Үй, балкон

17-қабаттан құлап, арбадағы нәрестені өлтірді: ер адамның кім екені анықталды

7333
Биіктіктен құлаған ер адам оқиға орнында, ал арбадағы бес айлық нәресте жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан — Sputnik. Ресейдің Воронеж қаласында ер адам 17-қабаттан құлап, аулада арбада болған баланың үстіне түсті. Терезеден құлаған адам Воронеж мемлекеттік өнеркәсіптік-гуманитарлық колледжінің 20 жастағы студенті екені анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.

​Интернетте оқиғаның видеосы пайда болған еді. 

​Ақпарат көзінің дерегінше, оқиға бейсенбі күні болған. Ал құтқарушыларға қоңырау 17:03-те түскен.

"Биіктіктен құлаған ер адам оқиға орнында, ал арбадағы бес айлық нәресте жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды", – делінген ақпаратта.

Жергілікті басылымының хабарлауынша, қайтыс болған нәресте отбасындағы жалғыз бала болған,

7333
Кілт сөздер:
ер адам, нәресте, Ресей
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ерлі-зайыпты балконмен бірге құлап кетті - видео
Шымкентте ер адам 11-қабаттан құлап кетті
Нұр-Сұлтанда селфи жасамақ болған жігіт көпірден өзенге құлап кетті
Өрттен қашқан алматылық балконнан құлап кетті
Павлодар тұрғыны ыстық су құбыры жарылған жердегі шұңқырға құлап кетті
Терезеге қарап тұрған ер адам

Екі қызды зорлағаны үшін сотталған маньяк үйленеді видео

445
(Жаңартылды 16:43 05.03.2021)
Бостандыққа шыққан ер адам зардап шеккендерден кешірім сұрап, балаларын табуға ниет білдіріп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Жетпіс жастағы Виктор Мохов үйіне оралғанын айтты. Ол үйленетін ойы бар екенін жеткізді.

"Скопин маньягі" жазасын өтеп шыққан болатын. Ол 20 жыл бұрын екі қызды қамауда ұстап, зорлаған үйіне қайтып келді. Журналистерге сұқбат беріп те үлгерген.

"Үйленуге барамын. Жас әжей тауып алдым", - деді ол РЕН-ТВ арнасына.

Бостандыққа шыққан ер адам зардап шеккендерден кешірім сұрап, балаларын табуға ниет білдіріп отыр.

Скопин маньягі

2000 жылы Скопин қаласында слесарь Мохов 14 және 17 жастағы екі қызды ұрлап, төрт жылға жуық жертөледе ұстады. Тұтқында болған кезде оның бірі еркінен тыс одан екі рет босанды, қылмыскер балаларды алып кетіп отырған. Ол кезде жасөспірім Екатерина екінші бойжеткенді босандырып алған.

Мохов қыздарды аштықта ұстап, жарықсыз қалдырған. Резеңке шлангамен ұрып, бөлмеге көзден жас ағызатын газ шашқан. Құрбандар толық қараңғыда отырған, арасында ғана таза ауаға шыққан.
Қыздар хат жазып, оны ғажайып жолмен сыртқа беріп жіберген. 2004 жылдың 4 мамырында олар бостандыққа шықты.

Скопин аудандық соты 2005 жылы 30 тамызда Моховты 17 жылға бас бостандығынан айырды, ол қатаң режимдегі колония жазасын өтеді.

Пугачев аудандық сотының 2012 жылдың 24 шілдедегі өзгерістерін ескере отырып, бұл мерзім 16 жыл 10 айға дейін қысқартылды.

Қыздарды ұрлауға көмектескен маньяктың серіктесі Елена Бадукина бес жарым жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеді.

Виктор Мохов 2021 жылдың 3 наурызында бостандыққа шықты.

445
Кілт сөздер:
зорлық-зомбылық, Ресей, маньяк
Тақырып бойынша
"Қауіпті ресейлік маньяк Қазақстанда жасырынуы мүмкін": полиция түсініктемесі
Үштөбеде оқушыны зорлады деген күдікке ілінген мұғалімдерге қатысты ақпарат жарияланды
Әйелдерді зорлап, өлтірген: Шымкентті дүрліктірген екі маньяк қалай ұсталды
Екі қызды 4 жыл бойы қамауда ұстаған маньяк бостандыққа шыққалы жатыр
"Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады
Чебатков – стендап для мозга / вДудь

Танымал әзілкеш: қазақ тілін жақсы көремін

73
(Жаңартылды 13:36 04.03.2021)
Ол бірнеше тілде еркін сөйлейді. Ағылшын тілінде әзіл айтып, видеолар түсіреді. Сықақшы меңгерген тілдердің қатарында қазақ тілі де бар

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Өскемен тумасы, танымал Stand-up сықақшы Евгений Чебатков ресейлік видеоблогер Юрий Дудьке сұқбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Чебатков бірнеше тілде еркін сөйлейді. Ол тіпті сахнада ағылшын тілінде әзіл айтып, видеолар түсіреді. Сықақшы меңгерген тілдердің қатарында қазақ тілі де бар.

"Қазақ тілінің қуаты мен энергетикасы мықты. Осы үшін қазақ тілін жақсы көремін. Ол эмоцияға толы, мықты тіл. Бұл тілдегі балағат сөздердің өзі басқаша естіледі", - деді Чебатков.

Сықақшы "Борат" және "Борат 2" фильмдеріне қатысты көзқарасымен бөлісті.

"Мен алғаш рет Канадада, колледжде сахнаға шықтым. Сол кезде мен Қазақстан – Борат деген теңеумен келіспейтінімді жеткіздім. Саша Барон Коэн актер ретінде маған ұнайды. Қазір "Борат 2" фильмі жарық көрді. Оны жақсы көңіл-күймен көріп шықтым. Фильм мен Қазақстан арасында ешқандай ұқсастық жоқ. Біз, Қазақстанды жақсы көретін қазақстандықтар, бұл жағдайға күле қарау керекпіз. Фильмде еліміздің атауы мен туы қолдаанылғаны менің намысыма тигені рас", – деді ол.

Дудь сықақшыдан қазір Қазақстандағы болып жатқан шығармашылық жағымды өзгерістер жайлы сұрады.

"Елде таңғаларлық мультимәдени микс пайда болды. Жалпы қазақтар өмірге құштарлығымен ерекшеленеді. Оларды аңыз-тарихтарды әңгімелеуі, өмір сүру салты ерекше" – деп бөлісті Чебатков.

Евгений Чебатков 1990 жылы Өскеменде туған. Ол біраз уақыт АҚШ пен Канада тұрған. Stand-up жанрындағы әзілдерінің арқасында танымал болды.

73
Кілт сөздер:
әзілкеш, қазақ тілі
Тақырып бойынша
"Қабатовтың көлігімен адам қақты": әзілкеш ақпаратқа түсініктеме берді - видео
Танымал КВН ойыншысы басшылық қызметке тағайындалды
Қайтыс болған бұрынғы КВН ойыншысы сырқаты туралы бір жыл бұрын білген
Белгілі ресейлік әзілкеш қайтыс болды
Танымал әзілкеш көшеде би биледі – видео
Шымкент қаласы

Шымкенттің бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

0
Бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Түлебаев жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Шымкент қаласының аумағында 2021 жылдың 8 наурызы сағат 00:00-ден бастап 2021 жылдың 29 наурызы сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген құжатта. 

Айта кетейік, бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады. Басқа шараларды, соның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, құдалық, беташар және тойды өткізуге болмайды.

Ашық алаңда және ғимаратта орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарын 50 процентке дейін толтыруға рұқсат беріліп отыр. Алайда жалпы адамдар саны 50-ден аспауы тиіс. Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары да жұмыс істейді. Адам санына қарай шектеу бар.

Жанар-жағармай станциялары мен ондағы дүкендер, автоэкспресс, автожуу, көліктер, сағаттар, телефондар, компьютерлер мен аяқкиім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері мен туристік базалар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, спорттық шаралар өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бірақ көрермен саны ғимарат сыйымдылығының 20 процентінен аспауы қажет. Ал кеңсе қызметкерлерінің 30 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшірілуі шарт.

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін республика бойынша коронавируспен 216 467 адам тіркелген. Соңғы бір тәуліктің ішінде ПТР-тест арқылы тағы 857 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде Шымкент қаласында тіркелген 27 науқас бар.

 

0
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы