Әлем

"Жағдай ғана емес, ел де өзгерді": Путин Ресейдің саяси жүйесі туралы айтты

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин провел встречу с главой Сбербанка РФ Г. Грефом
Президент РФ В. Путин провел встречу с главой Сбербанка РФ Г. Грефом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейліктер бұл жүйені ішкі және сыртқы соққыларға орнықты ету жайын ойлануы керек, деп атап өтті Владимир Путин

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин елдің саяси жүйесін қалай көретінін айтты. Оның пікірінше, ол өзін-өзі сақтаудың ішкі кепілдеріне ие болуы тиіс.  

Ресей басшысы бұл туралы "Россия 1" телеарнасында айтты.

"Әлдекімдер біздің саяси жүйемізді қасақана шайқалтады деген сарында ойланғым келмейді, дегенмен оның белгілі бір ішкі кепілдері, өзін-өзі сақтау кепілдігі болуы тиіс", - деп атап өтті Ресей президенті.

Ол ресейліктер бұл жүйені ішкі және сыртқы соққыларға орнықты ету жайын ойлануы керек екенін жеткізді. Оның айтуынша, 20 жыл бұрын ел "ықтимал күйреудің қауіпті шегінде" тұрды.  

"Жұмыссыздық жайлады, азаматтардың 40% -і кедейлік шегінен төмен өмір сүрді. 1990 жылдары және 2000 жылдардың басында инфляция ондаған, тіпті жүздеген пайызбен өлшенді. Біздің қорымыз 9,5-12 миллиард, ал қарызымыз 124-145 миллиард болды", - деп еске алды Владимир Путин.

Қазір Ресей халықаралық аренада лайықты орнын иеленді деп атап өтті ол.

"Қазір жағдай ғана емес, елдің өзі де өзгерді", - деп мәлімдеді Путин.

Ол әскери, қарулы құрамдас бөлік қалпына келтірілгенін атап өтті.

"Ресей халықаралық істерде өзінің лайықты орнын алды", - деп түйіндеді ол.

Сонымен қатар, Владимир Путин саяси жүйе президентке ғана иек артпауы тиіс екенін айтты. Оның пікірінше, оның көптеген тірегі болуы керек.

"Елдің саяси жүйесі көптеген қолдау нүктесіне ие болуы тиіс, ол мемлекет басшысына ғана иек артпауы керек. Ол қоғаммен, мемлекетпен бірге дамуы тиіс", - деді ол.  

Путин осы себептен Конституцияға түзетулер енгізуді ұсынды.

"Өмір өзгерді, ал бұл белгілі бір реакцияны талап етеді. Иә, бәрі бірдей Ата заңда тұжырымдала бермеуі мүмкін. Бірақ сіз көтеріп жүрген мәселелер туралы ойлау және мүмкіндігінше оны Ата заңда көрсету – өте маңызды нәрсе", - деп түсіндірді Ресей басшысы.

Путин 2024 жылғы сайлауға қатыса ма?

Ресей президенті егер Конституцияға түзетулер қабылданса, жаңа мерзімге өзін ұсыну құқығын пайдаланатынын жоққа шығармады.

 "Өзім үшін әлі шешім қабылдаған жоқпын. Солай болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Егер Конституцияда сайлауға түсуге мүмкіндік берілсе, ойланып көреміз. Сол кезде белгілі болады", - деп мәлімдеді ол.

Жаңалықтар
0