Әлем

Ресейде коронавирустан жаппай вакцинациялау басталғалы жатыр

© REUTERS / ANTON VAGANOV "Спутник V" вакцинасы
 Спутник V вакцинасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейде екі вакцина – "Спутник V" және "ЭпиВакКорона" тіркелген, тағы біреуі ақпан айында тіркеуден өтуі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ресейде коронавирус инфекциясынан жаппай вакцинациялау басталады, деп хабарлайды РИА Новости.

Былтыр желтоқсанда елде ауқымды науқан іске қосылды. Ол азаматтардың белгілі бір санатына екпе жасауға мүмкіндік берді. Вакцинация кезінде басымдық дәрігерлерге, мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлерге, сондай-ақ, әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында тұратындарға және созылмалы ауруы бар адамдарға берілді.

Бұған дейін президент Владимир Путин министрлер кабинетімен өткізген жиналыста келесі аптадан бастап Ресей халқын жаппай вакцинациялауды бастау керек екенін және тиісті инфрақұрылым дайындау қажеттігін мәлімдеді.

15 қаңтарда вице-премьер Татьяна Голикова эпидемиологтармен әңгіме барысында дүйсенбі, 18 қаңтарда елде екпе егу науқаны басталатынын растады. Ол Ресейде екі вакцина ресми тіркелгенін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі тамызда коронавирусқа қарсы әлемде алғашқы вакцинаны тіркеді. Екпені Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы әзірледі. Вакцина "Спутник V" деп аталады. Препарат адамның аденовирустық векторларының зерделенген және тексерілген платформасында жасалды. Оның маңызды артықшылықтары – қауіпсіздік, тиімділік және ұзақмерзімді теріс салдардың болмауы.

Тағы оқыңыз: Наурызда қазақстандықтарға жаппай отандық вакцина салына бастайды - Мамин

Кейінірек Ресейде "Вектор" орталығы дайындаған "ЭпиВакКорона" вакцинасы тіркелді.

Тағы бір препарат Чумаков атындағы федералды иммунобиологиялық препараттарды зерттеу және әзірлеу ғылыми орталығында әзірленіп жатыр. Оның құрамында өзінің инфекциялық қасиеттерінен айырылған, бірақ иммундық реакция шақыратын SARS-CoV-2 коронавирусы пайдаланылған. Вакцина 2021 жылдың ақпан айында тіркеледі деп жоспарлануда.

Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург РИА Новости-ге берген сұқбатында екпе ектірген адам коронавирустың ауыр түріне шалдықпайтынын және қоздырғыштың өкпеге ену қатері өте төмен екенін атап өтті. Бірақ антидене деңгейі өте төмен болса, адамда тұмау белгілері пайда болуы мүмкін.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко вакцинаның 1,6 миллионнан астам дозасы айналымға түскенін мәлімдеді. Осы айдың соңына дейін "Спутник V" препаратының тағы екі миллион дозасы жеткізіледі.

Ресейде вакцинация тегін және ерікті түрде өткізіледі.

Жаңалықтар
0