Әлем

Жаңа туған нәрестені 6 ай бойы шкафта жасырған әйелдің әрекеті әшкере болды – видео

© Photo : pixabay.comРука младенца, иллюстративное фото
Рука младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдің құрбылары қонаққа келгенде нәрестені кездейсоқ байқап қалып, дереу полицияға хабар берген

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Ресейдегі Орал тауының шығыс беткейінде орналасқан Карпинск қаласының тұрғыны жаңа туған қызын алты ай бойы шкафта ұстаған. Табылған сәтте нәрестенің хәлі мүшкіл болған. 

"37 жастағы әйел жүктілік кезі мен босанғанға дейін емханада тіркеуде болмаған және дәрігерлерге қаралмаған", – деп хабарлайды Mash Telegram каналы.

Ал әйел босанғаннан кейін баланың қайтыс болғанын айтқан. Таныстары мен туыстарының ешқайсысы оны өтірік айтады деп күдіктенбеген.

Алайда, құрбылары қонаққа келгенде нәрестені кездейсоқ байқап қалып, дереу тәртіп сақшыларына қоңырау шалған.

Ақпарат көзінің дерегінше, нәресте іс жүзінде тамақтанбағандықтан, қатты арықтаған. Қазіргі кезде ол Екатеринбург қаласындағы ауруханада жатыр.

Полиция тергеу жүргізуді бастап, қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Үштөбеде тоңазытқыштан екі жасар баланың денесі табылды: анасы ұсталды

Айта кетейік, күдіктінің бұдан басқа тағы екі баласы – 13 жасар ұлы мен 3 жасар қызы бар. Олар әжесінің қолына берілді.

Жаңалықтар
0