Әлем

Рамзан Қадыровтың қызы лауазымды қызметке тағайындалды

© Sputnik / Vladimir Astapkovich / Медиабанкке өтуЧеченский дизайнер Айшат Кадырова на показе своей коллекции одежды
Чеченский дизайнер Айшат Кадырова на показе своей коллекции одежды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шешенстан басшысы Айшат Қадырованың күрделі жобаларды басқаруда тәжірибесі бар екенін атап өтті

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Шешенстан басшысының қызы Айшат Қадырова Шешенстанның мәдениет министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Рамзан Қадыров хабарлады.

"Айшат Қадырова Шешен Республикасының мәдениет министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп жазды ол Telegram желісінде.

Шешенстан басшысы Қадырованың күрделі жобаларды басқаруда тәжірибесі бар екенін атап өтті. Айтуынша, қызы көптеген елде жақсы бағаға ие болған сән үйін басқарған, Шешенстанның салт-дәстүрлерін бүкіл әлемге көрсеткен.

Сондай-ақ, республика басшысы Қадырованың Шешенстан филармониясының дамуына үлес қосқанын айтты. Осы жылдың наурызында ол "Шешен Республикасына сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

"Кейінгі кездері Айшат мәдениет саласын терең зерттеп жүр, осы бағыттағы танымал және жетекші мамандармен белсенді қарым-қатынаста болды", - деді Қадыров қызы жайлы.

Сонымен қатар қызын бұл қызметке тағайындау туралы шешім Шешенстанның мәдениет министрі Хож-Бауди Дааевтың ұсынуымен қабылданғанын атап өтті.

Жаңалықтар
0