НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Коронавирус жұқтырған ресейлік әнші Лилия Сабирова босану кезінде қайтыс болды.
Өкпесі зақымданғандықтан, әйелдің жағдайы ауыр болған. Нәресте өлі туды, деп хабарлайды "Россия Татарстан".
Әншінің күйеуі Гадель Галимзянов әйелімен бес жыл отасқанын айтты. Олар баланы тағатсыздана күткен, Джамиль деген есім таңдап қойыпты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Лилия ең мейірімді жан болатын. Бір-бірімізді сүйетін едік. Әрдайым уақытты бірге өткізетінбіз. Лилия бес уақыт намаз оқып, ауыз бекітетін еді", - деді Галимзянов. Лилия Сабированы нәрестемен бірге Қазан қаласында жерледі.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Өскемен тумасы, танымал Stand-up сықақшы Евгений Чебатков ресейлік видеоблогер Юрий Дудьке сұқбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Чебатков бірнеше тілде еркін сөйлейді. Ол тіпті сахнада ағылшын тілінде әзіл айтып, видеолар түсіреді. Сықақшы меңгерген тілдердің қатарында қазақ тілі де бар.
"Қазақ тілінің қуаты мен энергетикасы мықты. Осы үшін қазақ тілін жақсы көремін. Ол эмоцияға толы, мықты тіл. Бұл тілдегі балағат сөздердің өзі басқаша естіледі", - деді Чебатков.
Сықақшы "Борат" және "Борат 2" фильмдеріне қатысты көзқарасымен бөлісті.
"Мен алғаш рет Канадада, колледжде сахнаға шықтым. Сол кезде мен Қазақстан – Борат деген теңеумен келіспейтінімді жеткіздім. Саша Барон Коэн актер ретінде маған ұнайды. Қазір "Борат 2" фильмі жарық көрді. Оны жақсы көңіл-күймен көріп шықтым. Фильм мен Қазақстан арасында ешқандай ұқсастық жоқ. Біз, Қазақстанды жақсы көретін қазақстандықтар, бұл жағдайға күле қарау керекпіз. Фильмде еліміздің атауы мен туы қолдаанылғаны менің намысыма тигені рас", – деді ол.
Дудь сықақшыдан қазір Қазақстандағы болып жатқан шығармашылық жағымды өзгерістер жайлы сұрады.
"Елде таңғаларлық мультимәдени микс пайда болды. Жалпы қазақтар өмірге құштарлығымен ерекшеленеді. Оларды аңыз-тарихтарды әңгімелеуі, өмір сүру салты ерекше" – деп бөлісті Чебатков.
Евгений Чебатков 1990 жылы Өскеменде туған. Ол біраз уақыт АҚШ пен Канада тұрған. Stand-up жанрындағы әзілдерінің арқасында танымал болды.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз - Sputnik. Өз пәтерін жалға берген Ресейдің Челябі қаласының тұрғыны жылжымайтын мүлкі кейіннен бейтаныс әйелге сатылғанын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.
Түмен қаласында тұратын пәтер иесі Дмитрий 2020 жылдың сәуір айында баспананы жалға бермек болған. Пәтерді жалға алған адам екі айдың ақысын төлегеннен кейін байланысқа шықпай қойған. Кейіннен анықталғандай, жалға алушы пәтер иесінің төлқұжат мәліметтерін біліп алып, өз суретін жабыстыру арқылы жасанды құжат әзірлеген. Баспананы 2,4 миллион рубльге сатып жіберу үшін осы мәлімет жеткілікті болған. Сатып алушы мен делдал мұнда бір шикіліктің бар екенінен сезіктенбеген.
Пәтер қожайыны бұл жайлы бірнеше айдан кейін біліп, полицияға шағымданған. Құқық қорғау қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Полицейлердің айтуынша, Челябіде осы тектес бірнеше жағдай тіркелген.
Пәтерде тұруға тыйым салынды. Баспананың кімге тиесілі екенін сот шешеді.
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда №73 лицейде алғашқы оқу күнінде төтенше жағдай болды. Адамдарды эвакуациялуға мектептен шыққан түтін себеп болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екінші ауысым кезінде оқушылар мен мектеп қызметкерлері түтіннің иісін сезген. Кейінірек оқушылар сыртқа шығарылды, оқиға орнына өрт сөндірушілер, полицейлер мен дәрігерлер келді.
"Сағат 15:19-да мектептен қоңырау түсті. Оқиға орнына он құтқарушы мен екі техника жіберілді. Түтін шығуға қысқа тұйықталу себеп болған, ештеңе жанбаған", - деп хабарлады елордалық ТЖ департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектепке материалдық шығын келмеген, кабельдер бүлінбеген. Жағдайға байланысты хаттама толтырылды. Тексерістен кейін барлық оқушы мектепке кірді. Мектеп штаттық режимде жұмыс істейді.
Айта кетейік, карантинге байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр. 4 наурыздан бастап мектепте оқушылар аралас форматта оқиды.