Әлем

Сарапшы Байденге Ресеймен қарым-қатынас орнату оңайға соқпайтынын айтты

© AP Photo / Andrew HarnikДжо Байден
Джо Байден - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саясаттанушы АҚШ-тың жаңа сайланған президентіне Мәскеумен қарым-қатынас орнату өте күрделі болады деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден Ресеймен қарым-қатынаста Барак Обаманың қателігін қайталамауы керек. Президент Дональд Трамптың экс-көмекшісі Фиона Хилл осындай кеңес берді. Sputnik радиосының эфирінде сарапшы Михаил Нейжмаков осы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді.

Президент Дональд Трамптың бұрынғы көмекшісі, Еуропа мен Ресей бойынша Ақ үйдің экс-директоры Фиона Хилл жаңа сайланған президент Джо Байденді Мәскеумен қарым-қатынаста Американың бұрынғы көшбасшысы Барак Обаманың қателіктерін қайталамауға шақырды. Бұл жөнінде The New York Times басылымы жазды.

Хилл Байденге басқа әдістерді ұстану керек деп санайды.

"Обама Ресейді өңірлік держава деп атап, оны елеген жоқ. Обама әкімшілігі Ресей жайлы көп бас қатырғысы келмеді", - дейді Хилл.

Оның айтуынша, Обама президент болған шақтан бері әлем толық өзгерді.

"Олардың басқаша ойлауына тура келеді", - деп кеңес берді ол жаңа көшбасшыға.

Sputnik радиосының эфирінде Саяси және экономикалық коммуникациялар агенттігінің жетекші сарапшысы Михаил Нейжмаков осы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді.

Тағы оқыңыз: Путин Байденді неге құттықтамады

"Бұл Ресейдің Таяу Шығыс пен Сириядағы операцияларының арқасында Мәскеудің әлемдегі ықпалы артқанын ескеру керектігін білдіріп тұр. Алайда, дәл осы Фиона Хилл өзінің сарапшы қызметінде жүрген кезде Ресей туралы жылы сөйлемегенін бәріміз білеміз. Бұл америкалық сарапшылық және саяси қауымдастықта Ресейдің әлемдегі және посткеңестік кеңістіктегі жағдайларға ықпал ететін қауқары бар екенін мойындайтын адамдардың барын білдіреді. Алайда, бұл дәл осы сарапшылар Ресейге қатысты "жұмсақ" саясатты ұстануды қолдайды деген сөз емес. Олардың Мәскеуге қатысты бұрынғыдан да қатаң әдістерді қолдануды талап етуі ықтимал", - деді Михаил Нейжмаков.

Сондықтан, оның айтуынша, Байденге Мәскеумен қарым-қатынас орнату өте күрделі болады.

"Обама әкімшілігінің "дәуірінен" бері қос елдің қарым-қатынасындағы санкциялар, айыптаулар мен кедергілердің салмағы да ауырлай түсті. Бұл жағдайды ушықтырып отыр", - дейді Михаил Нейжмаков.

Күні кеше сайлаушылардың дауыс беру қорытындысы бойынша Байден қажетті 270 дауыстың орнына 306 дауыс алып, 3 қарашада өткен президент сайлауындағы жеңісін кезекті рет дәлелдеді. Сайлаушылардың дауыс беру қорытындысы 20 қаңтарда бекітіледі, Конституция талаптарына сәйкес, Байденнің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді.

Жаңалықтар
0