Әлем

Бірлескен оқу-жаттығу барысында "Терминатордың" мүмкіндігі сыналды

© Sputnik / Host photo agency / Ilya Pitalev / Медиабанкке өтуБоевая машина поддержки танков (БМПТ) "Терминатор" во время военного парада Победы
Боевая машина поддержки танков (БМПТ) Терминатор во время военного парада Победы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Челябинск маңындағы полигондардың бірінде танкілер және "Терминатор" ТДЖК танкілерге демеу көрсететін жауынгерлік көліктерінің қатысумен алғашқы бірлескен оқу-жаттығу өтті

ТДЖК Орталық әскери округтің Т-72 гвардиялық дивизиясымен бір құрамда шабуылдап, ауқымды оқ ату әлеуетін көрсетті, деп жазады РИА Новости. 

Қорғаныс министрлігі жариялаған бейнежазбада "Терминаторлар" негізгі тізбектің артында, ауыр броньді машиналар арасындағы аралықта жүреді. Танкілер 125 миллиметрлі мылтықтан оқ атып жатқанда ТДЖК экипаждары ұрыс алаңын мұқият барлап шығады. Қарсыластың сарбазы көзге түссе, олар 30 миллиметрлік қос зеңбіректен оқ атады. Бұл "Терминаторлардың" басты міндеті болып табылады. Яғни, олар гранатометпен және танкке қарсы жүйелермен қаруланған жаяу әскерлерден танкілерді қорғайды.

Команда Казахстана заняла третье место в Танковом биатлоне - Sputnik Қазақстан
Видео
Халықаралық армия ойындары-2019: "Танк биатлонының" финалы - видео
Мамандар жауынгерлік атыс көліктерін жасауға 1980 жылдары кіріскен болатын. Алайда, Шешенстандағы жағдайдан кейін ғана бұл іске үлкен назар аударыла бастады. 1995 жылдың қаңтарында Грозныйды басып алу кезінде танкілер жаяу әскерге қарсы тұруда әлсіз екені байқалды. Жоғарғы ғимаратта отырған жауынгерлер федералдық күштердің броньді техникасын оңай ойсыратып тастады.

ТДЖК-ның "Объект 199 "Рамка" шартты белгісі бар алғашқы прототипі 2001 жылы пайда болды. Көп жыл бойы қорғаныс министрлігі қаржы мәселесіне байланысты бұл машинаны қару-жарақ қатарына қабылдаудан бас тартып келді.

Олар ТДЖК ротасын құруды жоспарлады. Бірақ, бұл техника әскер құрамына кірмеді. Қолбасшылық бұл жоба бойынша жаңа көлік сатып алудан, сондай-ақ, тозығы жеткен танкілерді түрлендіруден бас тартатынын жариялады. Он ТДЖК Қазақстанға сатылды.

Алайда, "Терминаторлар" түрлі халықаралық көрмелерде ел назарына тұрақты қойылып келді. 2017 жылдың жазында бірнеше ТДЖК Сириядағы соғыс қолбасшылығына жөнелтілді. Әскерилер "Терминаторға" көңілі толатынын мәлімдеп, бұл машина ИГ* содырларына қарсы шабуылдау операцияларында қолданылғанын айтты.

Сондықтан, қорғаныс министрлігі "Терминаторларды" әскери техника қатарына қабылдауға бел буды. 2018 жылы машиналар Жеңіс күніне орай Қызыл алаңда өткен шеруге қатысты. Одан кейін техника 90-шы гвардиялық танкілік дивизияға жеткізілді. Оны одан әрі сатып алу бойынша шешім тәжірибелік-жауынгерлік пайдалану қорытындысы бойынша қабылданады.

"Терминатор" Т-72 танкісінің негізгі базасында құрылған. Қарулану блогы мұнараның артқы жағында орналасқан. ТДЖК жаяу әскердің танкіге қарсы шабуыл құралдарына төтеп беруге қауқарлы деп саналады. Экипажы бес адамнан тұрады. Бұл "Терминатор" "басынан аяғына дейін" қарулануына байланысты.

Обострение ситуации вокруг Нагорного Карабаха - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді  
Негізгі қаруы – 30 миллиметрлі 2А42 балқытылған автоматты зеңбірегі. Ол 900 оқ-дәрілі атыс жинағымен қоса жүреді. Мұнарасында қару-жарақтан басқа 7,62 миллиметр калибрлі пулемет те бар. Сонымен қатар, танкілерге қарсы зымырандарын басқару жүйесі, автоматты гранатомет те қарастырылған.

Экипаж "Рамка" оқ атуды басқару жүйесінің арқасында осы арсеналды тиімді пайдаланады. Ол цифрлық баллистикалық есептеуішпен және автоматты нысандарды бағыттауыш автоматтармен жабдықталған. Бағыттауыш тәулік бойы жұмыс жасауға қажеттінің барлығымен жабдықталған: жылу және оптикалық арналар, сілтеуіш аппаратурасы, қашықтықты есептейтін лазерлік жүйе. "Терминатор" жаяу әскерлер, танкілер, жеңіл броньді машиналар, төмен ұшатын тікұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, даладағы бекініс үшін де қолданыла береді.

ТДЖК-ның алғашқы нұсқалары сарапшылар қауымдастығында жиі сынға ұшырады. Терминаторға қатысты негізгі шағымдардың бірі оның барлау аумағын әлсіз көруіне қатысты болды. Мамандардың айтуынша, жаңа машиналар ұрыс алаңында ауыр броньды машиналарға қарағанда көбірек барлай алады. Сонымен қатар, "Терминаторлардың" ұрыс даласында бронды техниканың негізгі қорғаушысы ретінде жаяу әскерді толықтай алмастыра алатынына қатысты күмән көп болды.

Алайда, қазіргі "Терминаторлардың" шолу аумағы үлкен. Қорғаныс министрлігінің кадрларына қарағанда әскери қызметкерлер алғашқы "Терминаторға" басымдық берді. 2013 жылы ұсынылған екінші нұсқада қару аз болған. Яғни, оның үстіндегі автоматты гранатометтер алынып, экипаж үш адамға қысқарды. Ресейлік тапсырыс беруші бұл модернизацияға қызығушылық танытпағанымен, Алжирден сатып алушылар табылды.

Үшінші "Терминатор" қашан пайда болатыны әзірше белгісіз. "Уралвагонзавод" бас директоры 2016 жылы "Армата" платформасында жаңа машина әзірленетінін хабарлады.

Жаңалықтар
0