Әлем

Путин парадқа дейін Тоқаевпен сөйлесті

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өту Президенты России Владимир Путин и Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время осмотра выставки "Высокие технологии: возможности регионов России и Казахстана" в рамках XVI Форума межрегионального сотрудничества России и Казахстана
 Президенты России Владимир Путин и Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время осмотра выставки Высокие технологии: возможности регионов России и Казахстана в рамках XVI Форума межрегионального сотрудничества России и Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ТМД елдерінің мемлекет басшылары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс парады басталғанға дейін Қазақстанның басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлесті, деп хабарлайды РИА Новости.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Тоқаев Қызыл алаңда мінберден Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты тамашалайды.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Тоқаев Мәскеуге шығардың алдында коронавирусқа тест тапсырды. Медициналық хаттамаға сәйкес, ол осы процедурадан үнемі өтіп отырады.

2020 жылы сәуірдің ортасында Ресей президенті Владимир Путин эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңістің 75 жылдығына арналған парадты кейінге қалдыруға шешім қабылдады. Парад бүгін Қызыл алаңда өтеді.

Оқи отырыңыз: Дональд Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

Қазақстанның қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары да Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге аттанған болатын. Оларды Құрлықтағы әскерлердің бас қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары, генерал-майор Дәулет Оспанов бастап барды. Мәскеуге шығардың алдында барлығы карантинде отырып шықты.

Ресей президенті Владимир Путин әскери парадты қабылдап, шет елдердің басшыларымен бірге Белгісіз солдаттың қабіріне гүл шоқтарын қояды. Одан кейін Кремльдің Үлкен сарайында РФ президентінің атынан салтанатты қабылдау ұйымдастырылады.

Жаңалықтар
0