Әлем

Пандемия білім алуға кедергі емес: қазақстандықтар интернет арқылы оқуға түсе алады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСтудентка в библиотеке
Студентка в библиотеке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік университеттер қашықтықтан оқыту форматында жұмыс істеуді жалғастырып жатыр және шетелдік талапкерлерді қабылдау басталды. Бүгінде қазақстандықтар интернет арқылы ресейлік жоғарғы оқу орнына түсе алады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Красноярсктегі Сібір федералдық университеті (СФУ) – Ресейдің азиялық бөлігіндегі ең ірі білім ордаларының бірі. Ол елдегі ең үздік 20 университеттің тізіміне енген. СФУ ресейлік және шетелдік жүздеген компаниямен серіктестік орнатқан. Бүгінде СФУ өз түлектерінің жұмыс берушілер арасында үлкен сұранысқа ие болуы бойынша алдыңғы он ЖОО қатарында тұр.

Бүгінде университетте 30 мыңнан астам жас азамат білім алып жатыр. Олардың ішінде әлемнің 52 елінен (ТМД, Таяу Шығыс, Африка, Еуропа, Латын Америкасы, Азия) келген мыңнан астам шетелдік студент, тыңдаушылар мен тағылымгерлер бар.

Автобусы, на которых доставляют студентов в Казахстан - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шетелде оқитын 145 студент Қазақстанға оралды
Шетелдік студенттер қатарында Қазақстаннан келген 160 студент бар: 146 студент бакалавриат бойынша негізгі білім беру бағдарламасын меңгеріп жатыр, он бірі - магистратурада және үшеуі – аспирантурада білім алуда. Қазақстандық студенттер үшін химия, биология, металлургия, тау-кен ісі, мұнай-газ ісі, менеджмент секілді бағыттар қызықты болып отыр.

1996 жылға 29 наурыздағы "Экономикалық және гуманитарлық салаларда ықпалдастықты тереңдету жөніндегі Келісімшарт қатысушылары болып табылатын мемлекеттердің азаматтары үшін тең құқықтар ұсыну туралы" үкіметаралық келісімге сәйкес Қазақстан азаматтары үшін бюджеттік негізде білім алу конкурсына ресейлік жастармен тең дәрежеде қатысу мүмкіндігі ұсынылған.

Сонымен қатар, шетелдік талапкерлер ақылы оқу түрін таңдап, кез келген бағыт бойынша оқуға түсе алады. Шетелдік азаматтарды оқуға қабылдау бойынша толық ақпаратты университет сайтынан алуға болады.

Оқуға түсу және оқу кезіндегі қолдау

Шетелдік талапкерлердің оқуға түсу кезінде бонустары бар: ЖОО олардың оқу орнына дейінгі жол ақысын қайтарады және олар үшін медициналық сақтандыру сатып алады. СФУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекшісі Анна Мезиттің айтуынша, жоғары балл алғандар үшін оқу ақысына жеңілдіктер де қарастырылған.

"Университет инфрақұрылымы – біздің мақтанышымыз: 24 оқу корпусы, заманауи әдемі кітапхана, конгресс-холл, көпфункционалды спорт кешені, медициналық орталық. Соңғы бес жылдың өзінде кампус аумағында пәтер типіндегі тоғыз жатақхана бой көтерді. Бүгінгі күні СФУ тұрғын үй қоры 11,5 мың студентке жатын орын ұсынатын 30 жатақхананы құрайды. Бұл басқа қалалар мен шет елдерден келген студенттер үшін баспана мәселесін толық шешіп отыр", - деді ол.

Анна Мезит атап өткендей, СФУ шетелдік студенттерді қолдаумен белсенді айналысады. Университет қызметкерлері қыстық киім таңдаудан, бірге банкке немесе дәрігерге бару секілді мәселелерде көмек көрсетді.

"СФУ-дегі еріктілер орталығы шетелдік студенттер үшін экскурсиялар ұйымдастырып, оларды орыс мәдениетімен таныстырады, әңгімелесу клубтарын ұйымдастырады. Бізде Халықтар достастығы орталығы бар. Бұл шетелдік азаматтардың студенттік бірлестігінде бейімдеу шараларының бүтіндей кешендері жүргізіледі. Бастысы – бір-бірін деген қамқорлық пен достық", - деді ол.

Людмила Коваленко - Sputnik Қазақстан
Болашақ дәрігер өзі таңдаған жоғары оқу орны жайлы не білуі тиіс?
СФУ-де шетелдік студенттер үшін орыс тілін үйрететін дайындау бөлімдері бар. Жыл сайын түрлі елдерден келген студенттер СФУ Филология және тіл коммуникациясы факультетінде тіл тағылымдамасынан өтеді. Онда "Лингвистика" және "Филология" бағыттары бойынша бакалавриат пен магистратура бағдарламаларын кәсіби деңгейде меңгеруге болады.

"Барлық бірінші Курс студенттері үшін университет орыс тілі бойынша тегін бейімдеу курстарын ұйымдастырады: студенттер ғылыми тілді пысықтап, грамматиканы қайталайды", - дейді Анна Мезит.

Оның айтуынша, СФУ-дың барлық шетелдік түлектері өз елдерінде оңай жұмыс табады: аудармашы, инженер, экономист және т.б. қызметтерді атқарады.

«Көп жағдайда біздің студенттер өз елдері мен біздің мемлекет арасындағы өзара ықпалдастықпен айналысады. Көп жыл өткен соң оларды азамат ретінде қалыптасқан бейнеде көру қуантады", - деді ол.

"Шәкіртақы алуға мүмкіндік бар"

Владислава Григоренко СФУ-де білім алу үшін Қазақстаннан келген. Бүгінде ол бакалавриаттың төртінші курсын тәмамдап жатыр. Ол 11 сыныпта жүрген кезде Ресейде оқимын деп шешім қабылдаған. Себебі, мұнда сапалы білім алуға үмітті болған.

© Фото из личного архиваВладислава Григоренко
Пандемия білім алуға кедергі емес: қазақстандықтар интернет арқылы оқуға түсе алады - Sputnik Қазақстан
Владислава Григоренко

Владислава "инновациялық және инвестициялық жобаларды басқару менеджменті" бағытын таңдаған.

"Мұнда экономикалықпен қатар, шығармашылық құрауыштың да бар болғаны үшін осы мамандық мені қызықтырды. Оқу оңай дей алмаймын. Бірақ, барлығын уақытылы орындаса, нәтиже болары анық", - деді ол.

Владислава университет пен қала өміріне белсенді араласады. Бұған дейін ол СФУ-дегі "Алтын" Қазақстан студентерінің одағына басшылық жасады, Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің іс-шараларына, "Ресей студенті" бүкілресейлік ұлтаралық студенттер форумына және тағы басқа жобаларға қатысқан. Оның айтуынша, мұндай жұмыстар студенттерге дамып, қосымша білім алуға, қабілет шыңдауға үйретеді.

"Университетте достарды оңай таптым: мен коммуникабельді адаммын әрі басқа студенттер де ашық-жарқын. СФУ-де өзімді тамаша сезінемін. Бұл оқу процесіне де, қоғамдық өміріме де қатысты. Мұнда жатақханалардағы жағдай да қуантарлықтай. Сондай-ақ, кез келген бағыт бойынша талпыныстар үшін шәкіртақы алуға мүмкіндік бар", - деді ол.

Қазір Владислава магистратураға түсуді жоспарлап жүр. Сондай-ақ, қосымша жұмыс тауып, кейіннен мамандығы бойынша қызметке орналасуды көздеп отыр.

Бүгінгі университет

СФУ – дайындау бағыты кең көпбейінді университет. Мұнда бакалавриат пен мамандықтың 90 бағдарламасы және 144 магистрлік бағдарлама бойынша білім алуға болады. ЖОО-да орыс жән ағылшын тілдерінде оқуға болады.

СФУ-де екі мыңнан астам білікті ұстаз сабақ береді. Олардың 1833-і – докторлар мен ғылым кандидаттары. Жыл сайын университетке 400-ден астам шеттен шақырылған профессорлар дәріс оқиды. Олардың қатарында Англия, Германия, Испания, Қытай, АӨШ пен басқа елдердің жетекші ғалымдары бар.

Сухой фонтан в одном из парков Туркестана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түркістан қаласында жаңа университет ашылды
Университет біліктілікігі жоғары кадарлар дайындайды және инновациялық технологиялар жасайды. ЖОО-ның ғылыми жобалары өнеркәсіптік технологиялар, спутниктік жүйелер, нанотехнологиялар, ауқымды инвестициялық жобаларды экологиялық қамсыздардыруға қатысты.

СФУ – әлемдегі ең танымал бейінді оқу орны болып табылатын InstitutPaulBocuse-пен "Жоғарғы гастрономия мектебі" жобасын жүзеге асыруда. Болашақ түлектр "Менеджмент" мамандығы бойынша ресейлік диплом мен InstitutPaulBocuse халықаралық дипломын алып шығады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның алты жоғарғы оқу орнымен серіктестік орнатқан. СФУ Қазақ ұлттық техникалық университетімен бірлесіп "экология" бағыты бойынша бірлескен магистрлік бағдарламаны жүзеге асыруда. ЖОО-да "Алтын" атты қазақстандық студенттер одағы құрылған. Қазақстанда СФУ Кәсіптік бейімду орталығы жұмыс жасайды.

СФУ Педагогика, психология және әлеуметтану институты мен СФУ Тау-кен ісі, геология және геотехнологиялар институтының қызметкерлері қазақстандық әріптестерімен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді.

СФУ TimesHigherEducation (THE) және QuacquarelliSymonds (QS) рейтинг агенттіктерінің мәліметі бойынша әлемнің ең үздік 10 университетінің қатарына кіреді. Сондай-ақ, физика және инженерлік-техникалық ғылымдар бойынша 801+ орында тұр. Сонымен қатар, бес жекетші ұлттық рейтинг агенттіктерінің нұсқасы бойынша СФ Ресейдегі үздік 20 университеттің тізімінде тұр.

Жаңалықтар
0