Әлем

Ресей сыртқы істер министріне "Барыс" ордені табысталды

© Photo : Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел России Сергей Лавров
Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лавров Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "Барыс" орденімен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа Қазақстанның мемлекеттік наградасы І дәрежелі "Барыс" ордені табыс етілді.  

Награданы Лавровқа Қазақстан Республикасы басшылығының тапсырмасы бойынша елші Ермек Көшербаев табыстады, деп хабарлады Қазақстанның СІМ.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Марат Тәжинді "Барыс" орденімен марапаттады 

"Сергей Лавровты еліміздің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттау оның Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесін бағалау болып табылады", - делінген сыртқы саяси ведомствоның хабарламасында.  

Айта кетейік, 21 қаңтарда Мәскеуде Лавровтың ТМД елдерінің елшілерімен дәстүрлі кездесуі өтті, оған ТМД атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Әңгімелесу барысында 2020 жылы ТМД, ҰҚШҰ және ЕАЭО аясында атқарылған бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылды, ынтымақтастықты дамытудың келесі қадамдары айқындалды.

Жаңалықтар
0