Әлем

Сарапшы "Спутник V" вакцинасының басқа препараттардан айырмашылығын атады  

© REUTERS / TATYANA MAKEYEVAВакцина "Спутник V"
Вакцина Спутник V - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Спутниктің" басқа вакциналарға қарағанда нәтижесі әлдеқайда жақсы екені анықталды, деп атап өтті сарапшы Карлос Сала  

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы бір векторлы препараттарға қарағанда жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Ресей препараты бойынша халықаралық ғылыми сарапшылық кеңестің сарапшысы Карлос Сала осындай мәлімдеме жасады.

"Жоғары тиімділік гипотезасына байланысты біз аденовирустың түрлі векторларын қолдануға әрқашан қызығушылық танытып келдік. Тиімділігіне көзіміз жетті. Себебі, дәл сол платформадағы вакциналармен салыстырғанда нәтижесі әлдеқайда жақсы екені байқалды", - деп РИА Новости сарапшы сөзінен үзінді келтірді.

Сарапшы оны инновациялық деп атады.

"Спутник V" вакцинасы SARS-CoV-2 вирусының тікенді ақуызы орнатылған аденовирусты векторлар негізінде әзірленген. Ал аденовирустарды репликация қабілетінен айырған. Олар генетикалық материалды адам ағзасындағы жасушаларға жеткізуші жүйе рөлін атқарады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады – Цой 

Тамыз айында Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 инфекциясының алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеді. Бұл препарат Гамалея атындағы орталықта әзірленді және Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп өндіріске шығарылды. Оған "Sputnik V" деген атау берілді. Вакцина үш апта аралығымен екі құрауышты ағзаға енгізуді қарастырады.

"ЭпиВакКорона" атты коронавирусқа қарсы ресейлік екінші вакцина – новосібірлік "Вектор" орталығының препараты.

Бұдан басқа, РҒА Чумаков атындағы иммунды биологиялық перпараттарды зерттеу және әзірлеу орталығының "тірі" вакцинасы да клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігіне препаратты тіркеуге арналған құжаттар жолданып қойды.

Бұған дейін Sputnik радиосы Венгрияда реттеуіш "Спутник V" вакцинасын мақұлдауды ұсынғанын хабарлады.

Жаңалықтар
0