Москва қазақша Анастасия Решетникова мен Елизавета Осипова

Видеоблог авторлары президент алғысына ие болды

44
(Жаңартылды 14:53 17.10.2020)
Қазақстан президенті жоба жетекшілеріне қазақ тілі мен мәдениетін насихаттағаны үшін ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев "Москва қазақша" видеоблогының авторлары Анастасия Решетникова мен Елизавета Осиповамен кездесті. Елші оларға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті, деп хабарлайды Sputnik  Қазақстан.

Мұндай ақпарат елшіліктің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

"Сіздер қазақ тілін жетік меңгеріп, "Москва қазақша" блогының көмегімен оның танымал болуына үлкен үлес қосып келесіздер. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтатын игі істеріңіз қолдауға ие және кеңінен танымал. Қазақ мәдениетін насихаттағандарыңыз үшін өз ризашылығымды білдіремін", – делінген алғыс хатта. 

Ал қыздардың өздері Қазақстан президентінен алғыс хат аламыз деп күтпеген.

"Жобамызды бастағанда мұндай жоғары марапат туралы ойламадық. Біз оны шын пейілмен жасаймыз. Мұндай марапатқа ие болу өте маңызды әрі бұл екіжақты қатынастарды дамыта түседі", – дейді Осипова.

Айта кетейік, Елизавета Осипова мен Анастасия Решетникова Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетін (ММЛУ) бітірген. Олар қазақ тілін шет тілі ретінде оқыған. Оқып, үйренгендерін ұмытып қалмау үшін қыздар 2018 жылдың қараша айында видеоблог жүргізуді қолға алады.

Жоба авторлары Sputnik Қазақстанға университеттегі алғашқы сабаққа дейін қазақша мүлдем білмегендерін айтқан. Сондай-ақ, өткен жылы мәскеулік бойжеткендер халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі сайтында видео түсіріп, қонақтарды Қазақстан павильонына шақырған.

Оқи отырыңыз: "Табиғи әрі дұрыс процесс" Ресей елшісі қазақ тілі туралы ойын айтты

Сонымен қатар, олар Қазақстанға келіп, Алматы мен Шымкент туралы да видео түсірген.

44
Кілт сөздер:
алғыс айту, Мәскеу, қазақ тілі
Тақырып бойынша
Астаналықтар қала тұрғынының қазақ тілі туралы сұрағына ду қол шапалақтады
"Қазақ тілі болуы тиіс" Тоқаев үштілділікке қатысты ұстанымын айтты
Қазақ тілі мұғалімі бар: Қордайда қаза болғандардың аты-жөні жарияланды
Нұр-Сұлтанда қазақ, ағылшын тілі курстары тегін оқытылады
"Қазақ тілі – қазақтың жаны" Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын ашық білдірді
Мәскеудегі АҚШ елшілігі

Ресей елшілігі АҚШ-та алты азаматының айыпталуына қатысты түсініктеме берді

5
Вашингтондағы Ресей елшілігі АҚШ-тың бүкіл әлемдегі хакерлік және тұрақсыздандыру әрекеттеріне қатысы бар деg Ресей азаматтарына таққан айыптарын жоққа шығарады

Бұған дейін АҚШ-тың әділет министрлігі мен федералды тергеу бюросы басқа елдердің инфрақұрылымына шабуыл жасау мақсатында хакерлік шабуылдарға және зиянды бағдарламалардың таралуына қатысы бар деg бес ресейлікті айыптағаны белгілі. Атап айтқанда, оларға 2017 жылы NotPetya вирусының таралғаны үшін айып тағылуда, деп мәлімдеді дипломатиялық миссияның өкілі РИА Новости агенттігіне.

АҚШ-тың болжамынша, бұл адамдар бас барлау басқармасының қызметкерлері және олар Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға кибершабуылдарды ұйымдастырған. Өз кезегінде Ұлыбритания да Ресей барлау қызметі Токидағы Олимпиада ойындарын кейінге қалдырғанға дейін ұйымдастырушыларға кибершабуыл жасауды жоспарлағанын мәлімдеді.

"Мұндай жаңалықтардың шындыққа жанаспайтындығы және америкалық қоғамда көңіл-күйді қоздыруға, тыңшылардың ізіне түсуге бағытталғандығы анық. Мұның бәрі бірнеше жылдан бері Вашингтонның саяси өмірінің айрықша сипатына айналып келеді. АҚШ билігі бір кездердегі прагматикалық Ресей-АҚШ қарым-қатынасын бұзып, өз тұрғындарына Ресейге және онымен байланысты барлық дүниеге қатысты теріс түсінікті жасанды түрде таңып отыр", - деп түсіндірді бұл туралы елшілік өкілі.

Агенттікке сұқбат беруші Ресейдің бүкіл әлемді "тұрақсыздандыратын операцияларға" қатысуға деген ниетінің жоқтығын және болмағанын атап өтті.

"Бұл біздің сыртқы саясатымызға, ұлттық мүдделерімізге, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қалай құрылатындығы жөніндегі таным-түсінігімізге сәйкес келмейді. Ресей басқа елдердің егемендігін құрметтейді және олардың ішкі ісіне араласпайды", - деп толықтырды ол сөзін. 

АҚШ пен Ұлыбританияның ресейлік хакерлерді түрлі шабуылдар, оның ішінде Токио Олимпиадасының ұйымдастырушыларына қатысты әрекетке айыптауы негізсіз екенін және оның ішкі аудиторияға бағытталғанын мәлімдеді.

5
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров

ЕАЭО аясындағы байланысты нығайту мәселесі сөз болды

43
(Жаңартылды 16:20 14.10.2020)
Ресейдің сыртқы істер министрі ТМД елдері арасында экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, білім беру жобалары жүзеге асырылып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ пен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер байланысты нығайтуы керек. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

Ол Sputnik радиосына берген сұқбатында Ресейдің өзара сыйластық негізінде байланыс орнатқан серіктестері бар екенін атап өтті.

"Бізде әскери-саяси саладағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бар. ТМД елдері арасында экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, білім беру жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұған қоса, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ бар екенін білесіздер. Оларды нығайту керек", - деді Сергей Лавров.

Лавров Ресей президентінің тиісті тапсырмасы үкіметте қаралып жатқанын жеткізді

"Әрине, біз бұл жобалардың тартымды, сәтті болуына мән беруіміз керек. Меніңше, Батыстың бізге берген бағасына тәуелді болмауымыз қажет", - деді ресейлік министр

43
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар ЕАЭО-дағы ең бақытты халық атанды – әлемдік рейтинг 
Лавров Ресейде оқитын қазақстандық студенттердің мәселесі бір айда шешілетінін айтты
Әлем бөлектенуден шаршады - Лавров
Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді
Лавров Путиннің мәлімдемесін оқып берді – видео