Әлем

Жүргізуші ауруханада көз жұмды: танымал актер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

© REUTERS / POOLАурухана палатасындағы медициналық аппаратура
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлікті мас күйінде айдаған Михаил Ефремов Ресей Қылмыстық кодексінің 264-бабы бойынша 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Танымал актер Михаил Ефремов көлігімен соқтығысқан жеңіл автокөліктің жүргізушісі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

Михаил Ефремов енді Ресей Қылмыстық кодексінің 264-бабы 4-тармағы бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

8 маусым күні кешке Смоленск алаңында Jeep Grand Cherokee қарсы бетке шығып кетіп, "Лада" автокөлігімен соқтығысқан.

Джип рөлінде актер Михаил Ефремов отырған. Ол жол апатынан кейін ұсталды, сараптама оның қанында алкоголь барын көрсетті.

"Лада" көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Алғашында Қылмыстық кодекстің 264-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл бапта жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0