Әлем

Қызымен демалысқа барған әйел қауіпті ауруға шалдықты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуДети в бассейне
Дети в бассейне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отбасы 2020 жылдың қараша айында демалысқа барған кезде жәндік шағып алған. Жаңа жылдан соң қыздың дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Занзибарда демалған Ресейдің Пермь қаласының тұрғыны қауіпті ауру жұқтырды. Әйел мен екі жасар қызында африкалық трипаносомоз - ұйқы дерті анықталды, деп хабарлайды  Ura.ru.

Отбасы 2020 жылдың қараша айында демалысқа барған кезде жәндік шағып алған. Жаңа жылдан соң қыздың дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілді. Дәрігерлер бала мен анасының ағзасында цеце шыбынының ізін анықтады. Ол трипаностың тропикалық паразиті.

Қазіргі уақытта қыз жергілікті ауруханада жатыр. Анасы бала тек дәрі-дәрмек көмегімен өмір сүріп жатқанын айтады. 

Алдағы уақытта Мәскеуде емделуге апармақ.

Африкалық трипаносомоз өлімге әкеп соғатын тропикалық дерт. Цеце шыбыны шаққан жерде қызыл жара пайда болады. Бірнеше аптадан соң дене қызуы көтеріліп, бұлшықет, буындар мен бас ауырады. Жүйке жүйесіне, ұйқы режиміне, адамның сөйлеу, қозғалу қабілетіне кесірін тигізеді. Ауру асқынса, бірнеше жылдан соң науқас қайтыс болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0