Әлем

Түмендіктер Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

© REUTERS / FABRIZIO BENSCHМедицинские работники в масках во дворе больницы с коронавирусом
Медицинские работники в масках во дворе больницы с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түмен тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысындағы көршілері үшін 20 мыңнан астам медициналық бетперде, 5 мың жұп бір рет қолданылатын қолғап, 500 литрден астам антисептик алды

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Ресейдің Түмен облысынан Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберілді.

Бастаманы Қазақстанның Түмен облысындағы Құрметті консулы Владислав Квасов жергілікті қазақ ұлттық-мәдени автономиясымен бірлесіп қолға алды, деп хабарлады Қазақстанның Рсейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек көрсетеді 

20 мыңнан астам медициналық бетперде, 5 мың жұп бір рет қолданылатын қолғап, 500 литрден астам дезинфекциялық және антисептиктер жіберілді.

"Біз Қазақстанның Солтүстік Қазақстан облысындағы көршілерімізге көмек жинауға бір аптадан астам уақыт бұрын кіріскен едік. Осылайша, Түмендегі барлық ұлттың өкілдері Ресей үкіметінің Қазақстанға жаңа коронавирус инфекциясымен күресте көмек көрсету туралы шешімін жаппай қолдады", - деді облыстық қазақтардың ұлттық және мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ибраев.

Жаңалықтар
0