі консулдық бөлімі жұмыс тәртібін өзгертті

27
(Жаңартылды 12:59 29.10.2020)
Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің консулдық бөлімі республикасы азаматтарының жедел және шұғыл сипаттағы өтініштерін қабылдауды жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Мәскеуде орналасқан Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі келушілерді қабылдауды тоқтатады.     

"2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Мәскеудегі елшілігінің консулдық бөлімі төтенше және шұғыл жағдайға қатысты Қазақстан азаматтарының өтініштерінен басқа барлық консулдық және мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатады", - делінген елшіліктің хабарламасында.

Мұндай шара COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу қаупінінің артуына және келушілер денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданды.

Оқи отырыңыз: Депутаттар вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды талап етті 

Шұғыл мәселелер бойынша 8-925-897-71-14 "қауырт желі" телефонына қоңырау шалуға болады.

Басқа сұрақтарды Consularkz_bot телеграм ботына немесе consul.moscow@mfa.kz поштасына жолдау керек.

27
Кілт сөздер:
Мәскеу, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстандық ғалым С дәрумені негізінде ракқа қарсы дәрі ойлап тапты
Анықтама қажет: Қазақстанда жиналысқа қатысатындар үшін жаңа ереже күшіне енді
Семейде зертхананың әрбір екінші COVID анализі қате болып шықты
Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды
Спутник V вакцинасы

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды

1100
"Спутник V" вакцинасын әзірлеген мамандар індетке шалдыққан науқастарға нақты не егілгенін тексермек

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. "Спутник V" вакцинасының сынағына қатысқан бірнеше еріктіде COVID-19-ға тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Сынақты жүргізіп жатқан Гамалея орталығы науқастарға нақты не егілгенін анықтайды – нағыз вакцина ма, жоқ әлде плацебо ма (емдік қасиеті жоқ зат – Sputnik).

"Статистика бойынша оң нәтиже көрсеткен ПТР-тестер мен қандай да бір аурулар бар, бірақ оларға плацебо салынуы мүмкін. Алдын ала қорытындыны қарашаның ортасында ғана шығара аламыз", - деді Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург РИА Новости-ге.

Ол зерттеуге қатысып жатқан еріктілердің жартысы вакцинаның алғашқы компонентін алғанын нақтылады. Тоғыз мыңға жуығы вакцинаны екінші рет салдырды.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі тамызда әлемде алғаш болып коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді. Екпе "Спутник V" деп аталады. Вакцина екі компоненттен тұрады.

Тағы оқыңыз: Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды

Екпенің клиникалық сынағы Мәскеуде 7 қыркүйекте басталды, ал 9 қыркүйекте алғашқы қатысушыларға егілді. Зерттеуге барлығы 40 мың ерікті қатысады. Олардың 10 мыңына плацебо егіледі – бұл вакцинаның тиімділігін тексеру үшін қажет.

Сондай-ақ, Ресей вирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" атты екінші вакцина шығарды. Оның тіркеуден кейінгі сынағы жуырда басталады. Сынаққа 40 мың ерікті, соның ішінде 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдар қатысады, деп мәлімдеді ведомстводан.

1100
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Kazpatent коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге қатысты ақпарат таратты
Ресейде коронавирусқа қарсы екінші вакцина өндіріле бастады
Медициналық аппарат құрылғысы

Невропатолог адамдар не себепті инсульт алатынын айтты

0
(Жаңартылды 10:19 30.10.2020)
Невропатолог инсульттың алғашқы үш белгісі бар екенін айтады. Адамның бет терісінің салбырауы, кеуде тұсқа дейін көтеріп созғанда қолды бір сызық бойымен ұстай алмау және жеңіл фразаны қайталай алмау

АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Бүгін – дүниежүзілік инсультқа қарсы күрес күні. Инсульт – ми қан тамырларының бітелуі немесе жарылуы кезінде пайда болатын ауру. Невропатолог, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының екінші дәрежелі дәрігері Әсем Телеубаева Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат беріп, инсульттың алдын алу, жедел жәрдем келгенге дейін көрсетілу қажет көмек жайлы айтты.

– Инсульт тек егде жастағы адамдарда бола ма? Кейінгі кезде инсульттің де "жасарып" жатқаны жайлы естиміз. Статистика не дейді?

– Жыл сайын 40 мыңнан астам инсульт алады. Оның ішінде 5 мың адам алғашқы 10 күнде қайтыс болады. Тағы 5 мың адам ауруханадан шыққаннан кейін қайтыс болады. Бұл – ауруханаға жеткізілген науқастар есепке алынған статистика. Жедел жәрдем келмей жатып қайтыс болатын адам да көп. Ең көп сырқаттанушы – 41 жастан 60 жасқа дейінгі адамдар, одан кейін 61-70 жас аралығындағы науқастар, алайда бұл ауру қазір жастар арасында да кездеседі.

Инсультқа ұшыраған адамдарды саралайтын болсақ, науқастардың 50%-ті сыртқы фактор салдарынан ауырады. Мысал ретінде жас жігітті алайық. Ол бірнеше күн бойы компьютер алдында отырады, аз қозғалады, майлы тамақ жейді. Мұның бәрі семіздікке алып келеді. Оған қосымша темекі тартып, ұйқысы қанбай, жүйке жүйесі тозса, адамның қан қысымы жоғарылайды. Оның бәрі инсультқа алып келеді.

Инсультқа генетика да әсер етеді. Жақын туысы ауырған адам да кейін инсульт алуы мүмкін. Сонымен қатар қант диабеті, жүрек ауруы, жүрекше фибрилляциясы, гипертония, ми қан тамырларының туа біткен патологиялық аурулары инсультқа алып келеді.

Қарт адамдар қан қысымының жоғарылағанына бейімделген. Оларда гипертония (қан қысымының төмендеуінен әртүрлі мүшелер мен тән жүйелерінде ауытқулардың пайда болуы) ауруының көп жылдық тәжірибесі бар. Жастарда ондай жоқ. Сол себепті жастар арасында инсульт жиі кездеседі.

– Бір рет инсульт алған адам екінші рет ауырып қалуы жиі кездесе ме?

– Инсульт алған барлық науқаста бірінші жылы жағдайдың қайталану қауіпі жоғары. Ал науқас ауруханада емделіп, үйге шыққан кезде барлық ұсынысты орындаса, инсульттің қайталану қауіпі азаяды. Себебі инсультпен ауырып шыққан науқастар өмір салтын толығымен өзгертеді. Науқас жедел жағдайдан шыққаннан кейін бірден оңалту шаралары басталады. Науқастың жұтыну, сөйлеу, жүру секілді қалыпты әрекеттерін орындау қабілеті қаншалықты бұзылғаны анықталады. Науқас үйге шығатын кезде оның туыстарын моральдық тұрғыдан дайындаймыз. Күнделікті қандай мөлшерде сұйықтық ішу керек екені, ұйқы режимі, жаттығу жұмыстары түсіндіріледі.

– Инсульттың қандай түрі бар? Қай түрі жиі кездеседі?

– Аурудың үш түрі бар: ишимиялық, гемморрагиялық, субарохноидальді инсульт. Ең жиі кездесетін түрі – ишимиялық инсульт. Бұл – мидың бір бөлігінде тромбтың пайда болуы. Соның салдарынан мидың бір бөлігінің қан айналымы азаяды немесе қан айналымы тоқтайды. Гемморрагиялық инсульт – қан тамырының атылуы. Субарохноидальді инсульт – ми қабығы тамырларының жарылуы нәтижесінде пайда болатын ми мен оның қабығы арасында пайда болған қанды ісік.

– Адамдар инсульттің қандай белгілерін міндетті түрде білу керек?

– Инсульттың алғашқы белгілері – беттің қисайып кетуі. Науқасқа "жымиыңыз, тісіңізді көрсетіңіз" дегенде, бір беті төмен салбырап тұрады. Сондай-ақ, екі қолды көтеріп, кеуде тұсымен бір сызық бойында ұстап тұрыңыз дейміз. Сондай жағдайда бір қолы төмен түсіп кетеді. Үшінші белгісі – жеңіл фразаны қайталау. Соны қайталай алмау инсульттың бір белгісі болып есептеледі.

– Инсульт болған жағдайда жедел жәрдем келгенше қалай көмек көрсеткен жөн?

– Үй жағдайында инсульт белгілерін байқаған кезде науқасты тыныштандырып, төсекке жатқызу керек. Бас жағы 30 градусқа жоғары болатындай етіп, жастық қойған жөн. Егер науқас есінен танып қалған болса, қырымен жатқызу қажет. Өйткені ол құсуы мүмкін. Жейдедегі түймені ағытып, ауа ағынын қамтамасыз ету керек. Мүмкіндік болса, жедел жәрдем келгенше қан қысымын өлшеп, жоғары болса, қысымды төмендететін дәрі беру керек. Сонымен қатар инсульт белгісі байқалған жағдайда науқасқа тамақ беру және қан тамырын кеңейтетін дәрі беруге тыйым салынады.

– Инсульттың алдын алу бойынша қандай да бір нұсқама бар ма?

– Иә, аурудың алдын алу бойынша бірнеше нұсқама бар. Бұл қан қысымын бақылау, қандағы холестерин деңгейін бақылау, қандағы қант деңгейі мен өз салмағын бақылау, дұрыс тамақтану, темекіні тастау, жаттығу жасау, күйзелісті бақылау, жыл сайын медициналық тексеруден өту.

Оқи отырыңыз: "Бәрін уси-пуси құртады": мамандар бала тілінің неге кеш шығатынын түсіндірді

Артық салмақ инсульт қауіпін арттыратын бірнеше факторды өзімен бірге алып келеді. Бұл – қан қысымының жоғарылауы, жүрек қан тамырлары ауруы және қант диабетінің дамуы.

– Инсульттан кейін емделу орта есеппен қанша уақытқа жалғасады?

– Науқастарға 6 айдан 2 жылға дейін ем алу қажет екенін айтамыз. Бірақ оның нақты жауабы жоқ, өйткені бұл науқастың өзіне де, жанындағы туыстарына да байланысты. Егер науқас ем алуға дайын болып, инсульттың қайталанбауы үшін барлық шараны жасаса, тез сауығып кетуге мүмкіндік бар.

0
Кілт сөздер:
ауру, дәрігер, инсульт
Тақырып бойынша
"Еркектің қуатын арттырады": Германияда оқыған дәрігер қан алдырудың пайдасын айтты
Жас дәрігер Сапарбаевқа: Жалақым 180 мың теңге, жағдайымыз жаман емес
Ауыр дертпен күресіп жүрген астаналық жігіт: бақсы-балгерлерге бармаңдар
"Бәрін уси-пуси құртады": мамандар бала тілінің неге кеш шығатынын түсіндірді
Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендей ме?