Әлем

Пандемия кезінде шетелдік университетке қалай оқуға түсуге болады

© Photo : Предоставлено Южно-Уральским государственным университетом Оңтүстік Уральск мемлекеттік университеті, архивтегі сурет
Оңтүстік Уральск мемлекеттік университеті, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік жоғары оқу орны 20 маусымнан шетелдік абитуриенттерді онлайн қабылдауға дайын, ол үшін портал арқылы өтініш беру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Коронавирус пандемиясына қарамастан, жоғары оқу орындары қашықтан жұмыс істеп жатыр. Бүгінде Қазақстанның талапкерлері ресейлік университетке интернеттің көмегімен оқуға түсе алады.

Оңтүстік Уральск мемлекеттік университеті (Ұлттық зерттеу университеті) – 5-100 жобасына кіретін, Ресейдің білім саласындағы лидерлерінің бірі. Өзін сол аймақтың білім, ғылым, мәдени және спорттық өмірінің орталығы ретінде танытып келеді.

Жоғары оқу орны баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде университетте Қазақстанның 694 студенті білім алады: 558-і бакалавриаттың негізгі білім бағдарламаларын меңгерсе, 54-і специалитет бағдарламаларында, 54-і магистратура, 20-сы аспирантура және 8-і орта кәсіптік білім бағыты бойынша оқиды.

"Оңтүстік Уральск мемлекеттік университеті 20 маусымнан шетелдік абитуриенттерді онлайн қабылдауға дайын. Оқуға түсу үшін портал арқылы электронды түрде қажетті құжаттарды қоса тіркеп, онлайн өтініш беру қажет", - деді баспасөз қызметінен.

Оқуға қабылдау емтихандарының барлығы қашықтан өтеді. Сынақ өткізу тәртібі университеттің сайтында жарияланған.

Отандастар санатына кіретін студенттер (ата-аналары КСРО-да туған) ресейлік азаматтармен бірдей бюджеттік орынға арналған конкурсқа қатыса алады; сонымен қатар, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары да бюджеттік орындарға таласуға құқылы. Бұдан бөлек, талапкерлер ақылы негізде өздері қалаған кез келген бағытқа түсе алады, деп түсіндірді университеттің халықаралық қызмет жөніндегі проректоры Ольга Ярошенко.

Тағы оқыңыз: Грант тағайындау ережесіне өзгеріс енгізілді

Қазір оқу орнында 27 мыңнан астам адам білім алады, соның ішінде екі мыңнан астамы – әлемнің 56 елінен жиналған шетелдік студенттер мен аспиранттар.

"ОУМУ-де оқудың ең басты артықшылығы – шетелдік студенттер қауымдастығы. Ол шетелдік студентерге арналған ұлттық, мәдени, спорттық және ғылыми шаралардан бөлек, тьютор жобасын жүзеге асырады", - деп атап өтті Ярошенко.

"ОУМУ шетелдік студентінің тьюторы" жобасы 2017 жылы іске қосылған. Мақсаты – бірінші курс студенттеріне проблемаларды шешуге және жаңа ортаға жылдам бейімделуге көмектесу.

Тьюторлар – Ресейде бірнеше жыл бойы тұратын шетелдік студенттер. Кез келген студент олардан оқуға түсу, білім, жатақхана, студенттік өмір жайлы сұрай алады, деді проректор.

"Тьюторлар бірінші курстың қыз-жігіттерін вокзал мен әуежайда қарсы алады, миграциялық есепке тұруға, жатақханадан бөлме алуға, медициналық тексеруден өтіп, сақтандыру алуға көмектеседі. Сондай-ақ, олар Челябинск бойынша экскурсия ұйымдастырады, киноға, театрға, музейге апарады, университет қабырғасында түрлі шара өткізу арқылы студенттерді бір-бірімен жақынырақ танысып, достасуына жәрдемдеседі", - деді ол.

Оңтүстік Уральск мемлекеттік университетінде бакалавриаттың 80-нен астам бағыты, ал магистратура мен специалитеттің 100-ден аса бағдарламасы бар. Университетте 40-тан аса ғылыми-білім зертханасы мен орталықтар, соның ішінде әлемге танымал ғалымдар басқаратын халықаралық деңгейдегі 12 зертхана жұмыс істейді.

Университеттің стратегиялық бағыттары – "Цифрлық индустрия", "Материалтану" және "Экология". Бакалавриат пен магистратураның жаңа бағдарламалары жетекші салалардағы сұранысқа қарай ашылады.

Қазақстандық студенттер арасында ең танымал мамандықтар: "Менеджмент", "Металлургия", "Құрылыс", "Экономика", "Электроэнергетика және электротехника", "Құқықтану", деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Студенттерге оқу ақысын төлеу үшін жеңілдетілген кредит берілуі мүмкін

Олардың айтуынша, қазіргі таңда ОУМУ Қазақстанның 23 жоғары оқу орнымен әріптестік орнатқан. 2019 жылы солардың жартысынан астамы Челябинскте өткен Қазақстанның оқу орындары презентациясына қатысты. Дәл сол жылы университет "Ресей Федерациясындағы білім және ғылым" көрмесіне қатысып, қазақстандық мектептер, колледждер мен университеттердің түлектеріне Оңтүстік Уральскте білім алудың перспективалары жайлы айтып берді.

"Бакалавриатты Қазақстанда – Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде тәмамдадым. Содан кейін оқуымды жалғастырып, дәл сол мамандық бойынша магистратураға түсу туралы шешім қабылдадым. Таңдауым Оңтүстік Уральск мемлекеттік университетіне түсті: қазақстандық оқытушылар Челябинсктегі әріптестермен етене байланыста болатын, кейбірі тіпті ОУМУ-де білім алған, маған осы университеті солар ұсынды", - деді ОУМУ Политехника инститиутының аспиранты Бақыт Сүлеймен (Ақтөбе қаласы).

Аспирант ғылыммен айналысып, өз идеяларын жүзеге асыруды қалайды. Оның айтуынша, студенттер мен аспиранттар халықаралық ғылыми конференцияларға, форумдар мен конгресстерге белсенді қатысады, Ресей мен шетелдің кәсіпорындары, басқа да оқу орындарындағы әріптестерімен өз  жұмыс нәтижелерімен бөлісіп отырады.

© Photo : Предоставлено Южно-Уральским государственным университетом Оңтүстік Уральск мемлекеттік университетінде білім алатын қазақстандық студенттер: Нұрлыбай Қосдәулетов, Бақыт Сүлеймен, Ғалымжан Әділов
Пандемия кезінде шетелдік университетке қалай оқуға түсуге болады - Sputnik Қазақстан
Оңтүстік Уральск мемлекеттік университетінде білім алатын қазақстандық студенттер: Нұрлыбай Қосдәулетов, Бақыт Сүлеймен, Ғалымжан Әділов

"Қазір мен аспирантурада профессор Василий Рощиннің басшылығымен ғылыми зерттеулер жүргізіп жатырмын. Менің ғылыми жетекшім мықты ғылым мектебін құрған, сондай-ақ, ол оқу құралдары мен әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Олармен біз Қазақстанда бакалавриатта оқып жүргенде танысқан едік", - деді Сүлеймен.

Айтуынша, Қазақстанда ресейлік білім, әсіресе мемлекеттік жоғары оқу орнындағы күндізгі оқу бағаланады. Сонымен қатар, Челябинск өнеркәсіп қаласы – бұл жерде металлургия дамыған, ал бұл бағыттағы жетекші оқу орны Оңтүстік Уральск мемлекеттік университеті саналады, сол себепті одан алған білім мен тәжірибе болашақта мансаппен өрлеуге жақсы іргетас болады.

Оңтүстік Уральск мемлекеттік университеті 25 рейтингке енген, соның ішінде 1001+ позициясымен Times Higher Education 2020 жаһандық халықаралық рейтингіне және THE Engineering & Technology пәндік рейтингіне алғаш рет кіріп отыр. THE Impact Ranking жаңа тізімінде университет 401-600 позициясын иеленді, ал жаһандық QS рейтингінде позициясын 801+ деңгейінде сақтады.

Жаңалықтар
0